Катализдік риформинг – мұнайды тікелей айдау әдісімен өндірілген бензин және лигроин
өнімдерін қайта өңдеу бензиннің октан санын жоғарылату және дара ароматты көмірсутектерін:
бензол, толуол және ксилолдарды өндіру. Риформинг процесінде катализатор бір мезгілде
циклогександарды дегидрлеп, ароматты
көмірсутектерге,
парафиндерді
олифиндерге,
қалыпты
парафиндерді изомерленіп, изопарафиндерге
айналдырады. Осы күрделі процестер бензин құрамындағы ароматты көмірсутектер және
құрылысы тарамақты парафиндерді көбейтеді.
Риформинг гомологты (ковалентті байланыс түзетін электрон қосағын ажыратып, химиялық
байланысты үзіп өтетін реакциялар) және гетерогенді реакциялар комплексі, бифункционалды
катализаторлармен тез жүретін процесс. Риформинг екі түрге бөлінеді – платформинг және
гидроформинг. Платформинг процесі фторланған алюминий оксидіне енгізілген платина
катализаторының қатысуымен жүреді, платина - гомогенді реакциялардағы электрондардың
ауысуын жылдамдатады, ал фторланған алюминий оксидіндегі қышқыл орталығы қышқылдық –
негіздік әрекеттесу жылдамдығын арттырады.
Процесс қозғалмайтын катализатор қабатында 480-510
0
С және құрамында сутек араласқан газдар
2-4
мПа қысымда жүреді. Осы жағдайдағы процестің негізгі өнімдері: бензол, толуол және ксилол. 5
мПа қысымда өндірілген бензиннің октан саны 98, этил сүйығы қосылса – 100 немесе одан да
үлкен болады. Платформинг бензині тұрақты, себебі – бензиннің құрамындағы олифиндер
және күкіртті қосылыстар гидрленеді.
Катализдік риформинг процестерінің нәтижесінде сұйық өніммен қатар құрамында: сутек, метан,
этан, пропан, бутан араласқан газ да бөлінеді. Бұл көмірсутектер органикалық және
бейорганикалық синтездерде қолданылады (ароматты, метанолды және т.б. қосылыстарды
синтездеуге). Катализдік риформингте газ шығымы 5-15% .
Гидроформинг алюминий-молибден катализаторының жалған сұйықталған қабатында 1,7-1,9
мПа қысымда, сутек араласқан газдардың тигізетін әсерімен жүретін технологиялық процесс.
Процесс нәтижесінде түзілген сұйық өнім ректификацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: