Химиялық байланыстар



бет6/6
Дата15.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#115352
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
хим приз

Сутектік байланыс


Сутектік байланыс табиғатта кең таралған және оның көптеген химиялық және биологиялық процестер үшін маңызы зор. Сутектік байланысты тек молекуласындағы сутек атомы күшті электртерістілікті атомдармен (F, О, Cl, N, S, және т.б.) байланысқан зат қана түзе алады. Сутектік байланыс тек молекулааралық қана (әртүрлі молекулалар арасында) болмай, ол бір молекуланың ішінде де (бір молекула ішіндегі әртүрлі топтар арасында) бола алады. Сутек атомы – ішкі электрондық қауызы жоқ және өте кіші өлшемде болғандықтан, көрші теріс полюстенген атомның электрондық қауызы ішіне еніп кетуге қабілетті

Заттардың агрегаттық күйі. Кристалдық тор типтері


1. Газ түріндегі күй: Газдағы молекулалар бірінен бірі алыс орналасады. Сондықтан газды күй, сұйық және қатты күйлермен салыстырғанда, ең кіші молекулааралық әрекеттесу күшімен сипатталады. Газ өзі орналасқан ыдыстың түрпішінін қабылдайды.
2. Сұйық күйі: Сұйықтағы молекулааралық әрекеттесу күші, газдағымен салыстырғанда үлкен, әйтсе де ол әлі түрпішіні мен көлемін сақтау үшін жеткіліксіз.
3. Қатты күй: Қатты заттардағы бөлшектер біріне бірі өте жақын орналасқан, олардың арасындағы әрекеттесу күшінің үлкендігі соншама, қатты заттың белгілі көлемі мен түрпішіні болады. Қатты күй кристалды және аморфты бола алады.
4. Плазмалық күй: Ионданған газ, ондағы оң және теріс электрлік зарядтардың көлемдік тығыздылықтары тең (бұл ғарыштық кеңістік үшін басым, тән). Химиялық табиғаты жақын кейбір заттар бірдей кристалдық құрылым түзеді. Мұндай заттарды изоморфты деп атайды. Мұндай құрылымдардағы бөлшектер бірін-бірі алмастыра алады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет