Химиялық термодинамикаға жалпы сипаттама. Химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері: жүйе, жүйенің күйі, параметрлері, процесс ұғымдарының анықтамасын айтып беріңіз


Химиялық реакция жылдамдығына сипаттама беріп, түсіндіріңіз



бет15/21
Дата21.11.2022
өлшемі2,11 Mb.
#51440
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
ФИЗХИМ 20-30 (1)

12. Химиялық реакция жылдамдығына сипаттама беріп, түсіндіріңіз.
13. Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсері. Вант-Гофф ережесі. Формуласын жазыңыз. Мысал келтіріп, түсіндіріңіз.
Химиялық кинетиканың ең маңызды сандық сипаттамаларының бірі – реакцияның жылдамдығы.
Химиялық реакцияның жылдамдығы деп реакцияға түсетін немесе реакциядан түзіліп шығатын заттардың мөлшерінің уақыт бірлігіне және реакция кеңістігінің бірлігіне келетін өзгерісін айтады:
Заттың уақыт бірлігінде (1 сек, 1 мин, т.с.с.) реакцияға түскен мөлшері (n) реакциялық кеңістіктің шамасына яғни реакция көлеміне (гомогенді жүйеде) немесе фазалардың жанасу беттерінің ауданына (гетерогенді жүйеде) пропорционал болады.
Реакция кеңістігіндегі өзгеріс (dn) реакция жүруімен (жабық жүйеде) немесе қоршаған ортамен зат алмасумен (ашық жүйе) байланысты болады. Химиялық реакция өтуімен байланысты жабық жүйеде жүретін процестің жылдамдығын қарастырайық. Гомогенді реакцияның жылдамдығы мына теңдеумен өрнектеледі:
мұнда V - реакция кеңістігінің көлемі.
Егер жүйенің көлемі тұрақты болса (тұйық жүйе), онда

Егер реакция көлемі өзгермелі болса (ағындағы реакция),
Химиялық реакцияның жылдамдық теңдеуінің түрі реакция теңдеуінің түріне байланысты. Мысалы, реакция теңдеуі n1А + n2В → n3С + n4D деп жазылды дейік, мұнда n1, n2, n3, n4 - стехиометриялық коэффициенттер. Әр реагенттің мөлшерінің өзгерісі стехиометриялық қатынас бойынша басқаларының мөлшерінің өзгерісімен байланысты. Бұл жағдайда жылдамдықты бастапқы немесе соңғы заттардың кез келгенінің концентрация өзгерісі бойынша анықтауға болады:

3H2 + N2 = 2NH3 реакциясын қарастырайық.
Бұл реакцияның жылдамдығын кез келген реагент арқылы былайша өрнектеуге болады:


Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсері. Вант-Гофф ережесі. Жылдамдықтың температураға байланысты өзгерісі температураның жылдамдық константасына (К) әсерімен түсіндіріледі. Ең алғаш Вант-Гофф 1879 ж. мынадай эмперикалық ереже ұсынды: температураның әрбір 100С-ге өсуі реакцияның жылдамдығын 2÷4 есе өсіреді. Температураның жылдамдық константасына әсері былай өрнектеледі:
мұнда γ - жылдамдықтың температуралық коэффициенті деп аталады, ол температура 10 0С-ге өссе жылдамдықтың неше есе өсетінін көрсетеді:

Сөйтіп, γ - шамасы арқылы температураның жылдамдыққа әсерін шамамен білуге болады.


Кейінірек Вант-Гофф 1887 ж. химиялық реакцияның жылдамдық константасының температураға байланысты өзгерісі оның (реакцияның) тепе-теңдік константасының температураға байланысты өзгерісі сияқты деген болжам айтты.
Соған байланысты Вант-Гофф реакцияның реакцмяның изохора теңдеуін қарастырды:
мұнда ∆U – реакцияның көлем тұрақты (V = const) жағдайдағы жылу эффектісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет