гидороксиді, 2,2-2,3% күкірт және 62-63% судан тұратын дайындалған иірілетін ерітінді иіргіш
машинасына келеді.
Вискоз өндірісінде көптеген әр түрлі материалдар өндіріледі. Жібек және штапель
кеэдемелері, арқан есетін материалдар мен маталар, жұқа целлофан жасанды каракол.
Вискоз талшықтары органикалық еріткіштерде және 100-120
0
С температураға дейін
қыздыруға төзімді келеді. Негізгі кемшіліктері -сілтілерде және дымқыл күйінде беріктігі 40-50%
төмендейді.
Синтетикалық талшықтарды синтетикалық полимерлерден өндіреді. Олар – гетеротізбекті
(полимерлерден, полиэфирлерден, полиуретандардан
және т.б.) және
карботізбекті (полиакрилонитил,
политетрафторэтилен,
полипропилен және т.б.) болады. Полиамид
шайырын (поликапроамид)
балқыған күйінде пішіндеу арқылы капрон талшығын алады,
бастапқы шайырды тұйық
тізбекті капролактам
мономерін (лактам Е –аминокапрон қышқылы) термиялық
полимеризациялау әдісімен алады.
Процесс судың қатысуымен жүреді, су тұйық тізбектің ашылуына және
полимеризациялануына жағдай туғызады.
Поликапроамид (капрон)
Полимеризация, сатылау механизмімен жүретін болғандықтан, тізбектің ұзартылуы
сірке
қышқылымен реттеледі.
Капрон өндірудің үлгісі. Капролактам 5-10% су және сірке қышқылының қоспасы күйінде таза азот
атмосферасында (1,2 аппаратта) балқытылып дозалау
сорғышы тәрізді (4) қондырғыға
жіберіледі. Қондырғы органикалық жылу тасығышпен 250
0
С температураға дейін қыздырылады.
Балқыған тұтқыр полимер фильтр (5) -ге келіп сүзіліп, сорғалаған күйінде шахтаға (6) келіп
ауамен салқындап қатаяды, қабылдау валиктер (7) көмегімен бобинаға (8) келеді. Осыдан кейін
талшық созылу және бұрау операциясынан өтіп, жуылады, құрғатылады және майлап қайта
оралады (перемотка).
Капрон және басқа полиамид талшықтары берік, мықты, иілгіш эластикалық қасиеттері
жоғары және сілтілерге, көмірсутектеріне спирттерге, кетондарға, микроорганизмдерге төзімді және
көгермейді (зең пайда болмайды).
Капрон жоғары сапалы арқан, парашюттер, қозғалтқыш белдік және т.б. техникалық
бұйымдар дайындауға қолданылады.
Лавсан полиэфир талшығы- терефтал қышқылының диметил эфирін
поликонденсациялау процесінен өндіріледі. Технологиялық процесс үш сатыда жүреді. 195
0
С
температурада
магний
оксиді (катализатор)
қатысуымен
терефтал қышқылының
диметил эфирі этилен гликолде еріп,
перезтерифракцияланып ( қайта эфирлендіру) терефтал қышқылының дигликол эфирі
түзіледі.
280
0
С температурада
және
жоғары вакуумде
(1
мм
сн.б.) балқыған
эфир
сүзілгеннен
соң
поликонденсацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: