Хроникасы



Pdf көрінісі
бет19/44
Дата27.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#10386
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44

тасымалданатын тауарларға қатысты салықты, кедендік 

баж  салығын,  салықты  өндіріп  алу  ерекшеліктері 

және 2010 жылғы 21 мамырдағы мұндай тауарларға 

қатысты өндірілген соманы аудару тәртібін қамтамасыз 

етуді  қарастыратын  кейбір  мәселелер  туралы 

Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

Хаттама, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы 

қаржы құралдарын және (немесе) қолма-қол ақшаны 

ауыстыру  кезінде  терроризмді  қаржыландыру,  және 

қылмыстық  жолмен  алынған  табысты  заңдастыруға 

(ақшаның  ізін  жасыруға)  қарсы  әрекет  ету  туралы 

Шарт  қабылданды.  Сондай-ақ  отырыста  Еуразиялық 

экономикалық  комиссия  жұмысының  басталуы  үшін 

қажетті  Еуразиялық  экономикалық  комиссияның 

Алқа  төрағасын  тағайындау,  дербес  құрамын  бекіту 

және  Еуразиялық  экономикалық  комиссияның  алқа 

мүшелері арасындағы міндеттерді бөлісу, Еуразиялық 

экономикалық комиссия департаменттерінің саны ту-

ралы шешім қабылданды.

 

Келесі  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  Еуразиялық 



экономикалық  кеңістік  келісімінің  күшіне  енуі 

тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс 

күшінің еркін қозғалысы үшін толыққанды бірыңғай құқықтық 

алаңды құруға мүмкіндік береді. Келесі жылдың 1 қаңтарынан 

бастап бір мезгілде ЕурАзЭҚ соты жұмыс істей бастайды. Ол 

ЕурАзЭҚ,  Кеден  одағы  және  ЕЭК  аясындағы  тиісті  шарттар 

мен келісімдердің орындалуы, сондай-ақ экономикалық дау-

ларды қарастыру жөніндегі ауқымды өкілеттіктерді иеленеді. 

Сол күні Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының 

астанасы  Мәскеу  қаласында  өткен  ЕурАзЭҚ 

Мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты.

Отырыс  барысында  Қазақстан,  Ресей,  Бела-

русь,  Қырғызстан,  Армения  және  тәжікстан  бас-

шылары  ЕурАзЭҚ-тың  өзекті  мәселелері  мен  оны 

дамытудың  перспективаларын,  атап  айтқанда,  Ке-

ден одағының қызметін жетілдіру мәселесін, Бірыңғай 

экономикалық  кеңістікті  қалыптастыру  жөніндегі  іс-

қимыл  жоспарының  орындалуын,  ЕурАзЭҚ  сотының 

қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру жөніндегі 


207

Желтоқсан

іс-шаралар жоспарын, әлемдік қаржы дағдарысының 

салдарларын  еңсеру  жөніндегі  бірлескен  шараларды 

іске асыру мәселелерін талқылады. Отырыста сондай-

ақ  ЕурАзЭҚ-тың  жәрдемші  органы  —  ЕурАзЭҚ-қа 

мүше елдердің Шекаралық мәселелер жөніндегі кеңесі 

мен  Әділет  министрлері  кеңесінің  жұмысы  туралы 

ақпарат тыңдалды.

Отырыстың  қорытындысы  бойынша  2001  жылғы 

31 мамырдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдас-

тықтың  артықшылықтары  мен  иммунитеттері  тура-

лы  конвенциясының  жаңа  редакциясы  қабылданды, 

ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық мақсатты бағдарлама-

сын  әзірлеудің  және  іске  асырудың  тәртібі  бекітілді. 

Сондай-ақ  ЕурАзЭҚ  сотының  қызметінің  негізгі 

қырларына қатысты қатысты шешімдер қабылданды.

 

Еуразиялық 



экономикалық 

қоғамдастық 

(ЕурАзЭҚ) — құрамына кіретін мүше мемлекеттердің 

ортақ  нарығын  қалыптастыруды  мақсат  тұтқан 

халықаралық экономикалық ұйым. 

ЕурАзЭҚ  құру  туралы  Шартқа  Беларусь,  Қазақстан, 

Қырғызстан,  Ресей  және  Тәжікстан  президенттері  2000 

жылы 10 қазанда Астанада қол қойды. Оған 2006 жылдың 

қаңтарынан Өзбекстан қосылды. 

2002 жылдан бері ұйым жанындағы байқаушы мәртебесіне 

Украина мен Молдова, 2003 жылдан Армения ие. 

2003 жылдың желтоқсанында ЕурАзЭҚ БҰҰ Бас Ассамблея-

сы жанындағы байқаушы мәртебесін алды. 

ЕурАзЭҚ-тың органдары: Мемлекетаралық кеңес (Мемлекет 

басшылары деңгейінде), Интеграциялық комитет, Хатшылық, 

Парламентаралық ассамблея және Қоғамдастық Соты.

Мемлекет  басшысы  Қырғыз  Республикасының 

Президенті А.Ш. Атамбаевпен кездесті.

н.Ә.  назарбаев  А.Ш.  Атамбаевты  Қырғызстан 

Президенті  лауазымына  сайлануымен  құттықтады 

және  онымен  екіжақты  ынтымақтастықты  дамыту 

мәселелерін талқылады.

Мемлекет  басшысы  Жоғарғы  Еуразиялық  эконо-

микалық  кеңестің  және  ЕурАзЭҚ  Мемлекетаралық 

кеңесі  отырыстарының  қорытындысы  бойынша 

қазақстандық журналистер үшін брифинг өткізді.

Күн  соңында  Мемлекет  басшысы  Ресей  Федера-

циясының Президенті Д.А. Медведевпен кездесті.



208

Желтоқсан

Кездесу барысында екіжақты қатынастарды терең-

детудің және кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланды.

н.Ә.  назарбаев  Д.А.  Медведевті  Ресейдің 

Дүниежүзілік 

сауда 

ұйымына 


кіруі 

туралы 


келіссөздердің табысты аяқталуымен және Мемлекеттік 

дума депутаттары сайлауының өтуімен құттықтады.

20 желтоқсан

Мемлекет  басшысы  Ресей  Федерациясының 

астанасы  Мәскеу  қаласында  өткен  ҰҚШҰ  Ұжымдық 

қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты.

Сессия барысында Қазақстан, Ресей, Армения, Бе-

ларусь,  Қырғызстан,  тәжікстан  және  Өзбекстан  бас-

шылары  ҰҚШҰ-ға  мүше  мемлекеттердің  қауіпсіздігі 

үшін,  Ұйымның  қызметін  одан  әрі  жетілдіруге  және 

еуразиялық  кеңістіктегі  қауіпсіздікті  қамтамасыз 

етудің  негізгі  тетіктерінің  бірі  ретінде  оның  рөлін 

орнықтыруға қатысты стратегиялық мәні бар кешенді 

мәселелерді талқылады.

Мемлекет  басшылары  2011  жылғы  12–13  тамыз-

да  Астана  қаласында  өткен  Ұйымға  мүше  елдердің 

мемлекет  басшыларының  бейресми  кездесуінде  қол 

жеткізілген келісімдер тұрғысынан Ұйымның әлеуетін 

арттыру  және  бірігуінің  мәселелерін  талқылады. 

Елдердің  көшбасшылары  әскери  және  әскери-

техникалық ынтымақтастықты оңтайландыру, төтенше 

жағдайларды дер кезінде елеу, ақпараттық қауіпсіздік, 

есірткі  тасымалына  және  лаңкестікке  қарсы  күрес 

тақырыптарын қарастырды.

Отырыстың  қорытындысы  бойынша  ҰҚШҰ 

Жарғысына өзгерістер енгізу жөніндегі құжаттар топ-

тамасы және Ұйымның аясында жасалған жекелеген 

құжаттар қабылданды.

 

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) — 



1992  жылғы  15  мамырдағы  ұжымдық  қауіпсіздік 

туралы шарт негізінде 2002 жылы ТМД-ның бірқатар 

елдері құрған әскери-саяси одақ. Шарт әр 5 жыл сайын ав-

томатты түрде ұзартылып отырады. 

2006  жылғы  31  желтоқсандағы  жағдай  бойынша  ҰҚШҰ 

мүшелігіне Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ре-

сей, Тәжікстан және Өзбекстан кірді. 

ҰҚШҰ  органдарына  Ұжымдық  қауіпсіздік  кеңесі  (мемле-

кет  басшылары  деңгейінде),  Сыртқы  істер  министрлерінің 

кеңесі,  Қорғаныс  министрлері  кеңесі,  Қауіпсіздік  кеңесі 

хатшыларының комитеті, Хатшылық, Біріккен штаб кіреді. 

2004 жылдың желтоқсан айында ҰҚШҰ БҰҰ Бас Ассамблея-

сы жанындағы байқаушы мәртебесін алды.


209

Желтоқсан

Сол күні Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының 

астанасы Мәскеу қаласында өткен тМД мемлекеттері 

басшылары кеңесінің мерейтойлық отырысына қатысты.

тМД-ға  мүше  елдердің  мемлекет  басшылары 

Ұйымға мүше елдер азаматтарының әл-ауқаты мен өмір 

сүру  деңгейін  арттыру  мүддесін  көздейтін  Достастық 

жұмысының іс жүзінде пайдалы болуын жақсартудағы 

өзара іс-қимылдың ауқымды мәселелерін талқылады. 

Сондай-ақ отырыс барысында тМД байқаушылары 

миссиясының  қызметі,  көпжақты  экономикалық 

ынтымақтастықты  жетілдіру  және  дамыту,  байланыс 

және  ақпараттандыру  саласындағы  ынтымақтастық 

мәселелері талқыланды.

Елдердің көшбасшылары Қазақстанның 2012 жылы 

«Достастықтың мәдени астаналары» мемлекетаралық 

бағдарламасын  іске  асыру  және  Астана  (Қазақстан) 

мен  Мары  (түрікменстан)  қалаларын  2012  жылғы 

Достастықтың мәдени астаналары деп жариялау тура-

лы бастамасын талқылады.

Отырыстың қорытындысы бойынша тМД-ның құрыл-

ғанына 20 жыл толуына орай мәлімдеме қабылданды.

Күн  соңында  Мемлекет  басшысы  Ресей 

Федерациясындағы  Қазақстан  Республикасының 

елшілігінде  Ресейдің  көрнекті  саяси  және  қоғам 

қайраткерлеріне  Қазақстан-Ресей  достығы  мен 

ынтымақтастығын нығайтуға үлкен үлес қосқаны үшін 

Қазақстанның мемлекеттік наградаларын тапсырды.

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  на-

градаларымен  М.В.  Ломоносов  атындағы  Мәскеу 

мемлекеттік  университетінің  ректоры  В.А.  Садовни-

чий,  IV  және  V  шақырылымдағы  Ресей  Федерация-

сы  Федералды  жиналысы  Мемлекеттік  думасының 

төрағасы  Б.В.  Грызлов,  тМД  мемлекеттерінің  Үкімет 

басшыларының кеңесі жанындағы Интернационалист 

жауынгерлер  істері  жөніндегі  комитетінің  төрағасы 

Р.С. Аушев, Халықаралық инженерлік академиясының 

және  Ресей  инженерлік  академиясының  президенті 

Б.В. Гусев, Жоғарғы сот төрағасы В.М. Лебедев, Ре-

сей халық артисі Л.В. Лещенко, «Газпром-Медиа Хол-

динг» ААҚ бас директоры н.Ю. Сенкевич, Еуразиялық 

даму  банкінің  басқарма  төрағасы  И.В.  Финогенов 

және  «Ресей  темір  жолы»  ААҚ  президенті  В.И.  Яку-

нин марапатталды.


210

Желтоқсан

21 желтоқсан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 

Үкіметі  мен  Украинаның  Министрлер  кабинетінің 

арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан 

Республикасының  Үкіметі  мен  Украинаның  Ми-

нистрлер 

кабинетінің 

арасындағы 

Қазақстан 

Республикасының  Украинадағы  және  Украинаның 

Қазақстан 

Республикасындағы 

дипломатиялық 

өкілдіктерін  орналастыру  шарттары  туралы  келісімге 

өзгерістер  енгізу  туралы  хаттаманы  ратификация-

лау  туралы»  №512-ІV,  «Қазақстан  Республикасының 

Үкіметі  мен  Қырғыз  Республикасының  Үкіметі 

арасындағы  Азаматтық  қорғаныс  (қорғау),  төтенше 

жағдайлардың  алдын  алу  және  оларды  жою 

саласындағы  ынтымақтастық  туралы  келісімді  рати-

фикациялау  туралы»  №513-ІV,  «Материалдық  емес 

мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияны ратифи-

кациялау туралы» №514-ІV заңдарына қол қойды.

Президент сондай-ақ «Мемлекеттік бағдарламалар 

тізбесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республика-

сы  Президентінің  2010  жылғы  19  наурыздағы 

№957  Жарлығына  толықтыру  енгізу  туралы»  №199 

Жарлығына қол қойды.

 22 желтоқсан

Мемлекет  басшысы  Маңғыстау  облысының 

Жаңаөзен  қаласын  қалпына  келтіру  мәселелері 

жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес  жұмысына  Қазақстан  Республикасының 

Премьер-министрі  К.Қ.  Мәсімов,  Парламенті 

Сенатының  төрағасы  Қ.Ә.  Мәми,  Президенті 

Әкімшілігінің  Басшысы  А.Е.  Мусин  және  өзге  де 

мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Президент өз сөзінде Мемлекет басшысының тап-

сырмасы  бойынша  құрылған,  Премьер-министрдің 

бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеев басқаратын Үкіметтік 

арнайы  комиссия  Маңғыстау  облысында  болып, 

жергілікті  жердегі  жағдайды  зерттегенін  атап  өтті. 

Үкімет  тарапынан  Жаңаөзендегі  тәртіпсіздіктің  сал-

дарларын жою және қаланы қалпына келтіру жөніндегі 

арнайы  іс-шаралар  жоспары  бекітілді.  Осы  мақсат 

үшін Үкімет тарапынан 3 млрд. теңгеден астам сома-

да  қаражат  бөлінді.  н.Ә.  назарбаев  қазіргі  уақытта 

қаладағы  жағдай  тұрақтанғанын,  басқару  органдары 

қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Президент  Әкімшілігінің  Басшысы  А.Е.  Мусин 

ағымдағы жылдың 17 желтоқсанында өткен Қауіпсіздік 


211

Желтоқсан

кеңесінің отырысында берілген тапсырмалардың орын-

далуын ұйымдастыру барысы туралы хабардар етті.

Премьер-министрдің 

бірінші 


орынбасары 

Ө.Е.  Шөкеев  Президентке  арнайы  комиссияның 

Маңғыстау  облысының  Жаңаөзен  қаласындағы  жап-

пай тәртіпсіздікке байланысты туындаған әлеуметтік-

экономикалық, гуманитарлық және өзге мәселелерді 

жедел шешу жөніндегі жұмысы туралы баяндады.

Бас прокурор А.Қ. Дауылбаев жаппай тәртіпсіздікті 

ұйымдастыруға  кінәлілерді  анықтау  бойынша  тергеу 

жұмыстарының барысы туралы ақпарат берді. 

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы 

бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  Маңғыстау  облысы-

на  жұмыс  сапарымен  келіп,  Ақтау  қаласында  облыс 

активінің,  зиялы  қауым  мен  еңбек  ұжымдарының 

өкілдерінің  қатысуымен  Жаңаөзен  қаласында  орын 

алған қайғылы оқиға мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Мемлекет  басшысы  облыс  активіне  жаңа  әкім 

Б.Ә.  Мұхаметжановты  таныстырды,  оның  кандидату-

расы Маңғыстау облысының мәслихатымен келісілген 

болатын.


Жаңа әкімге тапсырмалар бере отырып, н.Ә. на-

зарбаев  Жаңаөзен  қаласындағы  жағдайды  қалпына 

келтіру,  қаланың  тіршілігін  қамтамасыз  ететін 

нысандардың  қалыпты  жұмыс  істеуі,  сондай-ақ 

жұмыстан  босатылған  еңбеккерлерді  жұмысқа  ор-

наластыру  жөнінде  барлық  қажетті  шараны  қысқа 

мерзімде қабылдауды талап етті.

Сонымен  бірге  Мемлекет  басшысы  Үкіметке 

уәкілетті  мемлекеттік  органдардың,  «ҚазМұнайГаз» 

Ұлттық мұнай-газ компаниясы» АҚ іс-қимылын жан-

жақты зерттеуді және кінәлілерді жазалау, сондай-ақ 

компанияның  басқару  жүйесін  реформалау  жөнінде 

нақты ұсыныстар беруді тапсырды.

Мемлекет  басшысы  Жаңаөзен  қаласында  болып, 

онда қалпына келтіру жұмыстарының барысымен та-

нысты, жаппай тәртіпсіздіктер барысында қиратылған 

нысандарды аралады, одан соң қала тұрғындарымен 

кездесті.

Кездесуде  Президент  Үкіметтік  комиссияға 

«Өзенмұнайгаз»  АҚ  жұмысшылары  мен  Жаңаөзен 

қаласының  тұрғындарының  наразылығын  тудырған 


212

Желтоқсан

себепті  анықтауды  және  оны  жою  жөніндегі 

ұсыныстарды  енгізуді  тапсырды.  Одан  басқа,  Бас 

прокуратураға  және  Қазақстан  Республикасы  Ішкі 

істер министрлігіне жаппай тәртіпсіздік фактілері бойын-

ша  қылмыстық  істерді  Маңғыстау  облысының  Арда-

герлер кеңесінің төрағасы Ө.Ө. Озғанбаев басқаратын 

қоғамдық комиссияны қатыстыра отырып, ашық және 

жария түрде тергелуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қорытындысында  Мемлекет  басшысы  қоғамның 

тұрақтылығы  мен  бірлігін  сақтау  жөніндегі  ұдайы 

күш  салуларды  нығайта  түсудің  маңыздылығын 

анық  көрсете  отырып,  Жаңаөзендегі  қайғылы  оқиға 

еліміздің барлық азаматтары үшін ортақ екенін атап 

өтті. 


Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 

кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік 

тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толық-

тырулар енгізу туралы» №515-ІV Заңына қол қойды.

Президент  сондай-ақ  «Б.Ә.  Мұхаметжанов  ту-

ралы»  №200,  «Қ.Е.  Көшербаев  туралы»  №201, 

«Б.Ә.  Мұхаметжановты  Маңғыстау  облысының  әкімі 

қызметіне  тағайындау  туралы»  №202,  «Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  наградаларымен  ма-

рапаттау  туралы»  №203,  «Қазақстан  Республикасы 

Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу 

туралы» №204 жарлықтарына қол қойды.

 23 желтоқсан

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-

сы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігінің  төрағасы 

Ә.М.  Байменовті  қабылдады.  Ол  Агенттік  пен  оның 

аумақтық  басқармаларының  2011  жылы  атқарған 

жұмыс  нәтижелері,  Агенттіктің  жұмысын  жетілдіру 

жөнінде 

жоспарланған 

шаралар, 

Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  қызметке  қатысты 

заңнамасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 

және  мемлекеттік  қызметтің  жаңа  моделінің 

тұжырымдамасын  іске  асыру  шеңберіндегі  басқа 

мәселелер,  сондай-ақ  Қазақстанда  мемлекеттік 

қызметті  одан  әрі  реформалау  мәселесінде 

халықаралық ынтымақтастық туралы хабарлады.

Мемлекет басшысы «Кешірім жасау туралы» №205 

Жарлығына қол қойды.


213

Желтоқсан

26 желтоқсан

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-

сы  Президенті  Әкімшілігінің,  Үкіметінің,  «нұр 

Отан» 


Халықтық-демократиялық 

партиясының 

басшылықтарымен  кеңес  өткізіп,  онда  2011  жылғы 

елдің  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  алғашқы 

қорытындыларын шығарды.

Мемлекет  басшысы  «нотариат  туралы»  Қазақ-

стан  Республикасының  Заңына  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  туралы»  №516-ІV,  «Қазақстан 

Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отба-

сы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері 

мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар 

енгізу  туралы»  №517-ІV,  «неке  (ерлі-зайыптылық) 

және  отбасы  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Кодексі» №518-ІV заңдарына қол қойды.

Президент сондай-ақ «Ө.Е. Шөкеев туралы» №206, 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары 

жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар ту-

ралы»  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1999 

жылғы  22  қаңтардағы  №29  Жарлығына  өзгерістер 

енгізу туралы» №207, «2010 жылғы 18 маусымдағы 

Жеке  тұлғалардың  жеке  пайдалану  үшін  тауарларды 

кеден  одағының  кедендік  шекарасы  арқылы  өткізу 

және оларды шығаруға байланысты кедендік опера-

цияларды  жасау  тәртібі  туралы  келісімге  өзгерістер 

мен  толықтырулар  енгізу  туралы  хаттамаға  қол  қою 

туралы» №208 жарлықтарына қол қойды.

27 желтоқсан

Мемлекет  басшысы  «Кейбір  халықаралық 

ұйымдардың  жарғылық  құжаттарын  бекіту  туралы» 

Қазақстан  Республикасының  Заңына  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  туралы»  №519-ІV,  «Қазақстан 

Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму 

банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (ҚАЗСтАт: 

Ұлттық  статистика  жүйесін  нығайту  жөніндегі  жоба) 

ратификациялау  туралы»  №520-ІV  заңдарына  қол 

қойды.


28 желтоқсан

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республика-

сы  мемлекеттік  тәуелсіздігінің  жиырма  жылдығына 

байланысты  рақымшылық  жасау  туралы»  №521-ІV, 



214

Желтоқсан

«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есеп-

ке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 

өзгерістер  мен  толықтыру  енгізу  туралы»  №522-ІV, 

«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық 

актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер 

мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  №523-ІV, 

«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық 

актілеріне  банк  қызметін  және  қаржы  ұйымдарын 

тәуекелдерді  азайту  тұрғысынан  реттеу  мәселелері 

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 

№524-ІV заңдарына қол қойды.

Президент сондай-ақ «Б.С. тасымовты Қазақстан 

Республикасының  Сауд  Арабиясы  Корольдігіндегі 

төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  қызметіне  тағайындау 

туралы» 

№209, 


«Б.С. 

Арынды 


Қазақстан 

Республикасының  Египет  Араб  Республикасындағы 

төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  қызметіне  тағайындау 

туралы»  №210,  «Ғылым  мен  техника,  әдебиет  пен 

өнер  саласындағы  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республи-

касы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы №381 

Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 

№211 жарлықтарына қол қойды.

30 желтоқсан

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 

соттарының  төрағалары  мен  судьяларын  қызметке 

тағайындау  және  қызметтен  босату  туралы»  №212, 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспар-

лау  жүйесі  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  2009  жылғы  18  маусымдағы  №827 

Жарлығына  толықтырулар  енгізу  туралы»  №213, 

«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау 

және  Қазақстан  Республикасының  азаматтығынан 

шығу туралы» №214 жарлықтарына қол қойды.

31 желтоқсан

Мемлекет  басшысы  қазақстандықтарды  келе 

жатқан Жаңа 2012 жылмен құттықтады (Қосымшаны 

қараңыз).



ҚОСЫМшАлАР

216

Қосымшалар

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты

Қазақстан халқына Жолдауы

Астана қаласы, 2011 жылдың 28 қаңтары

Қадірлі отандастар!

Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері!

Ханымдар мен мырзалар!

Биыл  —  біз  үшін  ерекше  қастерлі  жыл.  Біз  ел  тәуелсіздігінің  20  жылдығына 

қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік 

белестерді бағындырдық.

Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай де-

ген  едім:  «2030  жылы  біздің  ұрпақтарымыз  бұдан  былай  әлемдік  оқиғалардың 

қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».

Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ. Дегенмен, діттеген бұл 

межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жаста ғана жеттік!

Күні кеше Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің ба-

сын қосқан саммит — соның айшықты айғағы.

Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама 

биіктерді бағындырдық.

Біз  талайлы  заманда  тарыдай  шашылып  кеткен  қандастарын  атамекенге 

жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық. Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан 

астам отандасымыз келіп, халық саны 1,5 млн. артты.

Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық. 

Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық.

Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы ба-

янды болады.

Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 млрд. долларға жуық қаржыны 

құрайды.

Ырыс — ынтымаққа жолығады, дәулет — бірлікпен толығады.

тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 млрд. доллардан астам шетелдік 

инвестиция тартылды. Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім 

түрін шығарамыз.

Бүгінде ұлттық дәулетіміздің 1/3 бөлігі шағын және орта бизнестен құралады.

Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді.

Жалпы  ішкі  өнім  өсімі  2010  жылы  7%,  өнеркәсіп  өндірісі  —  10%,  өңдеу 

өнеркәсібі 19% мөлшерді құрады.

Орташа  айлық  жалақы  2007  жылғы  53  мыңнан  2010  жылы  80  мың  теңгеге 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет