Байланысты: Хроматографиялық әдістің теориялық негіздері (копия)
Анализденетін иондарға енжар (индиферентгі) беті жақсы жетілген нашар еритін зат тасушы бола алады. Жиі иондық тасушылар ретінде силикагель, крахмал, алюминий оксиді, кварц, асбест, шыны ұнтақ, барий сульфаты қолданылады. Сондай-ақ жиі бейтарап тасушы ретінде сүзгі қағазды пайдаланады. Баска да бейтарап тасушылар, сондай-ак иониттер де пайдаланылады.
Хроматограмманы таза еріткішпен жуғанда колонкадағы анализденетін иондардың бөлінуі жаксарады, зоналар оқшауланып, ал шекаралары айқындала көрінеді. Осы косылыстардың ерігіштік көбейтіндісінің шамалары қанша бір-бірінен ерекшеленсе, тұнбалардың бөлінуі сонша жақсы болады. Тұнбалар колонканың барлық биіктігін бойлай, төменгі шегі айқын көрінетіндеей бірқалыпты таралады. Әрбір элемент түзетін зонаның биіктігі бойынша сандық анализ жасауға болады..