Хроникасы



Pdf көрінісі
бет31/44
Дата27.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#10386
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44

қарауды аяқтау маңызды. 

Менің  тапсырмаммен  Үкімет  «Энергия  үнемдеу  және  энергияның  тиімділігін 

арттыру туралы» заң жобасын дайындады. Осы маңызды заңды қарауға тезірек 

енгізу керек.

Сіздердің  естеріңізде  болар,  жақында  Оңтүстік  Корея  президентінің  біздің 

елімізге  ресми  сапары  болды.  Біз  Балқаш  ЖЭС-і  құрылысы  туралы  әңгіме 

қозғағанымызда, ол маған Қазақстанның электр энергиясы желілеріндегі шығын 

20%-ды құрайтынын, ал Кореяда бұл сан 4% ғана екенін айтты. 

Біздің Үкімет осы орасан тәжірибені үйренумен неге айналыспайды? Біз электр 

энергиясын бірінші кезекте ескі өндірістерде жоғалтып жатырмыз. Біздің азамат-

тарымыз электр энергиясын ғана емес, сондай-ақ жылуды, суды және басқа да ре-

сурстарды үнемдеп үйренген жоқ. Кеден одағы мүшелеріне, оның үстіне Біртұтас 

экономикалық  кеңістікте  ұтылатын  боламыз.  Сондықтан  адамдарға  белсенді 


308

Қосымшалар

насихаттап, түсіндіру керек, Үкіметке мұнымен өте салмақты айналысу қажет. Осы 

ретте бұл заң, оның қабылдануы жақсы ынталандыру болады.

Парламентте бір жылдан бері банк және қаржы ұйымдары қызметін тәуекелдерді 

азайту тұрғысында реттеу туралы заң жобасы қаралуда. Өткен жылдың соңынан бері 

жобалық қаржыландыру туралы заң төңірегіндегі пікірталастар жалғасып келеді. 

Мен  әлемдік  қаржы  жүйесіндегі  қауіпті  ахуалға  тағы  да  назар  аудармақпын. 

Бұл заң жобалары барлық қаржы қызметін пайдаланушыларға қатысты құқықтық 

кепілдіктерден тұрады. Осы заңдардың тезірек қабылдануын сұраймын.

Біз сіздермен бірге осыдан 3 жыл бұрын біздің банк жүйесінің қандай күйге 

ұшырағанының  куәсі  болдық.  Ешкімнің  және  ештеңенің  бақылауында  болмаған 

банк жүйесі осындай ауыр жағдайларға әкеліп соқтырды. Сондықтан бізге қазіргі 

күні бәрін егжей-тегжейлі айқындап беретін заң жобалары қажет.

тағы бір маңызды міндет — мен ұсынған «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске 

қосу үшін құқықтық база жасау. Аталмыш жобаның әлеуметтік құрамына депутат-

тар назарын аударамын. Ол — қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және со-

нымен бірге бизнес пен тұрғындар арасындағы сенімді ұлғайту мүмкіндігі. тиісті 

заң жобасын қысқа мерзім ішінде қарауға енгізуді Үкіметке тапсырамын және де-

путаттардан оны кешіктірмей қарауды сұраймын.

Біздің стратегиялық міндетіміз елдегі бизнес ахуалды үнемі жақсартып отыру. 

Осы орайда мемлекеттік органдардың бизнестің жаңа субъектілерін жоспарлы 

тексеруіне ол тіркелген сәттен бастап 3 жыл мерзімге дейін заңды түрде тыйым 

салу қажет деп есептеймін.

2012–2014 жылдарға арналған 3 жылдық бюджетті қалыптастыруға сындарлы 

әрі негізделген көзқарас таныту қажет. Ол экономикалық және әлеуметтік дамудың 

барлық міндеттерін шешуді жүзеге асыратындай тұрғыда теңдестірілген болуы тиіс.

Міндеттердің екінші блогы — ол одан әрі әлеуметтік жаңғырту үдерісін заңдық 

тұрғыда қамтамасыз ету. 

Бірінші кезекте білім беру мен ғылымның құқықтық базасына түзетулер енгізу 

керек. Оны халықаралық стандарттарға сәйкестендірудің маңызы зор. Білім беру 

мекемелерін  жан  басына  қаржыландыру  және  білім  беру  қызметі  саласындағы 

мемлекет-жеке  меншік  әріптестігі  қағидаттары  заңмен  бекітілуі  тиіс.  Білім  беру 

несиелерін кепілдендіру жүйесін дамыту үшін құқықтық жағдайлар туғызудың да 

маңызы  зор.  «Білім  беру  туралы»  заңға  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізудің 

мәні де осында. 

Зияткерлік меншік нарығын дамыту үшін заңнамалық база жасау қажет. Бұл 

қазақстандық ғылымның қарқынды дамуының маңызды шарты болмақ.

Еңбек  кодексін  жаңғырту  еңбек  қатынасына  барлық  қатысушылардың  — 

жұмысшылардың, жұмыс берушілер мен мемлекеттің мүдделерін теңдестіруге тиіс.

Үшінші.  Құқық  қорғау  органдары  мен  әділ  сот  жүйесін  реформалаудың 

заңнамалық негіздерін ұлғайту. 

Ұйымдасқан  қылмыспен  күрес  саласында  қылмыстық  және  қылмыстық-

процессуалдық заңнамаларды жетілдіру қажет. 

Сот  жүйесін  нығайту  жөніндегі  бірқатар  заң  жобаларын  да  соза  бермей 

қарастырған жөн. 

Әңгіме жергілікті соттардың рөлін арттыратын және Жоғарғы Соттың қадағалау 

функцияларын ұлғайтатын құқықтық нормалар туралы болып отыр. 



309

Қосымшалар

Сот  процесін  қарапайымдандыру  мен  әділ  сот  тәжірибесіндегі  негізсіз  әуре-

сарсаңдарды  жою  да  маңызды  мәселе.  Сонымен  қатар  Парламент  «Ұлттық 

қауіпсіздік туралы» заңның жаңа редакциясын және «Арнайы мемлекеттік орган-

дар туралы» заң жобасын талқылап, қабылдауы керек. 

Сыбайлас  жемқорлықпен  бітіспес  күрес  жүргізу  құқық  тәртібін  нығайтудың 

маңызды аспектісі болып табылады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы осы қатердің алғышарттарын бол-

дырмайтындай нақты нормалармен дамыта түсу қажет.

төртінші. Президент отандық БАҚ-тар мен ҮЕҰ-ларды дамыту қажет. 

Үкімет  «телерадио  хабарларын  тарату  туралы»  заң  жобасын  әзірледі.  Мұны 

қабылдау отандық теле және радио арналарына қуатты серпін бермек. Жоба таяу 

уақыттарда Мәжіліске енгізілетін болады.

Мемлекет  пен  үкіметтік  емес  сектордың  өзара  қарым-қатынастарының 

құқықтық нормаларын күшейту қажет. 

Осы  сессия  барысында  Парламентке  сол  сияқты  «Діни  қызмет  және  діни 

бірлестіктер туралы» заң жобасын да қарауға тура келеді. 

Дінаралық келісім — біздің халқымыздың бірлігінің негіздерінің бірі. 

Жоғарыда  аталған  заңдардың  бәрі  Қазақстан  тәуелсіздігіне  жаңадан  берік 

құқықтық кепілдіктер береді.

Мен  Парламент  басшылығы  мен  депутаттардың  Қазақстан  тәуелсіздігінің 

20  жылдығы  Декларациясын  қабылдау  жөнінде  бастама  көтергенін  білемін.  Бұл 

ұсынысты қолдаймын. Оның біздің қоғамымызды топтастырудағы жаңа маңызды 

құжат болатынына сенімім мол.

Құрметті депутаттар!

Парламенттің V сессиясы — Мәжілістің біздің тарихымыздағы тұңғыш партиялық 

құрамы үшін қорытынды сессия. 

төртінші  шақырылған  Парламенттің  саяси  ядросы  —  «нұр  Отан»  партиясы 

фракциясының депутаттарына алғыс айтқым келеді. Өз жұмысымен партия Парла-

мент қызметін жаңа деңгейге көтерді. Бұл Қазақстандағы барлық партиялар үшін 

сайлаушылар алдындағы зор жауапкершілік үлгісі. 

Келесі сайлаудан кейін, заңға сәйкес, Мәжіліс кем дегенде қос партиялы бола-

ды. Осылайша біздің жас демократиямыздың дамуындағы жаңа саты басталады.

Баршаңызды  Парламент  сессиясының  ашылуымен  құттықтаймын!  Барлық 

депутаттарға  Қазақстанның  өркендеуі  жолында  жемісті  заң  шығарушылық 

жұмыстар мен жаңа тарихи шешімдер тілеймін.

Құрметті Парламент депутаттары!

Ханымдар мен мырзалар! 

Парламент — мемлекеттің айнасы. Сіздер билік пен халық арасына алтын арқау 

болып, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер.

Бүгінде  біз  ел  тарихының  бүтін  бір  дәуірін  қорытындылап,  бетбұрысты  жаңа 

кезеңнің  басында  тұрмыз.  Сондықтан,  алдағы  сессияда  маңызды  міндеттерді 

заңнамалық жағынан қамтамасыз етуде сіздерге сенім артамын.

Баршаңызға сәттілік пен табыс тілеймін!

назарларыңызға рахмет!



310

Қосымшалар

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 

66-ші сессиясында сөйлеген сөзі

АҚШ, Нью-Йорк қаласы, 2011 жылдың 21 қыркүйегі

Құрметті төраға!

Ханымдар мен мырзалар!

Биылғы жылы біздің еліміз тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуын атап өтеді.

Осы жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын ұдайы берік ұстанумен келе 

жатыр. 


Біріншіден,  біз  Семей  ядролық  полигонын  жауып,  ядролық  қарусыз  әлемге 

адамзат тарихында алғаш қадам бастық. Бұл менің елімнің жаһандағы бейбітшілік 

пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан ұлы үлесі. 

Екіншіден, біз Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті 

шақыруға  қол  жеткіздік,  19  жыл  бұрын  мен  ұсыныс  берген  болатынмын.  Оның 

жұмысына  бүгінде  29  ел  қатысып  келеді,  оларда  Жер  планетасындағы  барша 

адамзаттың тең жартысы өмір сүріп жатыр. 

Өткен жылы Қазақстан тМД елдерінің ішінен бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық 

етті.

Біз  Ұйымның  қызметінің  барлық  өлшемдеріне  серпін  бердік.  11  жылда 



тұңғыш  рет  Астанадағы  ЕҚЫҰ-ның  саммитін  ұйымдастыруға  қол  жеткіздік.  Аста-

на  декларациясының  қабылдануы  Еуро-Атлантика  мен  Еуразия  кеңістігінде 

қауіпсіздіктің  ортақ  әрі  бөлінбес  қоғамдастығын  құру  мақсатында  ЕҚЫҰ-ны 

нығайтуға  ықпал  етті.  Қазақстан  ЕҚЫҰ  АӨСШК-нің  әлеуетін  келешекте  біріктіре 

отырып, Еуразия қауіпсіздігінің біртұтас тұғырнамасын жасауды ұсынды.

Осы  жылы  Қазақстан  Ислам  ынтымақтастығы  ұйымында  төрағалық  етудің 

жауапты миссиясын өзіне алды.

Біз халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту, ислам әлемі мен Батыстың 

арасындағы үнқатысуды алға жылжыту, исламофобияға қарсы тұру, жаппай қырып-

жою қаруын таратпау режимін күшейту бағыттарына күш жұмсаймыз.

ШЫҰ үшін Сомалидегі гуманитарлық дағдарысқа жауап әрекет сынақ болды. 

Біз Сомалиге азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізу, елді экономикалық тұрғыдан демеу 

үшін 350 млн. доллар қаржы жинауға жұмылдыруға қол жеткіздік.

Үшіншіден, біздің қоғамымызда татулық пен бірлікте 140-тан астам этнос пен 

40-тай конфессия өмір сүруде. Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер съезі тұрақты 

өткізіледі. Біз бұл форумдарды БҰҰ-ның аясында өткізуді ұсындық. Бұл планетадағы 

сенімді нығайту жөніндегі жаһандық үнқатысуға қосқан біздің үлесіміз.

төртіншіден,  біздің  еліміз  БҰҰ-ның  Мыңжылдықтар  дамуы  мақсаттарына 

бейілділігін танытуда.

КСРО тарағалы бері біз реформалардың қарқыны мен экономикалық дамудың 

серпінділігі жөнінен алдыңғы позицияларға шыға алдық. 20 жылдың ішінде жан 

басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 14 есе өсіп, 700 доллардан 10 мың долларға 

жетті.

Бесіншіден, Қазақстан Жаһандық энерго-экологиялық стратегияны қабылдауды 



ұсынып, «Жасыл көпір» атты ауқымды экологиялық бастаманы көтерді. Біз осы 

311

Қосымшалар

идеяларды келесі жылғы Рио-де-Жанейродағы Мыңжылдық саммитіне шығаруды 

жоспарлап отырмыз.

Ханымдар мен мырзалар!

Әлем  тарихтағы  сындарлы  кезеңдердің  бірін  өткеруде.  Адамзат  энергияның 

қуатты көздерін бағындырды, дегенмен, табиғи апаттардың алдында қауқарсыз.

Кедейлік пен жоқшылықтың тұтас бір алаптары бай да бақуатты елдерден де 

көрінуде.

Этносаралық,  және  дінаралық  төзгісіздіктің  ұшқындарын  тіпті  толеранттылық 

дәстүрлері берік деген елдердің өзінде де тежеу қиындап барады. 

Жаппай  ақпараттанған  мына  дүниеде  электрондық  экстремизмнен  сенімді 

қорғаныс жоқ.

10 жыл бұрын күллі әлемді «11 қыркүйектің» алапат қасіреті біріктірген бола-

тын. Бірақ бұдан түбегейлі тұжырымдар жасалмады, халықаралық терроризмнің 

қатері әлемнің әр түкпірінен қылаң беруде.

Бұл жаңа жүзжылдықтың басты проблемалары.

Осыған орай мен саяси сайысқа қатысушылардың назарын мынадай жайларға 

аударғым келеді.

Бірінші. Бұл жаһандық ядролық қауіпсіздік мәселелері. 

Біз  ядролық  қарусыз  әлемнің  жалпыға  ортақ  декларациясын  дайындауға 

кірісуді ұсынамыз.

2012 жылы Сеулде өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке үлкен үміт 

артамыз.


Құқықтық  базаны  кеңейтіп,  БҰҰ  мен  МАГАтЭ-нің  барлық  елдерге  тарат-

пау  саласындағы  міндеттемелерін  барлық  елдердің  орындауына  халықаралық 

бақылауды арттыру қажет.

Біз  АҚШ  пен  Ресей  арасындағы  Ядролық  арсеналдарды  кезең-кезеңімен 

қысқарту туралы шартына қолдау көрсетеміз. Осы процеске «Ядролық клубтың» 

барлық елдерінің қосылуын маңызды деп санаймыз.

Әлемде бүгін қайшылықты ахуал орын алуда: біреулерге ядролық қаруды иеле-

нуге және оны жетілдіруге рұқсат етілсе, басқа біреулеріне тіпті әзірлеуді жүргізуге 

қатаң тыйым салынады. Бұл — әділетсіздік, теңсіздік, жосықсыздық. Халықаралық 

құқықтың мұндай ережелері қайта қаралуы тиіс.

Барлық  мемлекеттердің,  әсіресе  ядролық  мемлекеттердің  ядролық  қаруды 

қысқарту мен оның арсеналдарын біртіндеп жою жөніндегі жауапкершілігін күшейту 

туралы сөз болып отыр.

Бүгінгі таңда ядролық қаруға ие державалар тарапынан ядролық қарусыз мемле-

кеттерге нақты заңды кепілдіктер жоқ. Бұл маңызды өлшем тұрғысынан қарағанда, 

таратпау туралы шарт жұмыс істемейді. Қазіргі кезеңде ядролық қару жанталаса 

қаруланудың тежеуші факторына емес, қайта қозғаушы күшіне айналып отыр. 

XXI  ғасырда  жанталаса  қарулануды  жаппай  тежеу  функцияларын  БҰҰ-ның 

Қауіпсіздік Кеңесі сияқты өкілеттіктері кеңейтілген алқалы орган ғана тиімді жүзеге 

асыра алады.

Сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың де-факто ядролық мемлекеттерге ұжымдық 

жолдауын қабылдап, оларға өздерінің шамшыл ниеттерінен бас тартуға, жалпыға 

ортақ шарттарға қосылуға шақыруды ұсынамын. 


312

Қосымшалар

Екінші. Экономикалық үдерістердің жаһанданудағы өсіп келе жатқан деңгейі БҰҰ 

қызметінің  экономикалық  құрамдасындағы  парадигмалардың  ауысуы  қажеттігін 

талап етуде. 

Әлемдік  құрылымдардың  валюталық  және  сауда-экономикалық  рет-

теу  саласындағы  жұмысының  басты  мазмұны  әлемдік  дағдарыстарды  болжап, 

себептерін аластау болуы тиіс.

Бүгінде ағымдағы жаһандық дағдарысқа әлемдік қаржы жүйесіндегі ақау алып 

келгенімен бәрі де келіседі. Бірақ оның кемшін тұстарын жоюға бағытталған ешқандай 

шара әлі күнге қабылданбай отыр. Аталған мәселедегі баяулық дағдарыстың жаңа 

қуатты қысымына соқтырып, өңірлік және әлемдік тұрақсыздыққа ұрындырады. 

Барлық құрылымдар мен қатысушылардың нақты құқықтары мен жауапкершілік 

нормалары  көрсетілген,  тиімді  әлемдік  резервтік  валютасы  бар,  алыпсатарлық 

капиталға қатаң бақылау орнатылған жаһандық экономикалық басқарудың тиімді 

тетіктерін құру маңызды. Осы тұрғыдан келгенде, Жаһандық реттеу туралы пакт 

жасау идеясы көкейкесті болып табылады. 

Келесі  маңызды  мәселе  —  жаһандық  аштық  пен  өсе  түсіп  отырған  су 

тапшылығының алдын алу.

Үшінші. Ақпараттық кеңістік — бұл адамзат болашағы үшін жер байлығы, әуе 

және су әлемі, ғарыш сияқты маңызды сала. 

Бірақ бүгін ақпараттық үдерістерді реттеп отыратын бірде-бір халықаралық кон-

венция, бірде-бір көпжақты келісім жоқ. 

Банктерге, компанияларға, мемлекеттік мекемелерге, әскери және тіпті ядролық 

нысандарға  көптеген  хакерлік  шабуылдардың  іс  жүзінде  жазасыз  қалатындығы 

осымен түсіндірілмей ме? 

Жаһандық-ақпараттық  кеңістіктің  халықаралық  құқықтық  базасын 

қалыптастыруды маңызды санаймын. 

Бұған 2002 жылы қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының киберқауіпсіздіктің 

жаһандық мәдениетінің 9 элементі туралы қарары негіз болады.

төртінші. Жаңа әлемдік сипаттың «пісіп-жетілуі» жанжалдардың өсуімен қоса 

жүреді. 


Бүгінде  әлемде  қаруланудың  жиынтық  шығыны  «қырғиқабақ  соғыс» 

жылдарындағыдан  2  есе  жылдам  —  жылына  6%-ға  өсіп  отыр.  Олар  бүгінде 

1,5 трлн. долларға жетті. 

Осы ретте менің осыдан 19 жыл бұрын алғаш айтылған БҰҰ-ның бітімгершілік 

күш-жігері қорын құру туралы ұсынысым бұрынғыдан да көкейкестірек бола түседі. 

Бұл жерде әңгіме БҰҰ-ға мүше әр мемлекеттің әскери бюджетінің 1% аударуы 

туралы  болып  отыр.  Әлемдік  қоғамдастықты  осы  идеяға  оралып,  қажетті  шара 

қабылдауға шақырамын. 

66 жыл бұрын БҰҰ «оның барлық мүшелерінің егемендік теңдік қағидатына» 

негізделген ұйым ретінде құрылды. Алайда, бүгінде ұлттық егемендік пен аумақтық 

тұтастық қағидаты көп жағдайда эрозияға ұшырайтынын көрмеу мүмкін емес. Бұл 

мұның ұлттар арасындағы сенімге селкеу түсіруі мүмкін.

Бүгінде жаңа өмір болмысын көре отырып, ішкі жанжалдарды реттеуге әлемдік 

қоғамдастықтың  қатысуы  заңды  болып  табылатын  шектерді  нақты  айқындап, 

мемлекеттердің ұлттық егемендігіне қатысты халықаралық құқықтың нормаларын 

жетілдіру қажет. 



313

Қосымшалар

Егер БҰҰ қауіпсіздіктің өңірлік құрылымдарымен тығызырақ іс-қимыл таныта-

тын болса, онда Жердегі бейбітшілік тек беки түседі. Еуразия өңіріне қатысты айта-

тын болсам, бұлар — АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ. 

Қауіпсіздік Кеңесінің құрамы мен қызметінде қазіргі әлемнің құрылымын тепе-

тең  көрсету  маңызды.  Осымен  бір  мезгілде,  вето  тетігі  қабылданатын  шешімдер 

дұрыстығы мен тиімділігінің кепілі болып қалады. 

Қазақстан  өзінің  кандидатурасын  БҰҰ  Қауіпсіздік  Кеңесінің  2017–2018 

жылдардағы  тұрақты  емес  мүшелігіне  ілгерілетті.  Біз  әлемдік  қоғамдастықтың 

қолдауынан үміттеміз.

Осы күндері Палестина проблемасын бүкіл әлем талқылауда. Қазақстан Палести-

на мемлекетінің құрылуын қолдайды. тарих таразысында күрделі мәселе тұр. Бұл 

туралы АҚШ Президенті Барак Обама айтқан болды. тәуелсіз мемлекет Палестина-

сыз таяу Шығыстағы орнықты бейбіт өмірге қол жеткізу мүмкін емес.

Ханымдар мен мырзалар!

тарих адамзаттың әрбір жаңа дәуірінің алдына кең ауқымды міндеттер қояды. 

Бүгінгі  ең  маңызды  мәселе  —  ХХІ  ғасырдағы  жаһандық  трансформация 

қиындықтарынан лайықты өту.

Барлық  ұлттар  арасындағы  сенім  мен  бірлік  —  бұл  жаңа  әділетті  әлемдік 

сипаттың негізі.

назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.



314

Қосымшалар

«Ядросыз әлем үшін» халықаралық 

форумында сөйлеген сөзі

Астана қаласы, 2011 жылдың 12 қазаны

Құрметті форумға қатысушылар!

Ханымдар мен мырзалар!

Мен әлемдегі аса ірі ядролық полигондардың бірі — Семей ядролық сынақ по-

лигоны  жабылуының  20  жылдығына  арналған  маңызды  халықаралық  форумға 

қатысу  үшін  Қазақстан  елордасына  алғаш  рет  жиналып  отырған  біздің  барлық 

мәртебелі қонақтарға қош келдіңіз деймін.

Бүгінде ядролық қауіпсіздік мәселелері әлемдік саясатта жетекші орындардың 

бірін алады.

Өткен жылы осы жүзжылдықта алғаш қол қойылған АҚШ пен Ресей стратегиялық 

ядролық арсеналдарын қысқарту туралы Париж шарты қолданысқа енгізілді.

Сонда Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит өткен бо-

латын.

Осыдан 3 апта бұрын нью-Йоркте БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның ұсынысы 



бойынша аталған проблемаға арналған жоғары деңгейдегі мәжіліс өтті.

Алдағы жылдың наурызына белгіленген Сеул саммитіне дайындық жүргізілуде.

Астанадағы  осы  жолғы  форум  ядролық  қауіпсіздік  проблемаларының  барлық 

спектрлері  бойынша  саясаткерлер  мен  жұртшылықтың,  күш-жігерін  біріктірудегі 

маңызды қадам. Оның қатысушыларының кең құрамы — ядросыз әлем идеясының 

жаһандық деңгейде ешкімді бей-жай қалдырмайтынының жарқын көрсеткіші.

Қымбатты достар!

20  жыл  бұрын  әлемде  бірінші  болып  біз  өз  жеріміздегі  ядролық  полигон-

ды жаптық. Қырық жылға созылған сынақ кезінде 450-ден астам жарылыс жа-

салса,  соның  ішінде  120-дан  астамы  атмосферада  жасалды.  Олардың  жиынтық 

қуаты  2,5  мың  Хиросиманы  жойып  жіберуге  жеткілікті  еді.  Радиация  300  мың 

шаршы шақырымнан астам аумақты бүлдірді. Бұл — шамамен Германия сияқты 

Еуропадағы үлкен елдердің бірінің аумағына тең. Ядролық сынақтардың салдары-

нан 1,5 млн. астам адам зардап шекті.

Менің Семей полигонын жабу туралы Жарлығым біздің осы жылы 20 жылдығын 

атап өтетін тәуелсіздігімізге қадам басуымыздың кері қайтпас нүктесі болды.

Барлық  қазақстандықтар  үшін  бұл  өзінің  толық  егемендікті  сезінудегі  тарихи 

акт, бүгініміз бен болашағымызға күш беріп, ақыл қосқан сенім болды. «невада-

Семей»  қозғалысына  біріккен  халықтың  ерік-жігерінің  көрініс  беруі  нақ  осымен 

түсіндіріледі. 

Бірақ біз әлемді «ядролық зұлымдықтың» ауқымды апанынан шешімді түрде 

аластап қана қойған жоқпыз. Біз жаһандық қатерден де биіктеп, еліміз тарихы мен 

бүкіл әлемнің ядродан арылуы пайдасына қағидатты таңдау жасадық. 

Қазақстан сондай-ақ кеңестік әскери мәшинеден мұраға қалған ядролық сауыт-

сайманын да шешті. Бұл ауқымы жөнінен әлемдегі төртінші зымырандық-ядролық 

арсенал болатын.



315

Қосымшалар

Қазақстан ядролық бомбалар мен оларды жеткізу құралдарына ие еді. 

Одан кейінгі 5 жыл бедерінде АҚШ және Ресейдің қатысуымен Жер шарының 

кез  келген  нүктесіне  жетуге  қабілетті  1200  оқтұмсығы  бар  110-нан  астам 

баллистикалық  зымыран  бөлшектелді.  Сол  уақытта  еліміздегі  ядролық  арсенал 

Ұлыбритания, Франция, Қытай үшеуін қосып алғандағы ядролық әлеуеттен асып 

түсетін еді. 

Қазақстан тМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып Ядролық қаруды та-

ратпау туралы шартқа қосылды.

Бүгін мен мұның Қазақстанның шынайы тәуелсіздігіне ауқымды және драмалы 

қадам болғанын тура айта аламын.

Есесіне біз әлемнің АҚШ, Ресей, Ұлыбритания сияқты жетекші ядролық держа-

валарынан өзіміздің қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік талап етіп, оны 

1995 жылы алдық. Кейін бұл кепілдемеге Франция мен ҚХР қосылды.

15  жыл  бұрын  Қазақстан  Ядролық  сынақтарға  жаппай  тыйым  салу  туралы 

шартқа қатысушы атанды. 

Өңірдегі көршілерімізбен бірге Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ 

құру туралы Семей шартына қол қойылды. 

Ал бүгінде еліміз жаһандық антиядролық қозғалыстың көш басында келеді. Мұның 

бәрін егжей-тегжейлі айтып отырған себебім — бұлар тәуелсіз Қазақстанның ядро-

сыз өмірбаянынындағы жарқын беттер болып табылады. Бұл біздің антиядролық 

тәжірибеміз, оған әлемнің барлық мемлекеттерін үлгі алуға шақырамын.

Құрметті форумға қатысушылар!

Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойылған күн уақыт өткен сай-

ын  алыстай  түседі.  20  жыл  бұрын  осы  полигонды  жаба  отырып  қандай  күйде 

болғанымды әр адам, әр саясаткер басынан өткермегені анық. Бірінші кезекте бұл 

зұлымдықты  жеңген  қуаныш  болатын.  Бірақ,  КСРО  әскери-өнеркәсіп  кешенінің 

жанталасқан  қарсылығы  мен  басында  президент  М.С.  Горбачев  тұрған  биліктің 

қатты қарсылығын еңсеруге тура келді. 

Бізге қысым жан-жақтан жасалды.

Бірақ,  жылдар,  онжылдықтар  өте  келе  бұл  шешімнің  жаһандық  өркениеттегі 

маңызы айшықтала түседі екен.

Қазіргі ұрпақ әзірше бұл оқиғаның тарихи ауқымын жеткілікті бағалай алмай 

отыр. 

Өздеріңіз ақылға салып көріңіздерші.



Адамзаттың атомды ыдырату құпиясын ашқанына жүз жылға жақындап қалды. 

Бұл жаңалық өткен ХХ ғасырдағы ғаламат ғылыми ілгерілеу болды.

Әскери атомның қуаты мен тажалдығы саясаткерлерді өркениеттің өзін өзі жою 

қатеріне  қарсы  іс-қимыл  танытудың  жолдарын  іздеуге  мәжбүрледі.  Осылайша 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет