Эквиваленттік массаны мына формула арқылы табуға болады:
mэ = f э · М
мұндағы mэ- эквиваленттік масса, f э - эквиваленттік фактор, М- молярлық масса.
Эквивалент – зат мөлшері, демек оның өлшем бірлігі моль санымен көрсетіледі. Элемент эквиваленті 1 / В-ға тең.
Ээкв= 1/ В.
мұндағы В-қосылыстардағы элементтің валенттілігі, 1 заттың бір молекуласы.
Мысалы, мыс (ІІ) оксидінде (СuО), мыс эквиваленті Сuэкв= 1/ В =1/2моль, ал мыс (І) оксидінде (Сu2О)- мыс эквиваленті Сuэкв= 2/ В =2/2моль = бір мольге тең. Олай болса СuО мыстың эквиваленттік массасы:
Эсио = f э · М =1/2• 64=32 г/моль;
ал Сu2О қосылыста мыстың эквиваленттік массасы:
Э Сu2О = f э · М = 1/2 • 128 = 64 г/моль;
Алмасу реакцияларында сутегінің бір ионына сәйкес келетін шамамен алынған заттың бөлігін көрсететін санды – эквиваленттік фактор дейміз.(fэ) Заттың эквиваленттік факторын табу үшін алмасу реакцияларында стехиометриялық коэффициентті сутегі атамының санына бөліп табады. Мысалы:
а) АІ(ОН)2NО3 + 2НNО3 = АІ(NО3)3 +2 Н2О
б) 3Са(ОН)2+ 2Н3РО4 = Са3(РО4)2 + 6 Н2О
Мұнда: бірінші теңдеуде (а) реакцияға қатысқан сутегі атомының саны 2, өйткені реакцияға 2 НNО3 қатысады; ал екінші теңдеуде (б) ол 6-ға тең, себебі 2Н3РО4 қатысады. Олай болса эквиваленттік фактор мынаған тен болады:
Достарыңызбен бөлісу: |