Байланысты: Хроматографиялық әдістің теориялық негіздері (копия)
Қазіргі уакытта ең көп тараған адсорбциялык, ион алмастырғыш, тұндыру, таралу, тотығу-тотықсыздану және адсорбциялық-комплекс түзуші хроматография болып отыр.Жеке түрлерінің ішінде өздеріне тән әр түрлілігі бар және олар түрлі тәсілдермен орындалады.
Адсорбциялық хроматография қатты ұнтақ тәріздес адсорбенттің қоспадағы жеке компоненттерді тандап, адсорбциялауына негізделген және оны фронтальды ығыстырып шығару және элементті тәсілмен орындауға болады.
Фронтальды тәсіл. Зерттелетін ерітінді хромотографиялық колонканың жоғары бөлігіне үздіксіз беріліп түрады да, сүзіндінің жеке фракциялары жиналады, онда бөлінетін компоненттердің мөлшері аныкталады. Мысалы, егер қоспада тек екі компонент болатын болса, онда қоспаны өткізгенде, колонкада ең алдымен таза еріткіш, одан кейін колонка анализденетін ерітіндімен қаныққаннан соң, одан аз сорбцияланатын компонент бар ерітінді, ең соңынан екі компоненті де бар ерітінді ағып шығады. Фронтальды тәсілмен белгілі фракцияда таза түрінде тек аз сорбцияланатын компонентті алуға болады. Фронтальды тәсілмен зерттелетін қоспаны компоненттерге толық бөлуге мүмкіндік болмайды.