Химиялық термодинамиканың негізі § термодинамиканың бірінші заңы термодинамикалық түсініктер мен анықтамалар


КОЛЛОИДТЫ СИСТЕМАЛАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ



бет69/79
Дата12.04.2023
өлшемі0,9 Mb.
#81779
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79
V тарау

КОЛЛОИДТЫ СИСТЕМАЛАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ


§ 1. КОЛЛОИДТЫ-ДИСПЕРСТІ СИСТЕМАЛАРДЫ АЛУ
Затты ұнтақтап конденсациялау әдістерімен коллоидты бөлшектер алуға болады. Коллоидты ерітіндідегі бөлшектер бірімен-бірі өзара қақтығысқанда, олардың жабысып, іріленуіне кедергі болатын тұрақтандырғыштардың (стабилизаторлардыд) болуы қажет (мысалы, электролит иондарының коллоидты бөлшектің бетіндегі ионды-гидратты қабықша). Коллоидты бөлшектер дисперстік ортада (еріткіште) нашар еруі керек. Осы айтылған жайдың бәрі бірдей орындалғанда коллоидты системадағы бөлшектердің тұнбаға түсуіне кедергі болатын электр заряды мен гидратты қабықша пайда болады.
А. Дисперстік эдістер. Дисперстік әдіс берілген үлкен қатты затты әуелі майдалап, сосын оны ұнтақтап, коллоидты-дисперсті бөлшектерге дейін кішірейтуге бағытталған. Мұның өзін бірнеше әдіспен жүзеге асырады.
Механикалық әдіс. Механикалық әдіс берілген қатты заттың үлкен бөлшектерін ұзақ және тоқтаусыз, әрі жылдам ысқылау, ұнтақтау сияқты механикалық жолмен кішірейтуге бағытталған. Бұл арнайы машиналармен жүзеге асырылады, шары бар және коллоидты диірмендер қолданылады. Шары бар диірмен— (техникада оны шарлы, шарлық диірмен дейді) ішінде әр турлі өлшемдегі болат не фарфор, тіпті кейде басқа да қатты заттардан әзірленген шары бар, іші қуыс болат цилиндр. Әдетте диірмен ішіндегі астар мен шариктер біртекті және ұнтақталатын заттан едәуір қатты болады. Осындай диірмен ішіне дисперстелетін зат пен түрлі өлшемдегі шарлар бірге салынады да белгілі жылдамдықпен, электромотор көмегімен айналдырылады. Ондағы ұнтақталу шар көмегімен жүзеге асады. Мұндай диірмендер әр түрлі дисперстелген жүзгіндерді алу үшін кеңінен пайдаланылады. Әйтсе де бұл диірменде ұсақталған заттардың дисперстілік дәрежесі төмен, ондағы бөлшектердің диаметрі — 50—60 мкм шамасында.
Егер дисперстік дәрежесі жоғары зат керек болса, онда арнаулы коллоидты диірмен пайдаланылады. Мұндай коллоидты диірменнің бір түрін Плауссон 1920 жылы ұсынды. Ол — іші қуыс ци-линдр, ішіндегі қалақшалары бар ротор минутына 20 мыңға дейін жылдамдықпен айналады (21-сурет). Диірмен ішкі будырлы бөлігі (а) мен ротор қалақшасы (в) арасына түскен зат біліктің жылдам айналуынан ұнтақталады (ұнтақталу дәрежесі 0,1 —1,0 мкм). Ұнтақталған бөлшектердің өзара бірігіп, жабысып қалмауы үшін тұрақтандырғыштар қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет