Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар



бет13/45
Дата15.11.2023
өлшемі0,96 Mb.
#123837
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Қайта өңдеудің әдістері:
1. Пиролиз – оттегінің қатысуымен немесе оттексіз заттың термиялық ыдырауы
2. Гидролиз процесі экстримальды температура немесе қысым көмегімен жүзеге осады. Пиролиз процесіне қарағанда энергия жағынан тиімді
3. Гликолиз –Жоғары температура және қысым арқылы этиленгликоль және катализатор көмегімен таза өнім алу. Артықшылығы: экономикалық тиімді
4. Метанолиз –метанол көмегімен қалдықтардың деструкциясы.
5. Механикалық рециклинг – екіншілік қайта өңдеу (ешқандай арнайы қымбат құрылғы қажет етпейді).
Жылына жалпы қоқыстың 1/3 бөлігін пластик заттарды құрайды. Қайта өңдеу кезінде ластану 40% азаяды.


9. Шикізатты дайындау және байыту. Байыту процестері.
Шикізат – өнеркәсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын табиғи материалдар. Жартылай өнімдер – сол мекемеде шикізатты өнеркәсіптік өңдегенде алынған материалдар және қандайда бір өнім алу үшін бастапқы материалдар ретінде пайдалану.
Химиялық өнеркәсіп шикізаты әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі :
-шығу тегіне байланысты : минералдық, өсімдік, жануартекті;
-қоры бойынша :сарқылайтын, сарқылмайтын;
-химиялық құрамы бойынша :органикалық және бейорганикалық;
-агрегаттық күйі бойынша :қатты, сұйық, газ;
Технологиялық өндірістің негізгі кезеңінен бұрын, технологияның негізгі материалы шикізатты дайындау,өңдеу сатысы жүрелі. Шикізаттың дұрыс және толық өңделіп дайындалуы технологиялық процесстің өнімділігі мен сапасына тікелей әсер етеді.
Шикізатты өңдеуге дайындаудың негізгі әдісі - оны байыту.Шикізатты байыту-концентраттағы негізгі компоненттің мөлшерін арттыру.Шикізатты байыту оның фазалық күйіне байланысты болады.
Шикізатты байытудың түрлері:
1.Гравитициялық байыту – ауа немесе сұйық ортада ұсатылған заттардың бөлшектерінің төмен түсу жылдамдығының бөлшек тығыздығына немесе бөлшек мөлшеріне тәуелді.Бұл әдіспен қаттылығы және тығыздығы әртүрлі минеарлыдарды бөледі.
2.Электромагниттік байыту – ұсынылған заттардың магнитке арттыру қасиетіне негізделген.Ұсатылған шикізат магнит сепеаторынан өткенде магнике тартылатын және тартылмайтын екі фракцияға бөлінеді.Бұл әдіс темір және тас кендерін байыту үшін қолданады.
3.Электростатикалық байыту – ұсақталған шикізат құрамындағы әртүрлі бөлшектердің электр өткізгіштігіне негізделген.Электростатикалық сеператорлардың көмегімен электро тоғын өткізетіндерден өткізбейтіннен бөліп алады.Бұл әдіс мыс,кұм,силикат өндірісінде қолданады.
4.Флотация –физико-химиялық байыту әдістері,әрі көп қолданылатын әдіс.Ағылшынша қалғып шыңу деген мағына береді.Бұл әдістің негізі-кендер мен бос жыныстың бөлшектеріне судың жұғу және жұқпау қасиетіне негізделген.
5.Термиялық байыту – ұсатылған шикізат құрамындағы компоненттердің балқу температураларының айырмашылығына негізделген.
6.Химиялық байтыту – шикізат құрамындағы компоненттерінің химиялық реагенттерімен әрекеттесулерінің айырмашылығына негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет