«Химиялық-фармацевтикалық өндірістің үдерістері мен аппараттары»



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата01.04.2023
өлшемі245,51 Kb.
#78299
1   2   3   4
Байланысты:
5 жұмыс Абсорбция үдерісі

Жұмыстың мақсаты: бағананың бос қимасындағы ауаның жылдамдығы w
0
мен 
қондырманы суландыру тығыздығы Г, м
3
/(с∙м
2
) (ауа ағынының көлемдік жұмсалу 
мөлшерін V және қондырманы суландыруға қажетті судың жұмсалу мөлшерін оқытушы 
береді) шамаларын тәжірибе жүзінде өлшеу негізінде массаөту коэффициентінің 
мәнін есептеу. Құрғақ және суландырылған қондырмалардағы қысымдар өзгерісін өлшеу 
арқылы алынған тәжірибе нәтижелерінің ауа ағыны жылдамдығынан тәуелділік графигін 
тұрғызу.
1.1.2 Абсорбциялық қондырғының сипаттамасы 
Абсорбциялық қондырғының негізгі бөлігін Рашиг сақиналарымен толтырылған 
қондырма қабаты бар бағаналы абсорбер (1) құрайды. Абсорбердің төменгі бөлігінен 
құрамында аммиак қоспасы бар ауа ағыны жіберіледі. Бағананың жоғары бөлігінен 
қондырма қабатына үздіксіз су ағыны жіберіледі. Су ағыны қондырмадағы барлық 
сақиналардың бетімен жанасып, төмен қарай қозғалған сайын, жоғары қарай қозғалған 
ауа-аммиак қоспасымен әсерлесіп, нәтижесінде аммиак су құрамына өтеді.
Ауа ағыны абсорберге орталықтан тепкіш желдеткіш (2) көмегімен беріледі. 
Орталықтан тепкіш желдеткіш зертхана бөлмесінен тысқары жерде ауа жіберілетін 
құбырдың соңында орнатылғандықтан, зертханалық бөлмедегі атмосфералық қысымға 
қарағанда қондырманың ішкі бөлігінде біршама сиретілу жағдайын тудырады. Бөлмедегі 
ауаны желдеткіш көмегімен сору мезетінде баллондағы (3) аммиактын біраз мөлшерін 



ауаға жіберу арқылы ауа-аммиак газдар қоспасы дайындалады. Аммиак бар баллон 
зертханалық бөлмеден тысқары жерде орнатылады. 
Ауаның, аммиактың, судың жұмсалу мөлшері ағынның бағытын, шапшандығын 
көрсететін аспаптар (4, 5, 6) көмегімен өлшенеді.
Абсорберге жіберілетін және одан шығарылатын аммиак концентрациясы 
газталдағыш (7) және қосымша аспап (8) көмегімен өлшенеді. 
Дифференциалды манометрлер (9, 10) құрғақ және суландырылған қондырмалар 
арқылы ауа ағыны өткен мезеттегі статикалық қысымдардың айырымын және бағананың 
төменгі бөлігіндегі сиретілу шамасын өлшеу үшін қолданылады.
1-сурет. Абсорбциялық қондырғының сызба-нұсқасы:
1 – керамикалық қондырмасы бар абсорбциялық бағана; 2 – орталықтан тепкіш 
желдеткіш; 3 – аммиак баллоны; 4, 5, 6 –ауаның, аммиактың, судың жұмсалу мөлшерін 
көрсететін аспаптар; 7, 8 – абсорберге жіберілетін және одан шығарылатын аммиак 
концентрациясын өлшейтін аспаптар; 9, 10 – дифференциалды манометрлер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет