Қарағанды 2022 Холера (тырысқақ) — Vibrio cholerae қоздырғышымен шақырылатын, экзотоксиннің әсерінен сулы-электролитті диареямен және оның нәтижесінде туатын сусыздану синдромымен жедел өтетін аса қауіпті ішек антропонозды инфекциясы.
Холе́ра
Қоздырғышы- Vibrio cholerae,
өте қозғалмалы, үтір түрде иілген, грамм теріс қысқа таяқшалар.
Аэроб, оптимальды температурада (37˚С), сілтілі ортада жақсы өседі.
Сыртқы ортаның температурасы 17 ˚С-тан жоғары, су көздерінде өте төзімді.
Антигендік құрамы: О- соматикалық антиген, Н- жіпшелік антиген. Антигендік қасиеті бойынша О1 серотопқа кіреді.О1 антиген — А,В,С компонеттерінен
Кіру қақпасы - ас қорыту жолы. Вибрион біраз бөлігі асқазанда қышқыл ортада өледі . Қалған бөлігі асқазаннан өтіп,жіңішке ішекке түсіп,сілтілі ортада көбейе бастайды. Энтероциттерге жабысып – адгезия-шырыш қабаттарында 12-24 сағаттың ішінде көбейеді (колонизацияланады), токсикалық заттарды бөледі.
Патогенез
Жіңішке ішек
Инкубациялық кезеңі: 1-2 күннен 5 тәулікке дейін
Басталуы жедел. Продромальды белгілер сирек кездеседі (12-17% көбінесе Эль-Тор холерада).
Холераның ең бірінші көрінісі: аяқ астынан пайда болатын диарея (тәулігіне 3-10 реттен 30 ретке дейін), іш өту ауырсынусыз болады.
Холераға тән нәжіс: сулы, көп мөлшерде (300 мл-ден 1 литрге дейін) , түссіз, иіссіз, «күріш суы» тәрізді, құрамы изотониялық сұйықтыққа тән.
Құсу — іш өтуден кейін, жүрек айнусыз, жиі, сулы, «фонтан тәріздес» болады.
Сырқат басынан бірнеше сағаттан кейін сусыздану синдромының алғашқы белгілері пайда болады: Шөлдеу, бұлшық еттердің әлсізденуі, адинамия, балтыр еттердің ауырсынып, тартылуы, тахикардия, гипотония, тыныс алуының жиіленуі, терінің бозғылттығы. Одан кейін бет әлпеті жүдеп, көз айналасы көгеріп, тері тургоры төмендеп, шырыш қабаттары құрғап, цианозданады.