Эквивалент заңы. Ағылшын ғалымы Дальтон 1803 жылы химияға эквивалент ұғымын еңгізеді. Эквивалент дейтініміз химиялық элементтер бірімен-бірі қандай салмақ мөлшерлерінде қосылысатындығын көрсететін сан. Элементтің химиялық эквиваленті дейтініміз оның бір моль сутек атомымен қосылыса алатын немесе қосылыстарда олардың орның баса алатын салмақ мөлшері.
Мысалы: НСІ, Н2S, NН3, СН4 қосылыстарында хлордың, күкірттің, азоттың, көміртегінің эквиваленті мынаған тең болады: 1моль; 1/2моль; 1/3моль; 1/4моль.
Эквиваленттік фактор дегеніміз берілген реакциядағы заттың эквиваленті болып табылатын Х бөлшегінің үлесіне тең болатын сан. Оның белгіленуі - f экв(Х)
Эквиваленттік факторды берілген реакциясының стехиометриясы бойынша анықтайды.
Элементтің бір эквивалентінің массасы оның эквиваленттік молярлық массасы деп аталады, Сонымен жоғарыда көрсетілген мысалдардағы (НСІ, Н2S, NН3, СН4) хлор, күкірт, азот, көміртектің эквиваленттік молярлық массалары мынаған тең болады: 35,45 г/моль, 32/2 = 16 г/моль, 14/3 = 4,67 г/моль, 12/4 =3 г/моль тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |