Хлор-күміс электроды. Бұл электрод күміс хлоридінің (АgCl) кристалымен қапталған, КCl ерітндісіне батырылған күміс электроды: Cl-/ АgCl, Аg.
Электродтық реакция: АgCl + е ↔ Аg + Cl-.
Газ электродтары. Газ электродтарының схемасы жалпы түрде былай жазылады:
ерітінді / газ, металл.
Ерітіндіде сол алынған газдың ионы болады. Электродта металл рөлін инертті металдар (платина, алтын, родий т.б.) атқарады. Инертті металл электродтық реакцияға қатыспайды, тек өткізгіш ретінде қолданылады.
Газ электродтарына сутек, оттек, хлор электродтары жатады.
Сутек электроды - платина ұнтағымен қапталған, сутек газымен қаныққан және сутек ионы бар ерітіндіге батырылған платина пластинкасы. Электродтың схемасы:
H3O+/H2, Pt
19. Қандай теңдеулер термохимиялық деп аталады Кәдімгі теңдеулерден айырмашылығын түсіндіріңіз
Кейбір заттар оңай от алып жылу бөле әрекеттессе (бензин, керосин, газ, т.б.), кейбіреулері реакцияға түсу үшін үнемі қыздырып отыру керек болады.
Жылу бөле жүретін реакция экзотермиялық, ал сіңіре жүретіні эндотермиялық деп аталады (экзо - сыртқы, эндо - ішкі). Мысалы, тамақ пісіру осы үдеріске жатады. Жоғарыда қарастырылған оттегін алу реакцияларында бастапқы заттар (КМnO4, КClO3) қыздыруды қажет етеді.
Жылу эффектілері көрсетіліп жазылған реакция теңдеулері термохимиялық теңдеулер деп аталады.
С + O2 = CO2 + 393 кДж (экзотермиялық қатты газ)
С + Н2O = CO+ Н2 - 132 кДж (эндотермиялык қатты бу газ)
Термохимиялық теңдеулер бойынша өндіріске қажетті жылу немесе бөлінетін жылудың шамасын анықтап, олардың мәндері бойынша реакциялардың жүрісін басқаруға болады.
Жылу эффектісі әрекеттесуші заттар мен өнімдердің агрегаттық күйіне байланысты, сондықтан термохимиялық теңдеулерде заттардың күйлері көрсетіледі. Мысалы, 1 моль су буы мен сұйық су түзілген кезде бөлінетін жылу шамасы әр түрлі:
Стандартты жағдайда (t=25°С, 101,3 кПа) жылу мөлшерлері әр түрлі болады екен. Зат массасының сақталу заңы сияқты энергия сақталу заңы да болады. Зат молекуласы түзілгенде қанша энергия бөлінсе, оны айыру үшін сонша жылу сіңіріледі:
Отынның түріне қарай (газ, сұйық, қатты) олар жанғанда бөлінетін жылудың шамасы да әр түрлі болады. Ол әрекеттесуші заттардың табиғатына, жанасу бетінің ауданына және қысымның шамасына (газ күйіндегі отындар үшін) тәуелді. Химиялық реакциялар тек жаңа заттар алу үшін ғана емес, энергия көзі ретінде де пайдаланылады.
20. 500 г СаСО3-ті ыдыратуға қанша жылу жұмсалады. СаСO3=СаО+СО2 ∆H =145,3кДж. Ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |