Химиялық тепе-теңдік кезінде түзу және кері реакциялар жылдамдығы V



бет2/3
Дата13.10.2022
өлшемі120,36 Kb.
#42739
1   2   3
Температуралық өзгеруінің әсері. Температураның артуы тепе теңдік константасын төмендететіні тәжирибелік жүзінде дәлелденген. Тепе теңдік ығысу бағытын анықтау үшін Ле-Шателье-Браун ережесі қолданылады: Тепе теңдік күйдегі жүйенің сыртқы жағдайларының бірі өзгерсе, тепе теңдік сол өзгеріске қарсы әрекет туғызатын реакциның бағытына қарай ығысады.

  • Қысым өзгеруінің әсері. Қысымның өсуі тепе теңдікті моль саны аз заттардың түзілуі бағытына қарай ығыстырады. Қысымның азаюы тепе теңдікті моль саны көп газ күйндегі заттардың түзу реакцияларының бағытына қарай ығыстырады.

  • Концентрацияның әсері. Бастапқы заттардың біреуінің концентрациясының өсуі немесе өнімнің біреуінің концентрациясының кемуі тепе теңдікті тура реакцияның бағытына қарай ығыстырады.

  • Катализатордың әсері. Католизатор тура және кері реакцияны бірдей тездетіп тепе теңдіктің ығысуына әсерін тигізбейді. Катализатор тепе теңдік күйге жетуді тездетеді.

    Сыртқы әсер: жүйеде заттардың концентрациясы, қысым, температура.
    Катализатор тепе-теңдіктің жылжуына әсер етпейді, тек оның басталуын тездетеді.
    ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯНЫҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІНЕ ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ӘСЕРІ


    изобаралық теңдеу
    а) егер реакция эндотермиялық болса (ΔН>0), онда

    температураның жоғарылауымен химиялық реакцияның жылдамдық константасы да артады, тепе-теңдік реакция өнімдеріне қарай ығысады.
    б) егер реакция экзотермиялық болса (ΔН<0), онда

    температураның жоғарылауымен химиялық реакцияның жылдамдық константасы да азаяды, тепе-теңдік бастапқы заттардың түзілуіне қарай ауысады.
    в) егер (ΔН=0), онда
    тепе-теңдік константасы температураға тәуелді емес.

    Гулъдберг және Вааге (1867ж.) массалар әрекеттсу заңы деп аталатын заңды ашты. Бұл заң тұрақты температурада химиялық тепе-теңдік күйге сапалық сипаттама беруге мүмкіндік береді. Әрекеттесуші массалар заңы: химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал.


    Мынадай реакцияны қарастырайық:
    aA+bB→cC+dD
    Мұнда А, В, С, D – газ және сұйық күйдегі заттар, ал а, в, с, d – реакция теңдеудегі стехиометриялық коэффициенттер.
    Осыдан әрекеттесуші массалар заңы математикалық түрде былай бейнеленеді:
    υ=k⋅CAa⋅CBb
    мұнда СА және СВ – А және В заттардың молярлық концентрациялары, k – пропорционалдық коэффициенті немесе берілген реакцияның жылдамдық константасы.
    Вант-Гофф ережесі: гомогенді жүйелерде химиялық реакциялардың жылдамдығы әрбір 10 градусқа көтергенде шамамен 2-4 есе артады.Вант-Гофф ережесін, математикалық теңдеуі жылдамдықтардың қатынасы арқылы өрнектеледі:
    υT2υT1=γT2−T110∘C
    мұнда υT1 – бастапқы температурадағы реакция жылдамдығы;
    υT2 – соңғы температурадағы және соңғы реакция жылдамдығы;
    Т1 және Т2 бастапқы және соңғы температуралар;
    γ – температуралық коэффициент, ол – температураны 10˚C - ға жоғарылатқанда белгілі реакция жылдамдығының неше есе өсетінін көрсететін сан, 2≤γ≤4
    Катализ: катализаторлардың әсерінен химиялық жылдамдықтың өзгеруі.
    Катализаторлар, өршіткілер – химиялық реакцияның жылдамдығын өзгерте алатын, бірақ реакция өнімдерінің құрамына кірмейтін заттар.

    Тепе теңдік тұрақтысы
    Тепе теңдік тұрақтысы химиялық реакциялардың тепе теңдік жағдайын сандық жағынан сипаттайды.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет