Байланысты: Хроматографиялық әдістің теориялық негіздері (копия)
Элюэнтті тәсіл. Сорбциялану қабілетіне байланысты колонкада әр түрлі болып таралатын, бірнеше компоненті бар анализденетін ерітіндінің порциясын колонкаға енгізеді. Төменгі зонада нашар сорбцияланатын компонент болады, мысалы, А, содан соң бірін-бірі бүркемелейтін А жэне В компонентгер зонасы, сосын В компоненті бар зона, онан жоғары келесі бүркемелейтін В жэне С компоненттері бар-зона жэне т. б.
Таза еріткішпен сорбентті шаймалағанымызда компоненттердің бірін-бірі ығыстыруына байланысты колонка бойлай қозғалуы басталады. Осының салдарынан компонентгер бірізділікпеен элюирленеді (шаймаланады), сорбциялану қабілетінің кему ретімен, яғни ең бірінші А компоненті, одан соң В және т.б. шаймаланады. Ең соңынан жақсы сорбцияланатын компоненет элюирленеді. Компоненттерді фракция бойынша мөлшерлік анықтау негізінде әрбір компоненттің концентрациясының колоннадан ағып шыққан элюэнт көлеміне немесе температураға тәуелділік графигін сызады.