Экология және химия (кафедрасы) ________________ Бейорганикалық химия II_________________
(пәні)
№_2_ Дәріс
2 академиялық сағат
Мақсаты.
Студенттерді химиялық реакция жылдамдықтарымен таныстырып, реакция жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсерлерін қарастыру.
Жоспар:
Химиялық реакциялардың жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсері
Заттардың табиғатының әсері
Реакция жылдамдығына концентрацияның әсері
Реакция жылдамдығының температураға әсері
Реакция жылдамдығына катализатор әсері
Химиялық реакция жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсері
Заттардың табиғатының әсері: Заттың табиғатының химиялық реакция жылдамдығына әсері үлкен. Бұрын айтып кеткеніміздей кейбір реакциялар өте тез жүреді. Мысалы,
2Rb + 2Н2О → 2 RbОН + Н2 (қопарылыс беруі)
Ag + Н2О = реакция өте баяу жүреді, айлап, жылдап өтеді.