Реакцияға түскен заттардың концентрациясы мақсатты өнімнің шығымына үлкен әсер етеді. Ол да тепе-теңдіңдіктің тұрақтылығынан (К) көрінеді.
K=
Егер А мен Б-ның концентрациясын көбейтсек, реакция өнімінің де концентрациясы көбейеді. Өйткені берілген температурада К-тұрақты. Егер реакция өнімінің концентрациясын азайтсақ, оған сәйкес әуелгі заттың да концентрациясы азаяды, яғни олардың өңдеу дәрежесі өседі.
Іс жүзінде бұл екі факторды тепе-теңдікті мақсатты өнім алу жағына қарай жылжыту үшін қолданады, яғни өнімінің шығымын көбейту үшін.
Мақсатты өнімнің шығымын көбейту үшін өнімнің біреуінің концентрациясын азайту керек. Соның нәтижесінде тепе-теңдік мақсатты өнім алу жағына қарай жылжиды. Оның көптеген әдістері бар. Мысалы:
CO+H2O=CO2+H2
Көміртегі оксидінің су буымен конверсия процесі. Мұның тепе-теңдік тұрақтысы К мына теңдеумен өрнектеледі:
K=
Қайтымды процесте реакцияласушы заттың біреуін толығырақ пайдалану үшін екіншісінен артық алу керек.
Түзілуші заттар қайта реакцияласа алмас үшін оның біреуін реакциядан шығарса тепе-теңдік ылғи сол шығарылған, заттың орнын толтыратын жаққа қарай ығысады, бұл жағдайда қайтымда реакция аяғына дейін жүреді.
Ле-Шателье принципі бойынша химиялық тепе-теңдік күйіне келіп тұрған системаның жағдайының (С,Т,Р) біреуін өзгерту тепе-теңдікті сол өзгертуге қарсы әрекет туғызатын реакция бағытына қарай ығыстырылады. Мысалы, егер қайтымды экзотермиялық күкіртті ангидридті тотығу реакциясы жүрсе
SO2+1/2O2→SO3+Q
Онда бөлінген жылудың әсерінен реакциялық қоспаның температурасы артады да тепе-теңдік солға қарай жылжиды, сөйтіп мақсатты өнімнің (SO3) шығымы азаяды. Бұлай болмас үшін жылуды системадан алып кету керек.