Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде адамның денсаулық жағдайымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды,қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
Жұмысшыға нақты жағдайларда жарақат немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса қауіпті
Ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса зиянды болып саналады.
Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады
Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б.
2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар.
3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.
4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б.
Еңбек ауырлығы ұғымы
Еңбек қалай биологиялық категория болса, дәл солай әлеуметтік те категория болып табылады, сондықтан да нақты өндірістік жағдайда еңбекті зерттеу, жұмысшыға әсерін тигізетін әлеуметтік факторларды ескере отырып іске асырылуы тиіс.