Реакцияның жылдамдығы белгілі бір уақыт үшін ғана өлшенеді. Реакцияның орташа жылдамдығы берілген уақыттағы τ2- τ1 концентрациясының с1-с2 өзгеруімен өлшенеді. Оны мына формула бойынша табады:
V= с1-с2 / τ2- τ1
Норвегия ғалымдары Гульдберг пен Вааге химиялық кинетика үшін әрекеттесуші массалар заңын ашты (1867ж).
Химиялық реакциялардың жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрациясының көбейтіндісіне тура пропорционал болады. Мынадай реакция жүреді делік:
mA + nB = cC
Бұл реакция үшін әрекеттесуші массалар заңының математикалық өрнегі былай жазылады: