Химиялық-технологиялық үдерістердің негізгі заңдылықтары. Хтү-дің термодинамикасы және кинетикасы



бет2/6
Дата14.02.2023
өлшемі393,09 Kb.
#67950
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 лекция ОХТ

Реакция молекулярлығы

  • Реакцияға түсетін молекулалар саны реакцияның молекулярлығын көрсетеді.
  • Егер реакцияға бір молекула түсетін болса, ол бірмолекулярлы реакция деп аталады.
  • t0 h

    А  В Вг2  2Вг

    a) мономолекулярлы: А  В + С - реакции изомеризация реакциясы, термиялық ыдырау:

    бутан  изобутан

  • бимолекулярлы: А + В  С  ең кең таралған реакция типі
  • Н2 + Вг2 = 2НВг

  • тримолекулярлы: А + 2В  С, 3А  В  өте сирек кездеседі
  • NO + NO+ O2 = 2NO2


Реакция молекулярлығы

Жалпы
формула

Мысалдар

1

А → В + С

I2 = I + I

2

А + В → С

HI + HI = H2 + I2

3

А + 2В → С

2NO + O2 = 2NO2

Реакция молекулярлығы
  • Реакцияның тәртібі реакцияның кинетикалық теңдеуімен анықталады және осы теңдеудегі концентрациялардағы көрсеткіштердің қосындысына тең.
  • Реакциялар 1-ші, 2-ші, 3-ші, сонымен қатар бөлшек немесе нөлдік тәртіпте болуы мүмкін.

Реакция

Кинетикалық теңдеу түрі

Реакция
тәртібі

А → В + Д

υ = - dC/dt = КСА

1

А +В → Д

υ = - dC/dt = К·СА·СВ

2

А +В + С → Д

υ = - dC/dt = К·СА·СВ·СС

3

Реакция тәртібі
Химиялық айналулар стехиометриясы.
  • Өнеркəсіптік химиялық-технологиялық үдерістердің негізіне жататын химиялық реакцияларды өрнектеу үшін химияның негізгі заңдары – стехиометрия заңдары, химиялық тепе-теңдік жəне химиялық кинетика қолданылады.
  • Стехиометрия – əрекеттесуші заттардың массалары немесе көлемдерінің арақатынасы туралы ғылым. Стехиометрия негізіне – массалар сақталу, эквиваленттік, Авагадро, Гей-Люссак, құрамтұрақтылық, еселі қатынас заңдары жатады. Реакцияға қатысатын заттардың арақатынасы стехиометриялық деп аталады
  • Химияда стехиометрия заңдары заттардың формуласына байланысты есептеулерде жəне алынатын реакция өнімдерінің теориялық мүмкін болатын массаларын анықтауда қолданылады. Реакцияның стехиометриялық теңдеуі массалар сақталу заңы негізінде жазылады.
  • Энергия жылу немесе жұмыс түрінде енгізілгенде не болмаса шығарылғанда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеруін термодинамикалық үдеріс деп атайды.
  • Көптеген өнеркəсіптік химиялық реакциялар қайтымды. Бұл кезде химиялық өзгеру үдерісі екі бағытта жүреді. Бастапқы заттар арасында химиялық əрекеттесулермен қатар (тура реакция) өнімдер арасында əрекеттесулер (кері реакция) жүреді. Үдерістің жүру барысында тура реакцияның жылдамдығы кемиді, кері реакцияның жылдамдығы артады. Бұл реакцияның жылдамдықтары теңескенде химиялық тепе-теңдік орнайды.
  • Химиялық тепе-теңдік сыртқы жағдайлар өзгермеген кезде химиялық жүйені құрайтын заттардың молекулалар санының өзгермейтіндігін сипаттайды. Өйткені тұрақты температура мен қысымда тепе-теңдік өлшемі Гиббс энергиясының (dG=0) минимумы болса, онда химиялық тепе-теңдік кезінде:

теңдігі сақталуы керек.
Мұндағы: компонентінің химиялық потенциалы; компонентінің мөлшері (моль). Ал химиялық потенциалдың мəні мынаған тең:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет