Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары Дәрістің жоспары


Химияның стехиометриялық заңдары



бет3/8
Дата03.02.2022
өлшемі48,78 Kb.
#24790
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1лекАМІ

2. Химияның стехиометриялық заңдары
Заттар массасының сақталу заңы. 1748 жылы М.В.Ломоносов Заттар массасының сақталу заңын ұсынады: «Реакцияға қатысқан барлық заттардың массаларының қосындысы реакция нәтижесінде түзілген өнімдердің массаларының қосындысына тең».

Бұл заңның екінші жағы бар. Ол энергияның сақталу заңы.

«Энергия жойылмайды, жаңадан да түзілмейді, тек бір түрден екінші түрге эквивалентті молшерде ауыса алады»

Химиялық реакция кезінде жоқтан атомдар пайда болмайды. Сондықтан реакция кезінде барлық атомдар саны өзгермейді.

2 Н2 + О2 = 2 Н2 О

4 + 32 = 36

Осындай есептеу арқылы шыққан заттың массасын анықтауға болады. Ал өндірістерде іс жүзінде көптеген шығындар есебінен шыққан заттың массасы алғашқы заттың массасынан зат массасының сақталу заңына байланысты біршама кем болады. Мұндай есептеулерде шығымдық ұғым пайдаланылады.

η = mпракт. / mтеор ·100


1-мысал. 10 г СиО сутегімен тотықсыздандырғанда неше грамм су түзіледі.

Шешуі: 10 хг

СиО + Н2 = Си + Н2 О

80 18
х =10·18 / 80 = 2,25г (Н2 О)

2-мысал. Массасы 5,60 г СиSО4 ерітіндісіне NаОН ерітіндісі қосылады. Сонда 3,06 г тұңба түзіледі. Тұңбаның шығымының массалық үлесін табу.

Шешуі: 5,60 г хг

СиSО4 + 2 NаОН = Си(ОН)2 + Nа24

160 98

х= 5,60 · 98 / 160= 3,43



η = mпракт./ mтеор·100= 3,06 ·100/ 3,43 = 89,2%

1905 жылы А. Эйнштейн дененің массасы мен оның энергиясының арасындағы байланысты яғни тәуелділікті анықтап, оны мынадай формуламен өрнектейді:

Е = m с2

С- вакумдегі жарықтың жылдамдығы, m- масса, Е-энергия

Химиялық процестердің қайсысын алсақ та онда энергиялық өзгерістер қабат өтеді. Химиялық процесс кезінде бір зат екінші затқа айналады. Соған байланысты атомдардың орналасу реті де өзгереді және жүйенің энергиясы өзгереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет