Химиялық байланыс дегеніміз не? Хим.байланыс түрлері
Октет ережесі
Заттардың агрегаттық күйі
Химиялық байланыс туралы ілімнің дамуы
Химиялық байланыс туралы ілімнің дамуы
Химиялық байланыс туралы ілім − қазіргі химияның негізгі проблемаларының бірі. Өйткені не себепті атомдардың бір-бірімен әрекеттесіп заттар түзетінін және олардың түзілу механизмдерін білмей тұрып, заттардың құрамын, құрылысын, реакцияласқыштық қабілетін білуге болмайды.Химиялық байланыстардың түзілу механизмін түсіндіру электрон ашылғаннан кейін ғана мүмкін болды.
Химиялық байланыстардың түзілу механизмін түсіндіру электрон ашылғаннан кейін ғана мүмкін болды.
1916 жылы неміс ғалымы В.Коссель бір элементтің электрон беруі, екінші элементтің осы электронды қосып алуынан түзілген иондардың арасындағы тартылыстың нәтижесінде химиялық байланыс түзіледі деген теориясын ұсынды.
В.Коссель идеясы байланыстың иондық теориясын жасауға негізгі тірек болды. Бірақ бұл теория да бірдей атомдардың арасындағы байланыстың табиғатын түсіндіре алмады.
Сол жылы американдық ғалым Г.Льюис әрекеттесетін атомдардың дара электрондарын ортақтастырудың нәтижесінде түзілген екі атомға да бірдей ортақ қос электрондар арқылы химиялық байланыс түзіледі деген теориясын ұсынды. Коссель мен Льюис теорияларын химиялық байланыс теориясының екі жағы деп қарастыруға болады. Өйткені Коссель теориясы бойынша химиялық байланыс (иондық) электрон беру, қосып алу нәтижесінде болған иондар арасында түзіледі, ал Льюис теориясы бойынша химиялық байланыс екі элементтің ортақтастырылған қос электрондары арқылы түзіледі.Қазіргі кезде қолданылатын химиялық байланыс туралы ілім Коссель мен Льюис теориялары негізінде дамыды.
Молекулалардың, иондардың, радикалдардың, сондай-ақ кристалдардың түзілуіне әкелетін атомдардың әрекеттесу құбылысын химиялық байланыс деп атайды.