3 БИОЛОГИЯЛЫҚ САҒАТ
Биологиялық сағат – жануарлар мен адамның уақыт ӛлшемін бағдарлау
қасиеті. Ол жасушалардағы физикалық-химиялық және физиологиялық
процестердің белгілі бір уақытта қайталанып отыруына (биологиялық ырғақ)
негізделген. Мұндай қабілеттілік бір жасушалылардан бастап адамға дейін –
тірі ағзалардың барлығында болады. Кейбір зерттеушілер «Биологиялық
сағат» организмнің геофизикалық факторлардың (жердің электр және магнит
ӛрісі, Күн мен ғарыш радиациясының тәуліктік, жылдық, маусымдық
қайталануының) ӛзгеруін қабылдау қабілетіне негізделген деп есептейді.
«Биологиялық сағат» тұтас ағзалардың да, сондай-ақ клетка ішіндегі
процестердің де дұрыс тәуліктік жұмыс ырғағын басқарады. Ғылымда
«Биологиялық сағаттың» сыры әлі толықтай ашылған жоқ.
Био сағат сипаттары. Адам физиологиясы мен биоритмінің өзара
байланыстарына шолу.
Орта есеппен ғалымдардың айтуынша:
Сағат 1-де адам денесі ауру-сырқауға ӛте сезімтал келеді.
Сағат 2-де дененің температурасы ең тӛмен болады. Осы кезде бауыр
улы заттарды бір жақтылы етуді тездетіп, тазарту жүргізеді.
Сағат 3-те тамырдың соғуы, тыныс алу рет саны азайып, бұлшық еттер
босайды .
Сағат 4-те денедегі барлық органдардың қызметі баяулап, қан қысымы
тӛмендейді. (жалпы таңғы сағат 4 те ӛлу мӛлшері мен туылу мӛлшері жоғары
болады. Себебі ми бӛлімінің қанмен қамдалу мӛлшері азаяды).
Сағат 5-те адамның ұйқысы негізінен қанады. Осы кезде қатерлі ісік
және басқа сырқат жасушалары бӛлінуі біршама тездейді.
Сағат 6-да адамның есте сақтау қабылеті ең жоғарғы шекте болады.
Сағат 7-де бүйрек үсті без гормонының бӛлініп шығуы ең жоғарғы
ӛреге жетеді. Қан айналымы тездейді.
Сағат 8-де жыныс гормонының бӛлініп шығуы ең жоғарғы шекке
жетеді. Сағат 8-10 аралығы бір тәуліктегі есте сақтау қабілетінің жоғарғы
шегі.
Сағат 9-да жүректің толық қызметі басталады. Рух кӛтеріңкі болады.
Адамның жұмысқа белсенділігі артады.
Сағат 10-да адамның зейін шоғырландыру қуаты мен есте сақтау қуаты
ең жоғары шекте болады. Бұл сәт қызмет істеудің ең ӛнімді кезі саналады.
Сағат 11-де кӛздің кӛру қуаты ерекше жақсарып, жарыққа ӛте сезімтал
келеді.
Сағат 12-де ой қорту қабілеті біртіндеп тӛмендейді. Сағат 12-13
аралығы түскі ұйқының ең жақсы мезгілі.
Сағат 13-те бауыр тынығып, адам қалжырап шаршағандай сезініп,
демалуды қажет етеді.
Сағат 14-те дененің қалыпты гормон бӛліп шығаруының салдарынан
сезім баяулап, рух салғырттайды.
Сағат 15-18 аралығында дененің температурасы, қан қысымы ерекше
ӛрлейді. Иіс, дәм сезу түйсігінің ең сезгір мезгілі.
Cағат 16-да қандағы қант құрамы кӛбейеді де, кӛбінесе ӛң қызғылт
тартады. (Бұл мезгілді ғалымдар суға жүзу рекордын жасаудың тиімді мезгілі
деп есептейді).
Сағат 17-де қатерлі ісік жасушаларының бӛлінуі ең баяу бӛлінетін
мезгілі. (Бұл мезгілде спортшылар машықтану мӛлшерін еселеп арттыруына
болады).
Сағат 18-19 аралығы ұзақ уақыттық есте сақтаудың ең жақсы мезгілі.
Сағат 18-20 аралығында есте сақтау қабілеті ең жоғарғы шекке жетеді.
Сағат 20-да дене салмақтың ауырлайтын, сезгірліктің әдеттегіден
жоғары болатын мезгілі.
Сағат 21-де күндіз естіп, кӛрген нәрселер қайталай еске түседі. Ол
нәрселерді осы кезде есте сақтауға болады. Оқушылардың сабақ жаттауына
тиімді мезгілдерді бірі.
Сағат 22-де талма ауруы жиі қозады.
Cағат 23-24 аралығы зат алмасудың баяу жүрілетін мезгілі. Бұл мезгіл
ұйқының тамаша мезгілі.
[1]
Ұйқы, оның маңызы мен гигиенасы
3.1 Биологиялық ырғақтардың маңызы
Табиғатта кӛптеген құбылыстар белгілі бір уақыт аралығында ырғақты
түрде үнемі қайталанып тұрады. Мысалы, күн мен түннің ауысуы, белгілі
уақыт аралығында күннің белсенділігінің ӛзгеруі және т. б.
Ырғақты ӛзгеріс адам ағзасында үнемі байқалады. Мысалы, жүректің
соғуы, жүйке талшықтары арқылы қозу мен тежелудің таралуы және т. б.
Тірі ағзаларға тән ырғақ – биологиялық ырғақ деп аталады.
Биологиялық ырғақ белгілі бір уақыт аралығында ағзада қайталанып, оның
тіршілік әрекетіне әсер етеді.
Жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың дамуы тікелей ғарыштық
факторлардың әсері арқылы жүріп отырады. Әсіресе, Күн сәулесі
белсенділігінің ӛзгеруі тірі ағзаларға ерекше әсер етеді. Адам ағзасының ішкі
ортасы күн сәулесі белсенділігінің ауытқуына сәйкес ӛзгеріп отырады.
Мысалы, магниттік толқынның әсерінен адамның қан қысымы ӛзгереді,
орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Күн сәулесі белсенділігінің
ӛзгеруі адамның шығармашылық жұмыстарына да әсерін тигізеді.
Тірі ағзаларда болатын ырғаққа Айдың да әсері бар.
Жердің ӛз білігі (ось) бойынша қозғалуы (24 сағатта) тәуліктік ырғаққа
әсер етеді. Жердің күнді айнала қозғалуы маусымдық ырғақтарды
қалыптастырады.
Ырғақтылық – тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Биологиялық
ырғақтылық арқылы ағзалар сыртқы орта жағдайларына бейімделіп ӛседі,
дамиды, тіршілік етеді. Адам ағзасындағы ырғақтылықтың үйлесімділігі
жүйке және эндокриндік жүйелер арқылы реттеледі. Сонымен бірге адам
ағзасы қызметінің ырғақтылығын реттеуде әлеуметтік факторлардың да
маңызы зор. Адам белгілі жұмыс тәртібіне, қоғамдық мекемелердің жұмыс
ережесіне бағынады.
Ұрықтың құрсақта дамуы кезінің ӛзінде-ақ биологиялық ырғақ
қалыптаса бастайды. Нәрестенің дүниеге келуі биологиялық ырғақтың
қалыптасуында ерекше рӛл атқарады. Қанайналымға, тыныс алуға, ұйқы мен
сергектікке байланысты ырғақтар қалыптаса бастайды. Ырғақтың
қалыптасуында тәрбиенің де рӛлі бар. Мысалы, күн тәртібін дұрыс
ұйымдастыру, бала ағзасындағы ырғақтылықтың оңтайлы қалыптасуына
әсерін тигізеді. Жасӛспірім кезеңінде ырғақтылықтың едәуір ауытқуы
байқалады. Бұл негізінен жыныстық жетілумен тікелей байланысты. 20–30
жаста адам ағзасындағы ырғақтылық тұрақталып, жұмыс істеу қабілеті
артады, ӛзін жақсы сезінеді.
Адам ағзасында ұзақ мерзімді ырғаққа кейбір аурулардың бірнеше
жылдан соң қайталануын атауға болады.
Жылдық ырғақ жыл маусымдарының алмасуымен тікелей байланысты.
Температуралық ӛзгерістер, күн мен түннің ұзақтығы, құрғақ және ылғалды
маусымдық ӛзгерістер басты рӛл атқарады. Жылдық маусымдардың
алмасуына сәйкес адамда зат алмасу, жылу реттелу, жұмыс істеу қабілеттері
ӛзгереді. Күз бен қыста ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті
тӛмендейді.
Апта ішінде де ырғақтылық ӛзгеріп тұрады. Сондықтан да ерте
кездерден бастап-ақ апталық күн тәртібі белгіленген. Осыған сәйкес адамның
жұмыс істеу қабілеті де ӛзгеріп тұрады. Әрбір 5–7 күн аралығында ағзадағы
зат алмасу, орталық жүйке жүйесінің қызметі ӛзгеретіндігі анықталған.
Адам ағзасында тәуліктік ырғақ айқын байқалады. Күн мен түннің
ауысуы ұйқы мен сергектілікке, жалпы зат алмасуға ерекше әсер етеді.
Кӛптеген аурулар тікелей тәуліктік ырғақтың бұзылуынан пайда болады.
Тәуліктік ырғақ бұзылмау үшін дұрыс тамақтану, белгілі бір уақытта
ұйықтау, тынығып алу қажет.
4 ҦЙҚЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
Адам күндіз белсенділік кӛрсетіп, сергек жүреді. Түнде ұйықтап
демалады. Адам ӛз ӛмірінің үштен бір бӛлігін ұйқымен ӛткізеді. Ұйқы
кезінде зат алмасу бәсеңдейді, жүректің соғу жиілігі баяулайды және т. б.
Дегенмен де, ұйқы белсенді түрде жүретін психикалық және физиологиялық
процесс. Ұйқы мидың үйлесімді қызметінің бір кӛрінісі. Ұйқы кезінде ми
күндізгі алған ақпараттарды асықпай талдап, ертеңгі қызметіне қажетті
бағасын белгілейді. Ұйқы арқылы ағза ӛзінің жұмыс істеу қабілетін қалпына
келтіреді. Жасушалар қоректік заттарды белсенді түрде пайдаланып, энергия
жинақталады. Ұйқының белгілі бір уақытында мидың белсенді қызметі
күндізгіден де артатындығы анықталған.
Ағза ұйқы арқылы тынығады, ӛзін ширақ сезінеді, еңбек етуге деген
құштарлығы артады. Дене температурасының бәсеңдеуі ұйқыға кірісудің
ішкі белгісі (сигналы) болып саналады. Ұйқысыздық адам ағзасы үшін
зиянды. Ұйқы қанбауынан бас ауырып, мең-зең болады, шаршайды. Есте
сақтау қабілеті тӛмендеп, жүйке және т. б. ауруларға шалдығуы мүмкін.
Жаңа туған нәресте тәулігіне 21–22 сағат, алты айлық нәресте – 14
сағат, бір жасар сәби – 13 сағат ұйықтайды. Тӛрт жасар сәби тәулігіне – 12
сағат, жеті жасар бала – 11 сағат, он жасар бала – 10 сағат ұйықтайды. 15
жасар жасӛспірім тәулігіне – 9 сағат, 17 жасар жасӛспірімдер 7–8 сағат
ұйықтаса жеткілікті.
Ұйқы кезіндегі мидың белсенділігіне байланысты ұйқы екі түрге
бӛлінеді. Оның бірі баяу ұйқы, екіншісі – тез ұйқы. Баяу ұйқы кезінде ми
қыртысында баяу, биоэлектрлі толқындар пайда болады. Бұл кезде тынысалу,
тамырдың соғуы баяулайды, бұлшықеттер босаңсиды, қан қысымы
тӛмендейді. Адамның қозғалыс белсенділігі тӛмендеп, тез ұйқыға кетеді.
Белгілі бір уақыт ӛткен соң баяу толқындар тез ырғақты толқындармен
ауысады. Бұл тез ұйқыға кетудің белгісі. Бұл кезде ӛте ұсақ, бірақ жиі
биоэлектрлік толқындар байқалады. Ұйықтап жатқан адамның қан қысымы
артады, тынысалу, тамырдың соғуы жиілеп, зат алмасу күшейеді. Бұл кезде
адам ұйықтап жатқанымен, миы белсенді қалыпта болады. Бірақ ондай
адамды ояту қиынға соғады. Мұндай ұйқыны таңғаларлық (парадокс) ұйқы
деп те атайды.
Ұйықтап жатқан адам тез ұйқы кезінде ғана түс кӛреді. Ұйқының екі
кезеңінде де ми мен ағза тынығады. Ми қыртысында тежелудің таралуы да
ұйқыға әсер етеді. Ұйқы аралық мидағы жүйке орталықтарында сергектіктің
алмасуы арқылы жүзеге асады. Мұны ұйқының рефлекстік жолмен реттелуі
дейді. Ұйқының реттелуіне химиялық заттар да әсер етеді.
Түс кӛру. Барлық адам түс кӛреді, бірақ кей адамдар оны есінде сақтай
алмайды. Түс кӛру тікелей мидың қызметіне байланысты, күрделі
психикалық процесс. Түс кӛру бұрын адам басынан ӛткізген немесе кӛптен
бері ойында жүрген жағдайларға негізделеді. Кейде адамның ойында жоқ
түрлі оқиғалардың ӛзара байланыстары да түске кіреді.
Түс кӛру ми жұмысының бір кӛрінісі. Тез ұйқы кезінде кӛрген түс
кӛбірек есте қалады. Адам ұйқының екі кезеңінде де (баяу және тез) түс
кӛреді. Түс кӛру кезінде ми белсенді жұмыс атқарады. Кӛптен бері ойда
жүрген жағдайлар белгілі реттілікпен түске кіреді. Кейде ӛмірде шешуі
табылмай жүрген мәселелер түс кӛру кезінде нақты бейнеленеді.
Кӛп адамдар түсінде кӛрген оқиғаларды ӛзінше жориды. Түсті жору
кӛп халықтарда ерте кездерден таралған. Сондықтан да «түсті кӛруінен
жоруы артық» деген сӛзде мән бар.
Түс кӛрудің құпиясын ғалымдар әлі толық шешкен жоқ.
Ұйқының гигиенасы. Ұйқының бұзылуы ағзада бұрыннан қалыптасқан
биологиялық ырғақтардың бұзылуына әсер етеді. Ұйқының бұзылуынан жеке
мүшелердің, мүшелер жүйесінің қызметтерінде ауытқу байқалады.
Ұйқының бұзылуының кең тараған түрі – ұйқысыздық (бессонница).
Бұл жүйкенің шектен тыс шаршауынан, ұзақ уақытқа созылған ауыр ой
еңбегінің әсерінен болады. Ішімдікті, есірткіні пайдалану, шылым шегу,
зиянды әдеттер ұйқының бұзылуына негізгі себеп болады. Ұйқысыздықтан
құтылудың жолы: 1) еңбек пен тынығу ережесін қатаң сақтау; 2) таза ауада
серуендеу; 3) ой еңбегі мен қимыл-әрекетке байланысты еңбектерді бір-
бірімен үйлестіре білу.
Кейде адамда ұзақ уақыт ұйқысыздық – летаргия (грекше «lete» –
«ұмыту», «argіa» – «әрекетсіздік») ауруына шалдықтырады. Ол бірнеше
аптаға, кейде бірнеше жылға созылуы да мүмкін.
Қалыпты, тыныш ұйқыны қамтамасыз ету үшін қарапайым ережелерді
есте сақтау керек.
1. Белгілі бір уақытта ұйықтауға дағдылану.
2. Ұйықтар алдында тойып тамақ, сусын ішпеу.
3. Ауыр ой еңбегімен шұғылданбау. Ұйықтаудан 1,5–2 сағат бұрын
ауыр ой еңбегін тоқтату.
4. Айналаңда тыныштық орнату (жарықты, радионы, телевизорды
ӛшіру, кітап оқуды доғару және т. б.).
5. Таза ауада серуендеу, бӛлмені желдету.
Бұл айтылған ақыл-кеңестер сендердің ұйқыларыңның тыныш болуына
әсерін тигізетінін ұмытпаңдар!
5 АУЫРУ ҚАУПІН ТӚНДІРЕТІН ӘСЕРЛЕРДІ ЖІКТЕУ
Ауру морфологиялық және функциональдық ӛзгерістермен жүретін
организмнің қалыпты тіршілік әрекетінің бұзылуы. Аурудың туындауы
сыртқы ортаның кері әсерлеріне (физикалық, химиялық, биологиялық,
әлеуметтік), оның генетикалық ауытқуларына және т.б. байланысты.
Негізінен аурудың дамуында 4 кезеңді ажыратады:
латент немесе жасырын кезең;
аурудың алғашқы белгілерінің пайда болу кезеңі;
аурудың нақты кӛрініс беру кезеңі (берілген ауруға тән клиникалық
белгілердің толық дамуы);
аурудың аяқталу кезеңі (аурудың жазылуы, аурудың созылмалы түрге
ӛтуі, қайтыс болу).
Аурудың кезеңдерін бӛлу, оның ағымының варинттарын, ремиссия
және асқыну кезеңдерін, аурудың жай түрінен созылмалы түрге ӛтуінің
себептерін анықтаудың клиникалық және әлеуметтік мәні ӛте зор, және де,
бұлар емдеу тактикасы мен профилактикалық реабилитациялық шараларды
жоспарлауда қолданылады.
Егер науқастық (заболевание) жеке адамның ауруы, ауру оқиғасы,
аурудың пайда болуы болса, науқастанулық (заболеваемость) халық
денсаулығын бағалайтын негізгі кӛрсеткіштердің бірі болып табылады.
Негізінен бұл термин белгілі бір ағымдағы күнтізбелік уақытта аурулардың
таралу кӛрсеткіштерін және тіркелуін кӛрсетеді.
Науқастанулық бүкіл халықты, жеке жас-жыныстық, кәсіби және де
басқа әлеуметтік топты сипаттай алады. Мысалы: Ӛскемен қаласындағы
бүкіл жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушы құрамының немесе
Оңтүстік-Батыс аймағының мұғалімдерінің науқастанулығы және т.б.
Науқастанулықтың кӛрсеткіштері 1000, 10000 немесе 100 мың халық
арасында есептеледі.
Халық арасында ауқастанулықтың негізгі түрлері:
-
алғашқы науқастанулық - ӛтпелі бір жыл кӛлемінде қайта
анықталған науқастану сонын сипаттайды. Есеп бірлігі ретінде
күнтізбелік жылда берілген ауру бойынша дәрігерге алғаш кӛрінуі
алынады. Жіті науқастану диагнозы оның әр жаңадан ӛрбігені сайын
тіркеледі. Созылмалы науқастану тек 1 жылда бір рет қана есепке
алынады, және де созылмалы науқастанудың асқынуы сол жылда
қайталанған науқастану ретінде есепке алынбайды.
Таралу, аурушаңдық, жалпы науқастанушылық - халықта кездесетін
барлық аурулардың кӛрсеткішін сипаттайды.
Аурушаңдылық науқастанып қаралу және бағытталған алдын алу және
тереңдете медициналық қарау нәтижесінде анықталған науқастану
қосындыларымен сипатталады. Бұдан басқа да науқастанудың түрлері
болады, мысалы: инфекциялы эпидемиялық емес науқастық (қатерлі жаңа
түзілістер, туберкулез және басқалар), белгілі бір мерзімде еңбекке жарамсыз
болатын госпитализацияланған науқастанулық, еңбекке жарамдылықтан
айыратын және кәсіби науқастанулық.
Жалпы науқастану деңгейі әр түрлі факторлардың әсерімен
анықталады. Ең маңыздылары болып табылатындар: жастық-жыныстық және
кәсіби құрамы, тұрғылықты жері (қала, ауыл, т.б.), жанұялық-тұрмыстық
және экономикалық факторлар, ӛмір салты, медициналық кӛмектің
қолайлығы мен сапасы, медициналық белсенділік. Осыдан науқастанудың
құрлымын да әр түрлі. Мысалы, Ресейдегі қала тұрғындарының науқастану
құрылымы былай кӛрінеді:
тыныс алу мүшелерінің аурулары;
қан айналу жүйесінің аурулары;
жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің аурулары;
тірек-қимыл жүйесі мен дәнеке ұлпы аурулары;
ас қорыту жүйесіндегі аурулар.
6 ЖҦМЫС ІСТЕУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТҤРЛЕРІ
Әрбір адамның бойындағы жүмысқа қабілеттілігі әр түрлі болып
келеді. Жұмысқа деген қабілеттілік жыл маусымдарына байланысты ӛзгеріп
отырады. Оны маусымдық ауытқу деп атайды. Сондай-ак, тәуліктік уақытқа,
байланысты, Жүма ішіндегі күндерге сәйкес еңбекке қабілеттілік дамып
отырады. Әдетте адамдардың жүмысқа жарамдылығы сағат 10-11-де
қарқынды жүреді де, кейін 14-15 сагатта қабілеттілік тӛмендейді, 17-18
сағатта қайтадан қабілеттілік арта түседі. Белгілі бір жұмысты орындауда
қабілеттілік белгілі бір заңдылықпен ӛтіп отырады. Алғаш жұмысқа
кіріскенде қабілеттілік онша жоғары болмайды. Қабілеттілік біртіндеп дами
түседі. Жұмысқа жарамдылық біріншіден, нерв және гуморальдық жүйелерге
байланысты. Адам ағзасы айналаны қоршаған орта факторларына
бейімделінуіне байланысты. Екіншіден, қимылдың стереотипіне байланысты
болып, ол біртіндеп қалыптасады; үшіншіден, вегетативтік функциялар
қажетті деңгейге кӛтеріле түсуіне байланысты. Мұндай жағдайлар жас
балаларда ерекше бір зандылықпен ӛтеді. Олардың барлық нерв және
гуморальды жүйеле-рі ӛте тез ӛзгергіш келсді. Бұл фазаны жұмыс істеуге
қабілеттіліктің бастамасы деп атайды. Бұдан кейін екінші фаза басталады.
Оны жұмыс істеу қабілеттіліктің тұрақты фазасы деп атайдн. Бұл фазада
адам сапалы және жемісті еңбек етеді. Қабілеттілік әдетте адамдардың жас
ерекшсліктеріне, денсаулығына, жұмысқа үйреншілігіне байланысты болады.
Кейіннен жұмысқа деген қабілеттілік біртіндеп азая түседі. Қажу пайда
болады. Жұмыс аяғында жұмысқа деген қабілетгілік аз мӛлшсрде кӛтеріледі.
Жүмыс аяқталар кезде еңбекке қабілсттілік арта түседі. Мұны, «жұмыстың
аяқталу лебізі» деп атайды. Шығар-ган ӛнімін ӛзі кӛзімен кӛріп кӛңіл-күйі
кӛтеріледі. Эмоционалдық деңгейі ӛседі. Ал кейбір себептерге байланысты
ӛзінің жасаған жұмыстарының қорытындыларына кӛзі тоймаса, кӛңілге
қуаныш сезімі келмесе, онда еңбекке қабілеттілік тӛмендеп кетіп, адам
басылып қалады. Адам қажу фазасына түседі. Қажу дегеніміз не? Енді
осыған біраз тоқталайық. Қажу — жұмыс істеген кездегі ағзаның ӛзгеріске
ұшырауы. Жұмыс аяғында адам қажып ештеңе істегісі келмейді.
Қажу кезінде адамның жұмыс істеу қабілеттілігі тым тӛмендеп кетеді.
Адам жұмыстан бас тарта бастайды.
Қажудың биологиялық ролі ӛте-мӛте жоғары келеді. Адам биологиясы
адамда бірнеше функцияларды атқарады. Біріншіден, қорғаныс функциясы,
әртүрлі жұқпалы ауруларды адам ағзасына дарытпайды. Екіншіден,
қажығандықты онша дамытпай, ағзаны жұмыс істеу үрдісіне бағыттайды.
Ағзаның функционалдық мүмкіншілігін күшейте түседі. Шаршау мен
қажудың негізгі себептері адам ӛзі қызығып істейтін жұмыс болса, оны ұзақ
істесс де ешқандай қажымайды. Істей береді. Ал қызықты емес жұмыс болса,
онда адам тез шаршап кетеді де, істемей қояды. Еркі азаяды. Бірақ жұмыс
істеу қабілеті тӛмендемейді. Мұны компенсирлі қажу деп есептейді. Ағзада
қуат кӛп болады. Қажудың механизмдерін анықтау оңай шаруа емес.
Дегенмен, биолог-валеолог мамандардың зерттеулерінің қорытындыларыма
қарағанда, қажу ксзінде ең алдымен орталық, нерв жүйесі қажитынын
айтады.
Адам белгілі мӛлшерде тамақ ішпесе, ол тез арада шаршап кетеді де,
қажу фазасына ӛтеді. Оқушылар жүйелі түрле жұмыс істемегендіктен, олар
тез қажиды. Ӛз еркінен айырылып қалады да, сабақты үлгермейтіндердің
қатарына қосылады. Қажудан ол шыға алмайды. Қажу үсті-үстіне дами
береді. Қажудан шығудың бір жолы бар. Ол мектепте мұғалімдер, үйде ата-
аналар, әжелер мен аталар болып жабылып оқушыға қатаң бақылау жасап,
жәрдемдесу керек. Қосымша сабақтар жүргізіп, үлгере алмаған сабақтарын
үлгертуте тырысу керек. Үнемі оқушыны жақтап, мактау жұмыстарынан қол
үзбеу керек. Үнемі ұрысып, жамандамау керек. Жалығу дегеніміз не?
Жалығу қажудан басқаша. Жалығу кезінде адамның жұмыс істеу
қабілеттілігі уақытша тӛмендеп кетеді де, ол қайтадан жоғарылап отырады.
Жалығу физиологиялық жағдайларға байланысты емес, ол патологиялық
жағдай. Патологиялық жағдайға оқушылар ұшырамау үшін, мұғалімдер мен
ата-аналар оқушылардың жұмыс істеу режимі мен демалу үрділерін бақылап,
ғылыми талаптарға сай жолға қоюға тырысу керек. Сабақ оқу дағдысын
қалыптастыру қажет, сонда жалығу үрдісі оқушыларда дамымай қала береді.
1-ші сыныпқа келген оқушылардың кӛбісі оқи, жаза алмай-тындай болып
мектепке келеді. Бұл ебдейлік, бірақ дағды емес. Мектеп оқу мен жазуды
дағдыға айналдырады. Кейбір сауатты адамдардың қолы жұмыс істеуге епті
келеді.
Мектепте оқитын оқушылар жалықпас үшін мұғалім оқушыларға
бірнеше тәсілдерді үйретеді. Қалай жазу керек екенін үйретеді. Қалай қалам
ұстаудың жолын кӛрсетеді. Отыру тәсілдеріне бақылау жасап, жолдарын
түсіндіреді. Мұның бәрі оқушылардың жалықпай жұмыс істеуіне әкеп
соғады.
Бастауыш сыныптардын, оқушыларына жазу жұмысы 8-12 минуттан
артық жүргізілмеуі керек. Мұның ӛзі қажуға жол бермейді. Оқу ӛте қиын
үрдіс. Кітап оқу ӛте үлкен еңбекті қажет ететін оқу үрдісі. Біріншіден, кӛздің
кӛру қабілеттілігін талап етеді. Ӛйткені кітапта неше түрлі кішкентай әріптср
кездеседі. Кӛзбен кӛп жұмыс істеуді қажет етеді. Кӛз үнсмі айналып
отырады. Сондықтан да сынып ішінде оқу үрдісі 1-ші сынып оқушыларына
15-25 минуттан аспауы керек. Кӛзге үнемі шынықтыру жаттығуларын жасап
отыру керек.
|