Хроникасы



Pdf көрінісі
бет22/44
Дата27.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#10386
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44

күшейтілді. Мемлекеттік лицензиялаудың барлық жүйесін оңтайландыру жөніндегі 

жұмыстар  да  табысты  жүргізілуде.  Бизнесмендерге  көрсетілетін  мемлекеттік 

қызмет  электронды  пішінге  ауыстырылуда.  Экономиканың  барлық  салаларында 

қазақстандық мазмұнды арттыру мәселелері менің жеке бақылауымда тұр.

Мұның барлығы бизнеске әкімшілік қысымды барынша төмендету үшін жаса-

лып жатыр.

Қазірдің  өзінде  Қазақстан  аса  қолайлы  бизнес-ахуал  көрсеткіші  бойынша 

әлемде 59-шы орын алады.

Алтыншыдан,  «Жүз  мектеп,  жүз  аурухана»  бағдарламасы  табысты  аяқталып 

келеді. Қазақстан білім беруді реформалау бойынша әлемдік рейтингте көш бастап 

келеді. Халық денсаулығының түйінді көрсеткіштері түбірінен жақсару үстінде.

Жетіншіден, демократиялық реформалар бағдарламасы жүзеге асырылды.

Сайлау  және  сайлану  құқығы,  партиялар  құру,  діни  сенім-наным  еркіндігіне 

құқық, сөз бостандығы мен басқа да мәселелерге құқық секілді жалпыадамзаттық 

құндылықтар табысты жүзеге асырылуда.

Парламенттің  өкілеттігі  кеңейтіліп,  Үкіметтің  депутаттар  алдындағы  есептілігі 

күшейтілді және құқық қорғау органдарын реформалау табысты жүргізілді. 

Жергілікті өзін өзі басқару туралы жаңа заң қабылданып, сайлау, партиялар, 

БАҚ туралы заңнамалар жаңартылды.

Осылайша 2005 жылғы қыркүйекте «нұр Отан» партиясының сайлауалды фору-

мында берген уәделерінің барлығы мерзімінен бұрын орындалды!

тәуелсіздік жылдарында біз ел алдына қойған барлық міндеттерге толықтай қол 

жеткіздік. Бұған нақты цифрлар айғақ бола алады.

1994 жылдан бері ай сайынғы номиналды еңбекақы көлемі 45 есе өсті.

Он  жылда  табыстары  ең  төменгі  күнкөріс  деңгейінен  аз  тұрғындардың  үлесі 

4 еседен астамға кеміді.

Зейнетақының орташа көлемі 6 есе өсті.

тМД-ның  еш  жерінде  зейнетақымен  қамтамасыз  етудің  Қазақстандағыдай 

жүйесі  жоқ.  Бізде  13  зейнетақы  қоры  жұмыс  істейді.  Оларда  2,3  трлн.  теңге 

жинақталған.

Менің тапсырмам бойынша 2011 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы көлемдері 

30%-ға көбейтілді.

1  шілдеден  бастап  бюджет  саласы  қызметкерлерінің  еңбекақысы  да  30%-ға 

өсетін болады.

1991  жылы  жеке  автокөлік  иелері  800  мың  шамасында  болса,  2010  жылы 

2,5 млн. жуықтады.

Өткен  онжылдықта  750-ге  жуық  жаңа  мектеп  салынды.  Балаларды  мектепке 

дейінгі тәрбиемен толықтай қамтуға бағытталған «Балапан» бағдарламасы жүзеге 

асырылуда. тек өткен жылы ғана 90 мыңнан астам бала жаңа балалар бақшасына 

барды. 

Ең қиын жылдары біз «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асыра бастадық. Оның 



аясында қазірдің өзінде 3,3 мыңнан астам маман білім алса, бүгінде әлемнің үздік 

жоғары оқу орындарында 2,7 мыңнан астам жас қазақстандық оқып жүр. 



236

Қосымшалар

Қазіргі кезде ондаған мың қазақстандық отбасылары балаларын шетелде оқуға 

өз беттерінше жіберуде. Бұл — әл-ауқат өскенінің маңызды көрсеткіші.

Өткен онжылдықта денсаулық сақтау саласы шығындары он есеге ұлғайтылды. 

Соның  нәтижесінде,  Қазақстандағы  демографиялық  ахуал  жақсарды. 

тұрғындардың табиғи өсімі 3 есеге жуық артты. Біздің 800 мың шамасындағы 

отандасымыз  Отанына  оралып,  «нұрлы  көш»  бағдарламасы  аясында  орналасу 

үшін көмек алды.

Қазақстан Ұлттық қорды қоса алғандағы сомасы 63 млрд. долларды құрайтын 

халықаралық резерв деңгейі бойынша 50 мемлекеттің қатарына кірді.

Шағын  және  орта  бизнесте  700  мыңға  жуық  шаруашылық  субъектісі  өкілдік 

етсе, оларда 2,5 млн. астам адам жұмыс істейді.

Экономикаға 122 млрд. доллар шетел инвестициясы тартылды. Ұлттық әл-ауқат 

деңгейі бойынша жаһандық рейтингте Қазақстан өткен жылы 50-ші орын алды.

Еліміз үшін аса маңызды Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік 

бағдарламасы  жүзеге  асырылуда.  тек  2010  жылы  ғана  жалпы  құны  800  млрд. 

теңгеден асатын 152 жаңа нысан қатарға қосылды. 

1995 жылы экспорт көлемі 5,3 млрд. долларды құраса, ал 2010 жылы 60 млрд. 

долларға жуықтады. Бұл — өсім 11 еседен астам көп деген сөз.

Ресей, Қазақстан және Беларусьтің қатысуымен құрылған Кедендік одақ бізге 

тұрғындары 170 млн. адам шамасындағы және қосарланған ІЖӨ-сі 1,4 трлн. дол-

лар болатын байтақ нарық ашты.

Біз  жаңа  елорда  —  Астананы  тұрғыздық.  Бұл  —  біздің  тәуелсіздігіміздің  ең 

жарқын беті және көмескіленбейтін символы.

Бүгінде Қазақстан — бүкіл Орталық Азияның тартылыс орталығы.

Біз тМД мен Балтия мемлекеттерінен алғаш болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық миссиясын 

лайықты орындап шықтық. 11 жылғы үзілістен кейін осы ұйымға қатысушы мемле-

кеттер басшыларының Саммитін табысты өткіздік. ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясы 

тұңғыш рет «Еуразиялық қауіпсіздік» және «Астана рухы» ұғымдарын айқындады.

Осылайша тәуелсіз даму жылдарында біз жаңа мемлекет, жаңа қоғам құрып, 

қазақстандықтардың жаһанданған дүниеде өмір сүріп, жұмыс істей алатын жаңа 

ұрпағын тәрбиеледік.

Біздің  экономикадағы  және  әлеуметтік  дамудағы  табыстарымыз,  сыртқы 

саясаттағы — ЕҚЫҰ саммиті, Азиада өткізу — патриотизм деңгейін жоғары көтеріп, 

барлығымызды  біріктіре  түсті.  Осы  күндерде  барлық  қазақстандықтарды  біздің 

ортақ Отанымыз үшін ұлы мақтаныш сезімі биледі.

Құрметті қазақстандықтар!

Біз қол жеткен табыстарымызға тоқмейілсу ниетінен аулақпыз.

Менің бұдан арғы жолымызды қалай бағдарлайтыным «Қазақстан-2030» стра-

тегиясында, еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы жоспарында және жаңа 

Жолдауымда мазмұндалған. Міне, мұның өзі болашақтың іс-қимыл бағдарламасы 

болып табылады.

Жолдауда  мен  жаңа  әлеуметтік  саясатты  жүзеге  асыруды  ұсындым.  Жоғары 

табыс,  мықты  денсаулық,  жайлы  баспана,  белсенді  еңбек  бағдары  —  осылар 

бәсекеге  қабілетті  адамның  жиынтығы.  Мен  әр  қазақстандықты  осындай  сипат-

та көргім келеді.


237

Қосымшалар

Біздің алдымызда бірқатар шешуші басымдықтар тұр.

Бірінші. Қазақстандықтар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Алдағы он жылдықта біз жұмыссыздық деңгейін 5%-ға дейін төмендетеміз.

2014 жылға қарай сомасы 8,1 трлн. теңге болатын 294 инвестициялық жоба-

ларды жүзеге асыру жоспарлануда. Жүз мыңдаған жаңа тұрақты жұмыс орында-

ры құрылатын болады.

Жаңа  еңбекпен  қамту  стратегиясының  басты  мақсаты  —  азаматтардың 

табыстарын  арттыру  болуы  тиіс.  Қазақстандықтар  —  жаңа  бағдарламаға 

қатысушылар оқуға және жаңа кәсіптер меңгеруге дайын тұрулары керек. Өздерін 

өздері жұмыспен қамтып жүргендерді еңбекке орналастырудың мәні осында.

Индустрияландыру картасы мен «Бизнестің жол картасы – 2020» жобаларының 

негізінде  кеңейіп  келе  жатқан  индустриялық  секторға  қажетті  мамандықтарды 

анықтау  бойынша  жұмыстарды  жалғастыру  қажет.  Оқыту  бағдарламалары 

мамандықтардың  осындай  тізіміне  байланатын  болуы  тиіс.  Мемлекет  тегін 

оқытуды,  оқитын  жерге  дейінгі  жолақыны  және  оқитындарға  стипендия  төлеуді 

қаржыландыратын болады.

Жұмыс  істеп,  жақсы  тұру  үшін  бұдан  артық  не  керек?  Мұндай  бағдарлама 

әлемнің еш жерінде жоқ!

Біз  сондай-ақ  ауыл  кәсіпкерлігін  дамытатын  боламыз.  Бұл  міндетті  шешудің 

негізі — жеке шағын бизнес ұйымдастыруға бағдарланған микронесиелеу.

Егер еңбекпен қамтудың жаңа бағдарламасына қатысушылар тұрғын жерлерінде 

жұмысқа тұра алмаса, Үкімет кейін олардың нақты бір кәсіпорынға жұмысқа орна-

ласуын қамтамасыз ететіндей «экономикалық өсім нүктелеріне» қоныс аударуына 

ықпал жасаулары тиіс.

Азаматтардың осындай категориялары үшін арзан жалдық тұрғын үй құрылысы 

тетігін ойластырып, оны жеңілдікпен ұсыну жағын қарастыру қажет.

Үкіметке үстіміздегі жылы қанатқақты режімде еңбекпен қамту бағдарламасын 

іске  қосып,  кем  дегенде  50  мың  адамды  қамтуды  тапсырамын.  Республикалық 

бюджетте оны жүзеге асыруды қаржылай қамтамасыз етуді қарастыру қажет.

2015 жылға қарай бағдарламаға қатысушылар саны шамамен 1,5 млн. адамды 

құрауы тиіс. нәтижесінде, кедейшілік деңгейі 6%-ға азаюы керек.

Үкіметке, облыс әкімдеріне отандық және шетелдік компаниялармен олардың 

осы  бағдарламаға  қатысуы  және  жаңа  жұмыс  орындарын  құруы  үшін  жұмыстар 

жүргізу қажет.

2020 жылға қарай әлеуметтік көмек көрсетудің бастапқы деңгейі өмір сүрудің 

ең төменгі көрсеткішінен 100%-ға жоғарылайды.

Арқаулық  зейнетақы  төлемінің  көлемі  өмір  сүрудің  ең  төменгі  көрсеткішінің 

60% деңгейіне жеткізілетін болады.

Біз жалдамалы жұмысшылардың 100%, жұмыспен өзін өзі қамтамасыз ететін 

халықтың  40%  жинақтаушы  зейнетақы  жүйесімен  қамтуға  қол  жеткізетін  бо-

ламыз.

Сондай-ақ мен Үкіметке алғаш рет халық арасында «Самұрық-Қазына» қорына 



кіретін  ұлттық  компаниялар  акцияларын  орналастыру  бағдарламасын  жасауды 

тапсырамын.

Осы жылдың аяғына дейін-ақ қор рыноктарына «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» 

АҚ, «Қазпошта» АҚ акцияларын орналастыруды қамтамасыз ету қажет.



238

Қосымшалар

Келесі  кезеңдегі  2012–2013  жылдары  қор  рыноктарына  «ҚазМұнайГаз»  ҰК» 

АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын шығару 

керек.

Үкіметке бұл жұмысқа Қазақстанда жұмыс істейтін барлық шетел компанияла-



рын қосу қажет. Бұл — олардың біздің азаматтарымыздың алдындағы парызы.

«Халықтық  ІРО»  жүздеген  мың  қарапайым  қазақстандықтарға  ірі 

кәсіпорындардың  акцияларын  иеленуге,  сондай-ақ  инвестициялаудың  жаңа 

құралы  мен  жинақталған  қаржыны  көбейтуге  мүмкіндік  туғызады.  Акциялардың 

жекешелендірудің  елең-алаңындағыдай  бай  қалың  қалталыларға  емес,  нақты 

қарапайым қазақстандықтарға сатылуын бақылау керек.

Екінші. Қолжетімді және сапалы білім алуға жағдай туғызылуы тиіс.

2016  жылға  қарай  білім  беруге  жұмсалатын  шығын  ІЖӨ-нің  5%-на  дейін 

жоғарылатылатын болады. таяудағы 5 жыл бедерінде 20 Интеллектуалды мектепті 

қоса алғанда, бүкіл еліміз бойынша 400 жаңа мектеп салынады. Бұл мектептерде 

12 жылдық білім беруге көшудің арқауы құрылады.

Біз техникалық және кәсіби білім берудің тиімді жүйесін қалыптастырамыз.

Жоғары білім деңгейін әлемдік стандарттарға дейін жеткізу қажет.

Біз  мемлекеттік  тілге  оқытудың  жетекші  жүйесін  құрамыз.  Қазақстан 

азаматтарының барлығы дерлік қазақ тілін меңгеретін болады.

Ақыр аяғында, біз педагог мәртебесін жоғарылатамыз. Олардың 20% кәсібилігін 

жоғарылата алса, кейбірі бұл үдерістен жетекші әлемдік білім беру орталықтарында 

өтетін болады.

Үшінші.  Қазақстандықтар  денсаулығын  нығайтуға,  медициналық  қызметке 

қолжетімділік пен сапаны арттыру. 

тәуелсіздік жылдарында заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған 500-дей 

жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды.

2015  жылға  қарай  тағы  да  350  дәрігерлік  амбулаториялар,  фельдшерлік-

акушерлік пункттер мен емханалар тұрғызылатын болады.

2013  жылға  қарай  алғашқы  медициналық-санитарлық  көмектің  сапасын 

жоғарылататын Денсаулық сақтаудың біртұтас ұлттық жүйесі қалыптастырылатын 

болады.

Біз  Астанада  еліміздегі  барлық  медицина  мекемелеріне  эталон  болатын 



болашақтың  госпиталін  құрамыз.  Ол  ұлттық  денсаулық  сақтау  жүйесіне  жетекші 

халықаралық тәжірибенің трансфертін қамтамасыз етеді.

Осының нәтижесінде 2020 жылға қарай өмірдің орташа ұзақтығы 72 және одан 

да көп жасқа ұзарады. Ана мен бала өлімі 2 есеге төмендейді. Жалпы өлім 30%-ға 

қысқарады. Қазақстан халқының саны 18 млн. адамға жақындайды.

төртінші.  Қазақстандықтардың  тұрғын  үй  және  тұрмыстық  жағдайларын 

жақсарту.  тұрғын  үй  құрылысы  бағдарламасы  арқасында  1  млн.  жуық 

қазақстандықтар жаңа пәтерлер мен үйлерде тұрады.

Дағдарысқа  қарсы  шараларды  іске  асыру  бізге  2009–2010  жылдары  жыл 

сайын 6,4 млн. шаршы метр шамасында жаңа тұрғын үйлерді іске қосу көлемін 

сақтауға мүмкіндік берді.

Дегенмен,  коммерциялық  құрылыс  қарқынының  төмендеуі  мен  дағдарысқа 

қарсы бағдарламаның аяқталуы тұрғын үй құрылысын құлдырауға әкелуі мүмкін. 

Біз ондайға жол бермеуге тиіспіз.



239

Қосымшалар

Сондықтан Үкіметке тұрғын үй құрылысын қолдау және ипотеканы ынталанды-

ру жөнінен шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын.

Жергілікті атқару органдары тұрғын үй құрылыс жинақтары аясында қымбатқа 

түспейтін құрылыстар жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

Сол сияқты тұрғын үй салуды қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктердің қор 

жинауы да қажет. Ол үшін мемлекет құрылыс кезеңі мен тұрғын үйлерді сатудың 

басында екінші деңгейлі банктерге мақсатты депозиттер орналастыруы керек. Он-

дай  жағдайда  эконом-кластағы  тұрғын  үйлерді  қаржыландыру  банктерге  қаржы 

орналастырудың міндетті шарты болуы тиіс.

Жеке  меншік  тұрғын  үйлер  салу  үшін  инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылымдар құрылысын дамытуды қамтамасыз ету қажет. Бұл бағытта жеке 

меншік инвесторларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасаудың маңызы зор.

2011 жылы тұрғын үй құрылысын қолдауға шамамен 75 млрд. теңге қарастыру 

керек.


Осы  шаралардың  бәрі  жыл  сайын  6  млн.  шаршы  метр  тұрғын  үй  салуды 

қамтамасыз етеді.

Біз  тұрғын  үй-коммуналдық  қызмет  сапасын  арттыратын  боламыз.  Ауылдық 

елді мекендердің 80% және шағын қалалардың 100% орталықтандырылған таза 

ауыз суға қол жеткізеді.

2015 жылға қарай республиканың телекоммуникация желісі 100% цифрланды-

рылып, барлық үйлерде Интернет желісіне, мультимедиалық қызметтің кең көлемді 

ауқымы мен цифрлы теледидарға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

2015 жылға қарай әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтердің кем дегенде 

50% электронды түрде көрсетілетін болады.

Бесінші.  Экономиканың  сапалы  өсуі  және  әлемнің  неғұрлым  экономикалық 

қабілетті елдерінің қатарына ену.

Өткен  жылы  кәсіпкерлікті  дамытудың  «Бизнестің  жол  картасы  –  2020» 

бағдарламасы бастау алды.

Осы бағдарлама шеңберінде несиелерінің жалпы құны 101,2 млрд. теңге тұратын 

225 өтініш субсидиялауға қолдау тапты. 

30  жоба  бойынша  кепілдіктер  беріліп,  бизнестің  129  субъектісіне  қажетті 

инфрақұрылымдар жүргізілді.

Алматы  және  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында  индустриялық  аймақтарды 

ұйымдастыру  жөнінен  жұмыстар  қазірдің  өзінде  басталды,  1  175  кәсіпорынға 

сервистік  қолдау  көрсетілді.  Бағдарламаға  қатысушы  кәсіпорындарда  жұмыс 

істейтіндердің жалпы көлемі 20 мың адамды құрайды.

Қосымша 8 мыңға жуық жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарланып 

отыр.


Бұл бірінші жыл үшін жақсы нәтиже. Қарқынды бәсеңсітуге болмайды.

Үкіметке, Ұлттық банкке және Қаржы қадағалау агенттігіне дағдарыстан кейінгі 

қалпына келу бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.

Бұл міндетті шешуге 2 тұрғыдан келу қажет.

Біріншіден, бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың сауығуына көмек көрсету керек.

Бүгінде  «Бизнестің  жол  картасы  –  2020»  бағдарламасында  кәсіпорындарды 

сауықтырудың кейбір тетіктері қарастырылған.

несиелер бойынша межелік сатыны 3-тен 4,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайту қажет.



240

Қосымшалар

Жаңа  бағдарламада  борыштары  4,5  млрд.  теңгеден  асатын  кәсіпорындарға 

мемлекеттік қолдау көрсетуді қарастыру керек.

Екіншіден, бұл — қаржы жүйесін сауықтыру.

Дағдарыс  кезінде  банктердің  несиелік  портфелі  айтарлықтай  нашарлады. 

Банктер әлі нақты секторды несиелеуге кіріскен жоқ, ал ол экономиканың өсуіне 

кедергі келтіруде. 

Стресті активтер қорының әлеуетін іске қосу қажет. Бұл арада екіжақты іс-қимыл 

болуы тиіс. Банктер шығындарды мойындауға барып, жұмыс істемейтін активтерді 

Стресті активтер қорына беруі керек. Мұндай мүмкіндікті тек биыл ғана беру керек. 

Бұл уақытша шара.

Осының бәрі кәсіпорындар мен қаржы ұйымдарын өсу стратегиясына көшуге 

көмектесетін болады.

Біз  әлемнің  бәсекеге  қабілетті  50  елінің  қатарына  ену  жөніндегі  өзіміздің 

мақсатымызды бір сәтке де ұмытпауға тиіспіз. Индустриялық-инновациялық даму 

бағдарламасының орындалуы оған жағдай жасауы керек.

ІЖӨ өсімі 30%-дан кем болмауы тиіс.

Ұлттық қор активтері ІЖӨ-нің кем дегенде 30% құрайтын болады.

1 400 шақырымға жуық жаңа темір жол желілері, 16 мың шақырымға жуық 

республикалық маңыздағы автомобиль жолдары салынып, бәсекеге қабілетті әуе 

тасымалы рыногы құрылатын болады.

Біз  экономикамыздың  аграрлық  саласының,  атап  айтқанда,  етті  мал 

шаруашылығының өнімділігін арттырамыз.

2016  жылдың  өзінде  ет  экспорты  60  мың  тоннаны  құрайтын  болады,  ал  ол 

4 млн. тонна астық экспортына тең.

Мұның өзі ауылда 20 мыңнан астам жұмыс орындарын құруға жағдай жасап, 

100 мыңнан астам ауылдықтар табыс көздеріне қол жеткізетін күн келеді.

Алтыншыдан. Одан әрі саяси жаңғыру, қоғамда бейбітшілік пен тыныштықты, 

қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Біз саяси жүйені жаңғыртуды жоспарлы түрде жүзеге асыратын боламыз. Бұл — 

Парламенттің, оған есеп беретін Үкіметтің өкілеттіктерін ұлғайту, саяси партиялар 

мен жергілікті билік органдарының, сот жүйесінің рөлін нығайту.

Қарапайым адамдардың алдындағы менмендік, өркөкіректік, кеудемсоқтық — 

жекелеген шенеуніктердің ең бір «бейкүнә» әдеттері. Мұндай сорақылықпен, күрес 

жүргізуге партияның күш-қауқары жетпей ме?! Оның ішінде өз арасында да күресуі 

тиіс!

Сондықтан біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте, шенеуніктер мен жұмыс 



берушілердің өрескел қылықтарынан азаматтардың құқықтарын қорғауда партия 

мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттыратын боламыз.

Саяси күрес қисыны кейде қатаң бәсекелестікті туындатады. Бәсекелестік пар-

тияны шынықтырады, тоқмейілсуге және босаңсуға жол бермейді.

Бірақ  біздің  тәуелсіздігімізді  нығайтуда  және  халықтың  әл-ауқатына  қол 

жеткізуде Қазақстандағы барлық партиялар бірге болуға тиіс.

Бұл жалпыәлемдік дәстүр. Дәл осындай бәсекелестікке үйрену қажет, тек сонда 

ғана демократия дамитын болады.

Біз еліміздің төңірегіндегі қайнаған оқиғалар ахуалында өмір сүріп отырмыз. 

Сондықтан  біздің  ортақ  борышымыз,  Қазақстанды  сүйетін  әрбір  адамның  боры-



241

Қосымшалар

шы  —  халықтың  бірлігі  мен  елдегі  тұрақтылықты  сақтау.  Барлық  азаматтарды, 

барлық саяси күштерді осыны әркез есте ұстауға шақырамын.

Менің президенттігіме ғана емес, сонымен бірге біздің елімізге деген сенімнің 

тарихи актісіне айналуы үшін мен сайлау өткізу жөнінде шешім қабылдадым.

Бұл сайлаудың еркін және әділ болуы үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Біз  бүкіл  әлемге  прогресті,  біздің  халқымыздың  өркендеуі  мен  күш-қуатын 

көрсететін боламыз.

Бүкіл Орталық Азия өңіріндегі үлгілі ел ретінде әлемдік қауымдастықта маңызды 

да жауапты рөл атқаратын Қазақстанның өскелең әлеуеті мен жасампаз миссия-

сын бүкіл әлем көретін болады.

Сайлау қорытындысында Мәжіліс міндетті түрде кемінде 2 партиядан тұратын 

2012 жылғы Парламент сайлауы да дәл осылайша өтуі тиіс.

Біз  басталған  реформаны  одан  әрі  тереңдете  отырып,  құқық  қорғау  жүйесін 

нығайтатын боламыз.

Коррупцияға  қарсы  күресті  күшейту  қажет.  Өткен  жылы  алдындағы  жылға 

қарағанда пара алу жағдайлары 28%-ға көп анықталды.

800-ден астам сыбайлас жемқорлар сотқа берілді, олардың арасында жоғары 

лауазымды шенеуніктер де бар.

Сыбайлас  жемқорлық  қылмыстардан  келген  3,7  млрд.  теңге  шығын  кері 

қайтарылды.

Жетіншіден.  Біз  жауапты  да  белсенді  сыртқы  саясат  жүргізу  ісін  одан  әрі 

жалғастырып, мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін нығайтатын боламыз.

Біз  мәңгі  достық  туралы  келісімнің  негізінде  Ресеймен  стратегиялық  қарым-

қатынастарды жан-жақты дамыта түсетін боламыз.

Қытай және Орталық Азия мемлекеттерімен арадағы сенім мен ынтымақтастық 

одан  әрі  тереңдеп,  АҚШ  және  Еуропа  Одағымен  арадағы  сындарлы  қарым-

қатынастар кеңейе түспек.

Биылғы жылы біз Ислам конференциясы ұйымын басқаратын боламыз. 

Қазақстан ШЫҰ, АӨСШК, ЕурАзЭҚ сияқты өңірлік бірлестіктердің жұмысына да 

белсенді атсалыса береді.

Елдің  қорғаныс  қабілетін  нығайту  үшін  армияны  қару-жарақ  пен  әскери 

техниканың озық үлгілерімен жарақтандыру жалғасын таппақ. Біздің сарбаздары-

мыз бен офицерлеріміздің лайықты қызмет атқаруы үшін барлық жағдайлар жаса-

латын болады.

Құрметті қазақстандықтар!

Партия форумы мінберінен біздің балаларымызға, қазақстандықтардың жас 

буынына үн қатқым келеді!

Сендердің  біразың  тәуелсіздік  жылдарында  өсіп-жетілдіңдер.  тәуелсіздік 

құрдастары 2020 жылы 30 жасқа толады.

Сендер басқа өмірді көрген жоқсыңдар, бірақ тәуелсіздік пен табыстарымыздың 

бізге оңайлықпен келмегенін сендер білуге тиіссіңдер.

Қазір сендер үлкен өмірге қадам жасап отырсыңдар. Ата-аналарың мен Отан 

алдында өздеріңнің міндеттемелерің бар екенін сезінуге тиіссіңдер. Сендердің өмір 

жолдарыңды айқындайтын міндеттер сонымен бірге нағыз азаматтың борышы мен 

құқығы да болып табылады.


242

Қосымшалар

Мен  сендерді,  ең  алдымен,  қалыптасқан  тұлғалар,  тамаша  кәсіпқойлар  және 

шынайы патриоттар тұрғысында көремін.

Бұл формуланы мен бүкіл өз өмірім бойына жинақтадым. Ол маған әрқашанда 

көмектесті. Мен оны әмбебап қағида санаймын.

тұлға болу дегеніміз — жауапты болу деген сөз. Ол үшін ағынмен малти бермей, 

белсенді болу қажет.

Кәсіпқой болу деген сөз — өзің шынымен де айналысқың келген өмірлік істі 

таңдай білу. Және оның өзін жақсы тұрғыда жүзеге асыру керек. Кәсіп дегеніміз — 

табысты өмірдің негізі.

Патриот болу — өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, 

қоғамға қызмет ету.

Бірақ өзіңнің тарихыңды, ана тіліңді, шығу тегіңді білмей нағыз патриот бола 

алмайсың.

Біздің бәріміз сендерді мақтаныш тұтатындай болайық!

Ата-аналарға айрықша сөз арнағым келеді!

Балаларды  тәрбиелеу  —  сіздердің  айрықша  азаматтық  борыштарыңыз. 

«Баланың бас ұстазы ата-ана» дегенді халқымыз тегін айтпаған ғой.

Бүгінде ана мен балаға қолдау жасауда мемлекет орасан зор күш-жігер жұмсап 

отыр. Ұлт болашағына салынған ең сенімді, ең қайырымды инвестициялар.

Осы  «Болашақ  қазақстандықты»  толыққанды  тұлға  ретінде  тәрбиелеу  — 

мемлекеттің жастар саясатының мақсаты және сонымен бірге ата-аналардың міндеті.

Баланың айқын азаматтық ұстанымы болып, әлеуметтік белсенді, қазақ, орыс 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет