таратпаудың жаһандық үдерісі пайда болды. Оның аясында ядролық арсеналдарды
қысқарту туралы және қатерлі қаруды сынауға мүмкіндік қарастыратын бірқатар
халықаралық келісімдер жасалды. Бірақ мұның бәрі шектеу шаралары ғана еді.
Семей полигонын жабу әлемде ядролық қаруды сынауға толықтай тыйым салған
алғашқы және күні бүгінге дейін бірден-бір іске асқан тыйым болып табылады.
Қазақстан біздің жаңа мемлекетіміздің күш-қуаты ядролық бұлшық еттерін көрсетуде
емес, керісінше, оларды қолданбауда және толықтай бас тартуда деп бірден және
316
Қосымшалар
мәңгілікке шешім алды. Және бұл біздің мемлекеттілігіміздің — жалпыұлттық идея
рангына шығарылған бүкілхалықтық ақыл-ойымыздың темірқазығы болды.
1991 жылдың 29 тамызында іс жүзінде жаһандық ядро тарихында жаңа дәуір
басталды. Әлем жаппай қырып-жоятын қаруды өз еркімен, саналы түрде және
біржақты негізде заңсыз етудің үлгісін алды.
Және Қазақстан жасаған бұл қадамның маңызы шын мәнінде уақыт пен
кеңістікте алдыңғы кезекке шықты. Сондықтан 29 тамыздың біздің бастамамызбен
БҰҰ тарапынан Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жа-
риялануы заңдылық.
Ғасырлар тоғысындағы 20 жыл бойы жаһандық ядролық қарсы тұрушылық
қаупі айтарлықтай төмендеді.
Орталық Еуропадағы ядролық зымырандар межесі жойылды.
АҚШ пен Ресейдің арсеналдарын айтарлықтай қысқартқан СШҚ-1 және СШҚ-2
шарттары іске асырылды.
Біз бастамашылық танытқан АӨСШК үдерісі Еуразияның кең байтақ кеңістігіндегі
мемлекеттер арасындағы сенімді дәйектілікпен жоғарылатып келеді.
Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қазірдің өзінде 182
мемлекет қол қойса, 154-і ратификациялап үлгерді.
Көп жағдайда Қазақстанның арқасында планетамыздағы барлық басқа поли-
гондар — невада, Лобнор, Жаңа Жер үнсіз қалды.
«Ядролық клуб» державалары сынаққа мораторийді сақтап отыр.
тұтастай алғанда, 20 жыл ішінде ядросыз әлем жолында маңызды қадамдар
жасалды. Дейтұрғанмен, көптеген күрделі мәселелер ашық күйінде қалып келеді.
Біріншіден, ядролық қауіпсіздіктің өңірлік өлшемінің маңызы біршама артты.
Бүгінде Оңтүстік Азия мен таяу Шығыстағы ядролық қарулануды халықаралық
бақылаудың тиімді тетігі жоқ.
Біз жекелеген ядролық державалар мен осы қатерлі қаруға қол жеткізу
«табалдырығында тұрған» елдердің қарсы тұрушылықтарын айқын аңдап
отырмыз.
Атом технологиялары мен материалдарының халықаралық лаңкестер қолына
түсуінің қаупі зор.
Екіншіден, Ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шарт төңірегінде паттық
жағдай туындауда.
Ол бірқатар ядролық және «табалдырықты» елдердің қол қою және ратифика-
циялау үдерісін созбалаңға салуының салдарынан күшіне ене алмай отыр.
Үшіншіден, ядролық қарусызданудың жаһандық үдерістеріне «ядролық клуб»
державаларының барлығы бірдей қатысып отырған жоқ.
Қазіргі кезде ядролық мемлекеттердің бірнеше түрі бар. Бұл ресми ядролық
державалар, атом қаруына де-факто ие мемлекеттер және «табалдырықты» деп
аталатын елдер.
Ядролық державалар ядролық қарулары жоқ елдерге қауіпсіздік кепілдігін
бермейді. Мұның ақыры ядролық қарудың әлемнің «жарылу қаупі бар» өңірлеріне
таралуына алып келуі ықтимал.
Сонда неліктен ядролық қаруға де-факто ие мемлекеттер бұл клубқа енбейді?
неліктен оларды алдыңғыларының қатарына қосып, ядролық қарулары болғаны
үшін тиісті жауапкершілік жүктемеске? Барлық шарттар мен келісімдерге
317
Қосымшалар
қарамастан, 2 мемлекет өткен ғасырдың соңында бәрібір ядролық державалар
қатарын толықтырды.
төртіншіден, әлемдік қоғамдастық әзірше бейбіт атом дамыту үстіндегі мемле-
кеттерге қатысты әділетті шешім таба алған жоқ.
Ядролық таратпау туралы шарттың ассиметриялық нормалары тек ядросыз
мемлекеттерге қатысты ғана санкцияларды қарастырады. Осындай жағдайда сенім
тапшылығы айтарлықтай проблемаға айналып отыр. Ал сенім болмаған жерде
қауіпсіздіктің ешқандай жүйесі, оның үстіне, ядролық жүйесі тиімді болып табыл-
майды.
Бесіншіден, атомнан туындайтын қазіргі заманғы қатер елдердің бейбіт ядролық
энергетика қауіпсіздігі режимін сақтау мәселесінде тепе-теңдік ұстамауынан да
тереңдей түсуде.
Бұл жерде әңгіме «бейбіт атом» нысандарына МАГАтЭ тарапынан жеткілікті
деңгейде бақылау жасалмауы немесе аталған мәселеде халықаралық құқықтық
базаның айқын еместігі туралы ғана болып отырған жоқ. Ең үлкен теңгерімсіздік —
ядролық энергияны өндірудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету технологиясының атом
саласы дамуының ауқымынан едәуір артта қалуы.
Кейбір ядролық энергетикалық циклды коммерцияландыру жағдайларында
қауіпсіздік мәселелері екінші, тіпті кейде үшінші кезекке ысырылатынын байқап
жүрміз.
Енді мәселенің басқа қырынан келейік. трансұлттық корпорациялардың
ядролық энергетикаға арта түсіп отырған қызығушылығы «бейбіт атомды» пайдала-
ну жөніндегі халықаралық конвенцияларда іс жүзінде қаперге алынбайды.
Мұның барлығы, әрине, шешуді қажет ететін күрделі проблемалар. Соған
қарамастан, адамзат атомды ыдырату технологиясын иеленген 100 жыл бойы бұған
дейін еш уақытта ядролық әлем құру үшін осындай кең мүмкіндік болған емес.
Және осы ыңғайлы сәтті пайдалану бәріміздің ортақ борышымыз!
Ханымдар мен мырзалар!
Ядросыз әлем — утопия емес. Бұл — планетаның айтарлықтай бөлігінде көрініс
беріп отырғанындай, нақты шындық. Ядролық қарудан азат аймақтар Оңтүстік
және Орталық Америкада, Австралия мен Океанияда, Африкада, Оңтүстік-Шығыс
және Орталық Азияда құрылса, бұл — іс жүзінде Жер шарының жартысы.
Бүгінде ядросыз мемлекеттер қатарын толықтырып отырғандарға барлық
ядролық мемлекеттер тарапынан халықаралық-құқықтық кепілдеменің тиімді тетігі
қажет.
Ядросыз әлем идеясының радиофобияға ешқандай қатысы жоқ. 60 жыл
қатарынан «әскери атомның» қатерлі көлеңкесі жаһандық ядролық энергетиканың
орасан перспективаларын лайықты бағалауға кедергі жасап келді. Бірақ факт факт
түрінде қалып отыр.
Планетаның көмірсутегі қорлары азайып барады. Сондықтан энергияның
қайталама көздерінің болашағы зор. Дегенмен, олар таяу болашақта жаһандық
экономиканың өсе түсіп отырған қарқыны талап ететін қуат көздері көлемін бере
алмайды.
Қазіргі кезде адам баласы үшін атом энергиясынан асқан қуатты да қолжетімді
көз жоқ.
318
Қосымшалар
Бүгінде шамамен 40 шақты ел бейбіт атом саласында зерттеулер жүргізіп жа-
тыр. 15 мемлекет атом электр стансаларын салуда немесе салу ниетінде. Олардың
қатарында Қазақстан да бар. Біз үшін ядролық энергетика — болашақ инновациялық
кластерлердің бірі. Біз бүкіл әлемдік уран қорының төрттен біріне иелік етудеміз.
Бізде үлкен ғылыми әлеует пен ядролық энергетиканың инфрақұрылымы бар.
Халықаралық міндеттемелерді қатаң сақтай отырып, біз «бейбіт атомның» барлық
нысандары қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз еттік.
Қазақстан МАГАтЭ-нің басшылығымен жұмыс істейтін Халықаралық ядролық
отын банкі депозитарийі рөліне өзінің кандидатурасын ұсынғаны белгілі. Біз аталған
мәселе оң шешіледі деп санаймыз.
Қазақстан таратпау, қарусыздану және атом энергиясын бейбіт пайдалану
мәселелерінде ең сенімді әріптес болды, болып келеді және бола береді.
Біз ядросыз әлемде планетамыз ұмтылуға тиісті орасан мақсат көреміз.
Бұл — қандай да бір идеологиялық және мәдени айырмашылық коррозиясына
ұшырамаған жаңа әмбебап жалпыадамзаттық құндылық.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 66-шы сессиясының мінберінен мен Ядросыз әлемнің
жалпыға ортақ декларациясын жасау идеясын ұсындым. Бұл — осыдан 20 жыл
бұрын ядролық қатерге қасқайып қарсы тұрған Қазақстанның саналы қадамы.
Оның үстіне біз бүгінде осындай декларацияны қабылдау оңайға соқпайтынын
түсінеміз. Мемлекеттер ядролық қаруларынан арылғылары келмейді. Оларға ядро-
сыз өмір жоқ секілді көрінеді. Біреулер қаруды тежеп отырмыз деп есептесе, енді
біреулері осынау шоқпармен барша әлемге сес көрсетеді.
Ертең Семей полигонына барасыздар, сынақ жасалған орынды көресіздер.
Сіздерге сондағы мұражайда сынақтар салған сойқандарды көрсетеді. тіпті үшінші
ұрпақтың өзі кемтар болып тууда. Елімізде қатерлі ісіктен ең көп ауырғандар мен
өлгендер нақ осы өңірде.
Біздің халқымыз ядролық қаруға қарсы қалай көтерілсе, біз бүкіл әлем
халықтарын адамзатты ядролық қатер апокалипсисінен құтқару жолындағы
күреске дәл солай көтеруге тиіспіз.
Жалпыға ортақ декларация қабылдануымен біз ХХІ ғасырда БҰҰ-ның қатаң
бақылауына сүйеніп, жаһандық ядролық қауіпсіздіктің біртұтас жүйесін құруды
байланыстырамыз. Ядросыз әлемге жол салу планетаның ақыл-ойлы барлық
адамдарының күш-жігерін біріктірмей мүмкін емес.
Бүгінде мен жоғарыда айтып кеткен беделді де қуатты Жаһандық антиядролық
қозғалысты құру маңызды. Осы форумда бұл туралы мәлімдеп, оны планетаның
барлық құрлықтарында ұйымдастыруға кіріскен маңызды. Қозғалыстың басты
мақсаты ядролық қатерлермен күресу ғана емес. Адам баласының санасында
ядроның қандай түріне болса да жиіркеніш сезімін қалыптастыру аса маңызды.
Және мен біздің елордамызда өтіп отырған осы форумға үлкен үміт артамын.
Қымбатты достар!
Ядролық полигонды алғаш жапқан мемлекеттің Президенті ретінде жеке өз ба-
сым үшін ядросыз әлем — бұл абсолютті саяси аксиома.
Кейде тарихи оқиғалар мен жекелеген адам басындағы оқиғалар қайшыласатын
сәттер болады. Мен үшін және менің халқым үшін тәуелсіздігімізге қол жеткізіп,
ядролық полигонды жапқан 1991 жыл сондай жыл болды.
319
Қосымшалар
тарихтың сабақтары олар болашаққа бағдарланғанда ғана қандай да бір мазмұнға
ие болады. Сондықтан өткенді еске ала отырып біз болашақтағы іс-әрекеттеріміз ту-
ралы, балаларымыз бен немерелеріміз үшін ХХІ ғасырдағы ядролық қауіпсіздік ту-
ралы ойлауға тиіспіз.
Осы жүзжылдықта біздің планетамыздың ядролық өзін өзі жою қатерінен
толықтай арылатынына сенемін.
Осы залға жиналған және төрткүл дүниедегі өзімнің барлық ниеттестеріме осы
жылда жемісті жұмыс тілеймін.
тыңдағандарыңызға рақмет!
320
Қосымшалар
Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің
республикалық форумында сөйлеген сөзі
Астана қаласы, 2011 жылдың 11 қарашасы
Құрметті форумға қатысушылар!
Ханымдар мен мырзалар!
Бүгінгі алқалы жиынға ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен ауыл
еңбеккерлері, жергілікті әкімшілік қызметкерлері, ауыл шаруашылығы саласының
мамандары мен ғалымдар шақырылып отыр. Бедерлі тарихымыздың белесті
кезеңі — тәуелсіздіктің 20 жылдығымен орайлас келген форумға қош келдіңіздер.
«Халқымызда «Ауыл — ат байлар алтын қазық» деген қанатты сөз бар. Расында,
ауыл біздің қастерлі атақонысымыз, тіршілік тынысымыз, киелі алтын тамырымыз.
Баршаңыз да білесіздер, біз индустриялық-аграрлық елміз. Біздің ел
экономикасының 2 басым бағыты бар. Бұл — индустриялық және аграрлық са-
лалар. Ауыл шаруашылығы қашанда ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші
саланың бірі болған, солай болып қала береді де. Мен оған кәміл сенемін».
Ауыл шаруашылығын дамыту — 7 мыңға жуық ауылды өркендетіп, ел
азаматтарының тең жартысының жағдайын жасау деген сөз. Сондықтан, біз бұл
салаға мемлекет тарапынан айрықша назар аударып, тәуелсіздік жылдарында
ерекше көңіл бөліп, көп қаражат жұмсап келе жатқанымызды білесіздер.
Кеңес одағынан бізге ауыртпалығы мол, артта қалған ауыл шаруашылығы мұра
болып қалды. Азаттықтың алғашқы жылдарында да ауыл алапат дағдарыстарды
бастан өткерді. Малдың басы азайды, жерді игеру тоқтап қалды.
Дегенмен, сол қиындықтарды жеңіп, ауқымды жаңғыртулар арқылы біз ауыл
шаруашылығын қарыштатып, дамыта алдық. Біз жасампаз 20 жылда ауылдың
еңсесін тіктеп, агроөнеркәсіпті өрге сүйредік.
Біздің дұрыс жол таңдағанымызды уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Биылғы
мерейлі жылда егін бітік шықты, қамбамыз астыққа толды. Бұрын болып көрмеген
зор табыстарға жеттік. Биылғы астық Қазақстан үшін рекордтық болды. Ауыл
шаруашылығы еңбеккерлері ерен табысқа жетіп, ел ырысын еселеп, тәуелсіздік
тойына лайықты тарту жасады. Сондықтан, бүгінгі кездесуді қуанышты, мерекелі
кездесу деп айтуымызға болады.
Осы орайда ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге үлес қосқан сіздерге,
сіздер арқылы барлық аграрлық саланың қызметкерлеріне шын жүрегіммен
алғысымды айтып, келешекте де зор табыстар тілеймін.
Бұл сіздердің тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнаған тартуларыңыз, төгілген
тердің өтеуі, ерен еңбектің нәтижесі деп білемін.
Құрметті форумға қатысушылар!
Сендердің атыңда барша қазақстандық ауыл еңбеккерлеріне сәлем жолдаймын!
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын Қазақстанның аграрлық секторы теңдессіз та-
быстарымен аяқтап отыр.
Соңғы 5 жылдары ең жоғары астық — 30 млн. тоннаға жуық дәнді дақыл, оның
ішінде 25 млн. тоннасы бидай жиналды. Астық түсімінің көрсеткіші тың көтерудің
321
Қосымшалар
алғашқы жылдарынан бастағанда барлық бұрынғы рекордтардан асып түсті — гек-
тарынан 18 центнерден астам алынды. негізгі астық өсіруші өңірлер — Солтүстік
Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында гектарынан 30 центнерден астам дән
жиналды.
Аграрлар да, механизаторлар да, егіншілер де жақсы еңбек етті. Сонымен қатар
ұйымдастырушылық жұмыстары үшін осы облыстардың әкімдері — С.С. Біләловқа,
С.В. Кулагинге, С.А. Дьяченкоға, осы облыстар аудандарының барлық әкімдеріне
үлкен рақмет айтқым келеді. Қазақстанның басқа өңірлері де мол астыққа қол
жеткізді.
Осындай теңдессіз нәтижелер үшін сіздерді тағы да құттықтаймын. Бұл бүкіл
Қазақстанның аса зор жеңісі.
Мен агроөнеркәсіп кешенінің барша қызметкерлеріне Қазақстан тәуелсіздігінің
20 жылдығына тартқан осынау бағасыз сыйлықтары үшін шын жүректен алғысымды
білдіремін.
Рекордтық астық — бұл тек сәттіліктердің сәйкес келуін немесе табиғаттың ерек-
ше тартуын ғана білдірмейді. Егер тарихқа назар аударсақ, кеңестік кезеңдегі «ұлы
тың астығының зор жетістіктерінің» өзі экстенсивті жолмен алынды. нәтижеге емес,
көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында мал шаруашылығына орасан зор нұқсан
келтіріле отырып, көлемді жайылым жерлер егістік үшін жыртылып тасталынды.
Ал өсірілген астықты алу үшін тұтас әскери бөлімдер, студенттер мен қалалықтар
осы іске жұмылдырылатын. Барлығы да көрсеткіштер үшін жұмыс істеді! Алайда,
жиналған астықты жай ғана сақтап қалу үшін жасалатын нәрсе жоқтың қалы еді.
Мұнын қалай жасалғанын сол жылдары еңбек еткен ардагерлер жақсы біледі.
Мұндай нәрсе бізде қазір болып көрген емес. Қазақстан егінінің қазіргі рекор-
ды мүлде басқа тәсілдермен алынып отыр. Оған екі шешуші фактордың ықпалы зор
болды.
Біріншісі — мемлекет қолдауына арқа сүйеген біздің фермерлердің ерлік
еңбегінің нәтижесі. Аграрлық секторды қолдау мақсатында соңғы 5 жылдың
өзінде республикалық бюджеттен 670 млрд. теңге бөлінді. Әлемдік дағдарыс өршіп
тұрған 2009 жылдың өзінде ұлттық қордан аграрлық сектордың болашағы үшін
үлкен маңызы бар инвестициялық жобаларды қаржыландыруға 120 млрд. теңге
қарастырылды.
Осы қаржыға қазірдің өзінде 42 жаңа өндіріс орны іске қосылып отыр. Мыңдаған
ауылдықтар жұмыс, ал экономика өнім алды.
Сондықтан да кездесулер кезінде ауылдықтар маған біздің ауылда ешқандай
дағдарыс білінген жоқ дейтіні — осы.
Сол 2009 жылы ауыл шаруашылығы саласының өсімі 9%-дан астамды құрады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, биылғы жылы ауыл шаруашылығы өнімнің
көлемі 20%-дан астамға ұлғаятын болады.
Егістік алқаптардың жартысынан астамында тұқым себу, өнім жинау жұмыстары
жоғары өнімді жаңа техникалармен жүргізілгені ерекше нәрсе.
Егістің 70%-дан астамында ылғал ұстаушы технологиялар қолданылды. Осынау
технология идеологтары мен іс жүзіне асырушылардың бірі Валентин Иванович
Двуреченский болып табылады. Қазіргі күні 11 млн. гектардан астам егістікте осы
технология іске асырылды. Ол тек ылғал сақтап қана қоймайды, сонымен қатар
топырақтың құнарын да сақтайды.
322
Қосымшалар
Қазақстан ауыл шаруашылығының осы жеңісіне ықпал еткен екінші фактор —
бұл мемлекеттің аграрлық саясатының жемісті нәтижесі.
Өткен 2 онжылдық Қазақстанның ауылдары мен селоларын түбірімен өзгертті.
КСРО тарағаннан кейін жас мемлекетке өте ауыр жағдай мұраға қалғаны әлі
ұмытыла қойған жоқ. Ауылдықтардың жартысынан астамы кедейшілік қамытында
өмір сүрді. Егіс алқаптары, күрт қысқарды, мал басы күрт азайды, техника ескірді.
Бізге ауыр мұра қалған еді.
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап біз аграрлық саланы реформалауға
кірістік. Кеңестің өткен ұжымдық эксперименттерінен кейін жекешелендіру үдерісі
барысында жер өзінің нақты иелерін тапты. Бүгінде бұл 185 мың шаруа және фер-
мер шаруашылықтары, серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар ретінде жұмыс
жасайтын 9 мың ірі және орта кәсіпорындар. Халықтың үштен бір бөлігі осылар-
да жұмыс істеп жатыр. Әр жыл сайын нақ осы секторда елдің ұлттық байлығының
7% жасалынады.
Жерге жеке меншік туралы мәселені неғұрлым әділетті шешкен Жер тура-
лы заң аграрлық сектордың тұрақты құқықтық негізі болып табылады. Ауыл
шаруашылығын дамытудың құқықтық негізі, барлық қажетті заңдар топтамасы
қабылданды. Мұнда сол кезде ауыл шаруашылығы министрі болып жұмыс істеген,
осынау жобаларды әзірлеп, өмірге енгізген Ахметжан Есімовтің де еңбегі бар.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік
қолдаудың тиімді тәсілдері қалыптастырылып, жұмыс істеуде. Олар жеңілдікті
салық салу, несиелендіру және субсидиялау, ауыл шаруашылығы техникалары
мен құрал-жабдықтарының арзандатылған лизингі және басқа да көптеген ша-
ралар.
Ауылдар мен селоларды дамытудың 6 жылдық мемлекеттік бағдарламасы
жүзеге асырылды. Оның аясында 1 трлн. теңгедей қаржы игерілді.
Ондаған ауылдық елді мекендерде жаңа мектептер, ауруханалар, мәдениет
үйлері, жолдар, сумен қамту жүйелері, электр желілері салынды.
Біз Көксарай су қоймасы, Шардара-Мақтаарал каналы секілді ірі жобаларды
жүзеге асырдық. Оңтүстік Қазақстан облысының құнарлы жерлері су басып қалу
қаупінен арылды. Қоймалардың су ресурстары құрғақшылық жылдарының өзінде
жоғары өнім алудың тұрақты кепілдігі бола алады.
Мемлекет ауылдағы шаруашылықтарды білімді мамандармен қамтамасыз ету
жөнінде де шаралар қолдануда. Соның бір дәлелі «Дипломмен — ауылға» ар-
наулы жобасы. Қазір осы жоба бойынша 16 мыңнан астам жас қазақстандық
ауылдарға барып жұмыс істеуде. Әкімдіктер тарапынан оларға жан-жақты қолдау
көрсетілуде.
Бүгінгі күні Қазақстан әлемдік астық экспортындағы жетекші елдер ондығының
ішіне кіреді. 2010 жылы рынокқа еліміз 9 млн. тоннадай астық тапсырды. Соның
3 млн. тоннаға жуығы Орталық Азия елдеріне жіберілді. Ал Қазақстанның биылғы
экспорттық мүмкіндігі 15 млн. тоннаға дейін жетеді. Ұн экспорты жөнінен Қазақстан
осымен 5 жыл қатарынан әлемде жетекші ел болып отыр.
Мемлекет біздің ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер үшін экспорттық
дәліздерді кеңіту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде.
Каспий өңірінде Иран мен Кавказ елдеріне астық экспорттау үшін көліктік-
логистикалық инфрақұрылым құрылды.
323
Қосымшалар
Ақтау, Әзірбайжандағы Баку, Ирандағы Әмірабад порттарында бұрынғы қуаттар
ұлғайтылды және жаңа астық терминалдары іске қосылды.
Болашақта «Қазақстан-түрікменстан-Иран-Парсы шығанағы», темір жол жо-
басы жүзеге асқан кезде, қазақстандық жүктер көлемі едәуір дәрежеде арт-
тырылатын болады. Сол кезде Парсы шығанағы арқылы Жерорта теңізінің
шығысы мен Солтүстік Африкаға еліміздің азық-түлігін жеткізудің мүмкіндігі
қалыптасады.
«Жетіген-Қорғас» темір жол желісін аяқтап, «Қорғас халықаралық көліктік-
логистикалық» хабын іске қосу Қытайға және одан әрі тынық мұхит аймағына шығу
мүмкіндігін туғызады.
Сонымен қатар, Кеден одағының құрылуы, Қазақстан, Ресей және Беларусь
елдерінде біртұтас экономикалық кеңістіктің жүзеге асуы қазақстандық бизнестің
қолын Брест пен Владивостокқа дейін жеткізетін болады.
тұтас алғанда Қазақстанның ауыл шаруашылығы ел экономикасының маңызды
буынына айналды. Бұл да экономиканың локомотиві. Аграрлық сектор өз әлеуетін
нығайту үшін қомақты база мен мол мүмкіндіктерге ие.
Азық-түлік қазіргі күні және болашақта әлемнің ең тұрақты валютасының бірі.
Жуықта планетаның 7 миллиардыншы тұрғыны өмірге келді. Жуықта жер
тұрғындары 10 млрд. болады. «Осынау миллиардтарды қалай асырауға бола-
ды?» — таяу дәуірдің басты мәселесі осы.
БҰҰ-ның болжамы бойынша, 2050 жылы адамзаттың азық-түлік тұтынуы 2 есе-
ден астам өсетін болады.
Қазақстан қазірдің өзінде азық-түлік жөніндегі өз қажетінің 80% қамтамасыз
ету мүмкіндігіне жетті. Мұның сыртында экспорт көлемін де арттыра түсті.
Ел азық-түліктің 30% сырттан әкелетін болса, бұл мемлекет қауіпсіздігіне қатер
деген сөз.
Аграрлық өндіріс дамуының өсіп отырған қарқыны кезінде біздің
ауылшаруашылық өнімімізді өткізетін жаңа нарық туралы мәселе қайткен күнде
күн тәртібінде тұрады. Оның үстіне біз мал шаруашылығы саласын дамытудың
ауқымды жобасын іске асыруды қолға алдық. Жыл сайын 60 мың тонна ет сыртқы
рыноктарға шығарылатын болады.
Қазақстан фермерлерінің өңірлік және жаһандық бәсекелестікке қатысу
мүмкіндігі барған сайын ұлғайып келеді.
Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің құрылуы бұл үдерісті одан
әрі үдете түспек.
Сондықтан мен аграрлық секторды Қазақстанның маңызды инновациялық кла-
стер ретінде қарастырамын.
Достарыңызбен бөлісу: |