Химиялық-технологиялық үдерістердің негізгі заңдылықтары. Хтү-дің термодинамикасы және кинетикасы



бет3/5
Дата03.12.2023
өлшемі21,96 Kb.
#133448
1   2   3   4   5
Байланысты:
Õèìèÿëû?-òåõíîëîãèÿëû? ?äåð³ñòåðä³? íåã³çã³ çà?äûëû?òàðû. Õò?-ä³

Химиялық реакцияның тепе-теңдігі

Технологиялық процестердегі тепе-теңдік және оған әсер ететін факторлар.
Химиялық реакциялар қайтымды және қайтымсыз болып бөлінеді.
Шындығында барлық реакциялар қайтымды. Берілген жағдайда байланысты (Т,Р,С) реакция тура және кері жүре алады. Дегенмен көптеген химиялық реакциялар бір бағытта өте аз жылдамдықпен (іс жүзінде ноль жылдамдықпен) жүре алады, сондықтан мұндай реакцияларды шартты түрде қайтымсыз реакция деп санайды.

Мысалы, Әк «сүтінің» СО2-ні сіңіру реакциясы
CO2 + Ca(OH)2 → CaCO3 + H2O

Іс жүзінде қайтымсыз, өйткені түзілген CaCO3 суда аз ериді, сөйтіп тұнбаға түседі. Технологиялық процестерді іске асырғанда ең алдымен мынаны білу керек:




  • Таңдап алған шикізатты өңдегенде қандай реакция жүреді (қайтымды-қайтымсыз).

  • Берілген өнімді қамтамасыз ететін негізгі реакция қаншалықты терең жүреді.

  • Мақсатты өнімінің максималды шығымы қандай.
    Негізгі реакцияның қаншалықты терең жүретінін реакцияның тепе-теңдік орнау жағдайларынан білеміз. Сондықтан тепе-теңдікте жүретін реакцияға оптималдық жағдайларды орнатуды білу керек.

Жылжымалы тепе-теңдік

- тура және кері жүретін процесстер жылдамдығы теңескенде орнайды. Тепе-теңдікті бір жағына жылжыту үшін реакцияға қатынасушы заттың біреуінің концентрациясын өзгерту керек.

Тепе-теңдіктегі мына теңдеуді қарастырайық

А+Б = В+Г қайтымды реакция

V1=K1[A][Б]; V2=K2[B][Г]


  • Химиялық тепе-теңдік кезінде V1=V2демек K1[A][Б]= K2[B][Г] болады.

      =


  • K1, K2 тұрақты шамалар; К-ны тепе-теңдік тұрақтысы дейді.

      K=


  • К-ның физикалық мәні концентрация бірге тең болғанда, температура тұрақты болғанда, тіке реакцияның кері реакциядан неше есе жылдам жүретінін көрсетеді. К концентрацияның өзгеруіне байланысты өзгермейді, бірақ температураға тәуелді.

  • Химиялық реакцияның тепе-теңдігіне әсер ететін параметрлер:

  • Температура;

  • Қысым;

  • реакцияға түскен заттардың концентрациясы.
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет