4. Ерітіндідегі тұз қышқылының концентрациясын анықтау Түз қышқылының концентрациясы күйдіргіш калий ерітіндісімен титрлеу арқылы анықталады. Ол үшін зерттелетін тұз қышқылы ерітіндісін (Лаборанттан алады) 100мл-лік өлшеуіш колбаға құйып, белгісіне дейін дистилденген сумен жеткізеді де араластырады. Пипеткамен 10 мл зертелетін ерітіндіні титрлеуге арналған колбаға қүйып, 3-4 тамшы фенолфталеин тамызады да бюреткадағы NaОН-тың ертіндісімен титрлейді. Титрлеу 3 рет жүргізіліп, титрлеуге кеткен көлемнің орташа мәнін алады.
№
V(HCl) мл
V(NaOH) мл
1
5,0
15,65
2
5,0
15,65
3
5,0
15,55
V орта = 15,62мл
С(HCl)=
C(HCl)=
m=
m(HCl)=
Қорытынды Қазіргі таңда егеменді еліміздің өркендеп, ғылыммен техниканың дамыған заманында болашақ қоғам иесі оқушыларға осыған лайықты жан-жақты білім беру және оларды дамыту мәселесі алға қойылып отыр. Мектеп қабырғасында орта білім саласының бір түрі химия пәні болса, бұл пәннің оқушыларға ғылыми ұғым беріп, оны іс-әрекетте қолдана білуге үйрету негізгі мәселелердің бірі.Зерттеу барысында бұл мәселені тиімді шешу үшін тек оқулық пен оқу құралының мазмұндық-құрылымдық тұстарын дидактикалық тұрғыдан саралап қана қоймай, осылардың байланысы арқылы білім берудің әдіс тәсілдеріне тоқталдық.
Оқулық пен оқу құралының байланысы арқылы олардың мазмұн сабақтастығын жүзеге асыра отырып білім беруде негізгі мақсаттың біріоқушылардың өзіндік іс-әрекетіне, яғни өзіндік жұмыс түрлерін орындай отырып, білімді ізденушілікпен өздігінен меңгеру мәселесін саралап көрсету болды.Сондықтан да, зерттеу нәтижесі мына төмендегідей қорытынды жасауға негіз болды:
- оқулық пен оқу құралының мазмұндық сабақтастығы бойынша білім берудің оқушылардың теориялық және практикалық дайындығына тигізетін тиімді жақтары талданды.
- оқулық пен оқу құралының сабақтастығы кезінде оқушылардың
атқаратын өзіндік жұмыстарының түрлері мен оларды сабақ барысында және сабақтан тыс кездерде қолданудың жүйесі жасалды.
- зерттеу негізінде ұсынылған әдістер мен өзіндік жұмыс түрлері эксперимент арқылы өткізіліп, оның нәтижесі қортындыланды.
Болашақта бұл мәселені тереңдете қарастыруды жалғастыруға мүмкіндік бар деген тұжырым айта аламыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж.
2. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г.
3. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж.
4. Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж.
5. Шоқыбаев Ж.Ә. Химия. Жоғарғы оқу орындарына түсушілерге
арналған кӛмекші құрал. – Алматы: Мектеп,1986.
6. Шаповаленко С.Г. Методика обучения химии.-М.: Учпедгиз, 1963.
7. К. Аханбаев. Химия. Алматы, «ана тілі», 1993
8. Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж
9. Мaнсуровa З.A. Химия и химическaя технология.2017.
10. А.А.Ищенко. Аналитикалық химия