Хронобиология


 ЕҢБЕК ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ҚАЖУДЫҢ ӘСЕРІ



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,94 Mb.
#7021
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

14 ЕҢБЕК ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ҚАЖУДЫҢ ӘСЕРІ 

 

Еңбекке  қабілеттіліктің  жоғарғы  деңгейіне  жету  және  оны  ұстап  тұру 



мүмкіндіктерін  әлсірететін  факторлардың  бірі  –  қажу.  Сондықтан,  қажу 

еңбек  гигиенасы  мен  физиологиясының  маңызды  да,  ӛзекті  проблемасы 

болып  есептеледі.  Ол  еңбек  ӛнімділігімен  байланысты  болғандықтан  үлкен 

тәжірибелік, 

ал 

организмнің 



маңызды, 

жалпы 


физиологиялық 

заңдылықтарына қатынасы болғандықтан зор теориялық маңызы бар. 

Бір  қарағанда,  қажі  кӛрінісі  қарапайым  түсіндірілетін  сияқты,  бірақ 

оның  мәні  күрделі.  Сондықтан  да  ол  әсіресе,  соңғы  жүз  жылдықта  ерекше 

қыруар зерттеу жұмыстарының тақырыбы болып келді. 

Қажу  –  созылмалы,  интенсивті  немесе  басты  «тыныс  емес» 

жұмыстарды  атқарғанда  еңбекке  қабілеттіліктің  тӛмендеуіне  әкеп 


 

соқтыратын организмдегі  қайтымды процестердіңжиынтығы,  яғни  қажу  бұл 

жұмысқа қабілеттіліктің уақытша, қайтымды тӛмендеуі. 

Физиологиялық 

дамуына 

қарай 


қажу 

проблемасын 

біраз 

ғалмыдарқарастырғанмен, оны жүйелі зертету тек ӛткен ғасырдың ортасынан 



басталды.  Бірақ  бұл  зерттеулердің  бірақ  таяу  уақытқа  дейін  жекеленген 

нервті  бұлшық  ет  препараттарында  ӛткізілді.  Сонымен  қатар,  қажу 

жайындағы  гипотезелар  пайда  болабастады.  Бұл  гипотезалардың  кӛбісі  2 

негізгіге тірейді: әлсіреу және улану. 

а)  қажу  бұлшық  еттің  энергетикалық  ресурсының,  олардың  ішінде 

бәрінен  бұрын  кӛмірсулардың  ӛзгеруі  нәтижесінен  болады  (бұл  теорияның 

авторы Шифф). 

б)  оттегімен  жеткіліксіз  қамтамасыз  етудің,демек  тотығу  процесінің 

бұзылуынан болатын қажу – тұншығу теориясы (Ферворн). 

а)  қажу  –  бұл  ұлпаның  алмасу  процестері  ӛнімдерінен  ластануының 

(бүлінуінің) нәтижесі, демек «улану» (Пфлюгер). 

б)  қажу  –  жұмыс  процесінде  бұлшық  еттерде  түзілетін 

«кенотоксинмен» уланудың нәтижесінен болады (Вейхардт). 

в) қажу сүт қышқылының жиналуынан болады (Хилл). 

Бұл теориялардың бәрі қажуды бір органда, демек бұлшық етте жүретін 

процестердің  нәтижесінде  болатындығын  түсіндіретін  гуморальды-

локалистикалық теориялар болып табылады. 

Бұл  ғылымдар:  «Қажу  кезінде  бұлшық  еттер  әлсізденіп,  оларда 

шаршағандық  сезілді.  Қажу  бұлшық  еттің  ӛзінде  болатын  процесс,  және 

оның  қасиетінің  жұмыс  барысында  ӛзгеруі»,  -деп  санайды.  Организмдегі 

алмасу  процесі  жайындағы  ілімнің  қазіргі  заманға  сай  дамуы  кезінде  қажу 

туралы  сұрақтың  «азу»  деп  қойылып  қаралуы  орынды.  РАсында  да  бұл 

бұлшық  ет жұмыс кезінде жұмсалатын  негізгі  энергетикалы  құнды  заттар  – 

кӛмірсулар  (гликоген)  мен  липидтер  (майлар).  «Улану»  теориясы  біршама 

консервативті,  себебі  олардың  авторлары  қажуды  ыдырау  процестері  және 

белоктардың  қайта  түзілу  ӛнімдерімен  организмнің  ластануының  нәтижесі 

деп  санайды.  Вехардт  жаттығупроцестерін  антитоксиндердің  ӛндірілуімен  

байланысты  иммунологиялық  процесстің  ерекше  түрі  деп  қарастырды.  Ол 

жануарларды  иммунизациялау  жолымен  қажумен  күресу  үшін  тәжірибеде 

пайдалануға  болатын  антитоксині  бар  сарыму  алуға  тырысты.  Ӛзінің 

теориясының  дәлелі  ретінде,  олқатты  қажыған  жануардық  қаны  құйылған 

тың жануарда тез арада дамитын қажуға ұқсас күйді келтірді. Бұл теория тың 

жануарларға  сондай-ақ  күйдегі  жануарлардын  қанынғ  сондай-ақ  басқа  да 

бӛгде  белоктарды  құйғанда  да  байқалатындығы  мен  дәлелсізденді.  Сүт 

қышқылының  жағымсыз  әсерін  түсіндіретін  теория  (Мейергоф  және  Хилл) 

улану  теориясының  басқа  бір  түрі  болып  саналды.  Жұмыс  жаса  жатқан 

бұлшық  еттерде  болатынэнергетикалық  ӛзгерістерге  сүт  қышқылының 

тигізетін  әсерін  Хилл  дәлелдеген  соң  бұл  теория  даусыз  дұрыс  деп 

қабылданды. Бұлшық ет қызметінің биохимизмдегі сүт қышқылының алатын 

орны неғұрлым айқындалған сайын оның қажуды тудырудағы ролі соғұрлым 

кең  тарала  (белгілі)  бола  бастады.  Хилл  және  оның  жақтаушыларының  сүт 


 

қышқылы  қажуды  дамытудағы  басты  себепкер  деген  пікірлері  де  кӛңілден 

тыс  қалды.  Ӛте  ауыр  дене  жұмысын  атқарғанда,  сүт  қышқылының  бұлшық 

еттерде  және  қанда  жиналуы  қажудың  дамуына  белгілі  бір  ықпалдарын 

тигізеді,  мұнда  басты  роль  атқарады  деп  айта  алмаймыз.  Егер  бұлай  болса, 

кейбір  жұмыс  түрлерін  (ӛте  ауыр  немесе  статикалық  жұмыс)  атқарғанда 

бірнеше минуттан кейін-ақ болатын қажуды қалай түсіндіругеболады? 

Сонымен  қатар,  тікелей  тәжірибе  барысында  бұлшық  еттерде  сүт 

қышқылының  жиналуы  оның  жұмыс  істеу  қабілеттілігіне  кесір  ғана  тигізіп 

қоймай,  кейбір  жағдайларда  оның  жұмысына  дем  беретіні  (стимулирет) 

анықталды.  Ал  бұлбұлшық  еттердің  жұмысының  тоқтауы  кейбір 

жағдайларда қан құрамындағы сүтқышқылының азаюымен дәлме-дәл келеді. 

Біз  атап  кеткенжүргізілген  теориялар  қазірдің  ӛзіндебелгілі  кейбір 

факторларды түсіндіре алмайды, олар: 

Егер  барынша  шаршаған  жұмысшының  саусақтарының  нерв  ӛтетін 

орындарына электрод қосып, электр тоғын жіберсе, бұлшық еттердің тағы да 

жұмыс атқаруын тудыруға болады. 

Кенеттен қажу сәтінде жұмыстың әлсіреуі емес, керісінше еттің түйілуі 

(спазм) мен тырысуы (судороги) түрінде болатын күшеюі байқалады. 

Кейбір  психикалық  ауруларда  (катотония)  статикалық  жұмыс  адамды 

мүлдем  шаршатпайды,  ал  парконсонизмде  ӛнеркәсіппен  байланысты 

мақсатсыз  (непроизвольный)  қимылдар  кӛп  жасалынатын  ауқымды 

жұмыстардың ӛзі адамда қажу тудырмайды. 

Барлық  гуморальды-локалистикалық  теориялардың  негізгі  және 

принципті кемшіліктері: олардың жалпы құбылыстар, дара (частный), кейде 

екінші  дәрежелі  (второстепенный)  белгілерді  бір  бағытта  талдау,  бүкіл  бір 

бүтін түсінікті алмастыру, айырбастау. Бұл теорияның авторлары табиғаттың 

барлық  облысындағы  болып  жатқан  жеке  құбылыстарды  дұрыс  түсіну  тек 

сол  құбылыстарды  оны  қоршаған  құбылыстармен  ӛзара  байланыста 

қарағанда  ғана  мүмкін  екендігін  түсіндіретін  маркстік  диалектикалық 

методтың  негізгі  жайларын  мойындайды.  Бұл  теориялау  И.П.  павловтың 

барлық  мүшелер  мен  организм  жүйелері  ӛзара  әрекетте  деген  ілімін  мүлде 

есепке алмайды. 

Олар организмнің әрбір мүшелері мен жүйелерініңқызметтерін келісіп, 

реттейтін  орталық  нерв  жүйесінің  маңызды  ролін  есепке  алмайды.  Және, 

уморальды-локалистикалық  теориялар  туындайған  жылдарда  ОНЖ-нің 

қажудің  дамуындағы  рольін  нақтылы  дәлелдейтін  сенімді  факторар 

жеткіліксіз болды деп  айта  алмаймыз. Тіпті  19  ғасырдың аяғында-ақ Моссо 

эргографта  жасалған  сындардың  нәтижесінде,  егер  ӛз  еркімен  тырысуды 

(волевогоу  силия)  орынына  нервтерді  электр  тоғымен  тітіркендіретін  болса 

қажыған  бұлшық  еттің  жоғарғы  ширақтықта  жұмыс  істейтінің  дәлелдеген. 

Демек,  жұмыстың  жоғарылуының  басты  себебі  бас  ми  қабығының  орталық 

аппараттарында.  Қажудың  дамуындағы  ОНЖ-нің  ролі  тақырыбына 

Н.Е.Введенский  мен  А.А:  Ухтомскийлер  ӛз  еңбектерін  арнады.  ОНЖ-нің 

қажудың дамуындағы роліне И.М. Сегеновта, -«қажуды сезіну кӛзі ОНЖ-де, 


 

дәлірек айтқанда» мидың нервтікклеткаларының қызметтерінің бұзылуында, 

- деп тұжырым жасаған. 

«Советтік»  еңбек  изиолгтары  қажуды  қалай  қарастырады?  Оның 

физиологиялық мәні қандай? 

Қазіргі уақытта бізде қажудың орталық-нервтік теориясы (центрально-

нервная теория утомления) қабылдаған. 

Жұмыс  сипатына  байланысты  қажу  жылдам  дамуы  (жедел  қажу) 

немесе баяу (қайталана қажу) дамуы мүмкін. 

Жедел  қажу  үйреншікті  емес,  ӛте  ауыр  динамик  немесе  статикалық 

жұмыстарды орындай барысында туындап, дамиды. 

Қайталан  (вторичное)  қажу,  үйреншікті,  бірақ  ӛте  ұзақ  жұмыстарды 

орындайбарысында дамиды. 

Жедел  туындайтын  қажі  кезінде  күтпеген  жерден  болатын 

(физиологиялық,  физико-химиялық)  талаптарға  организімнің  сол  уақытта 

жауап  беру  мүмкіндігінің  болмауы  жиі  қақтығысады.  Мысалы,  оттегін 

тұтыну  кӛлемінің  бірден  ӛсуіне  байланысты  оттегінің  қажетті  кӛлемін 

организмнің    дайындап  бере  алмауы  т.с.с.  Бір  қатарзерттеушілер,  жедел 

қажудың  дамуы  мен  байланысты  жұмыстаркезінде  бұлшық  еттер 

мүмкіндіктерінің  (мышечных  потенциалов)  бас  миы  қабығының  электрлік 

белсенділігінің  ӛзгеруімен  қатар  ӛсуін  анықтады.  Бұл  адмып  келе  жатқан 

тежелу жайында түсінік береді.  

Жұмыстың  бастапқы  кезеңінде  қабықты  орталықтар  (корновых 

центров)  күрт  күшейеді,  артынан  осы  күшті  қозудың  арқасында  тежелу 

процестері дамиды. Міне, осылар жұмыстың доғарылуына соқтыратын қажу 

күйінің  туындауына  бірден  бір  себепкер.  Интенсивті  статикалық  керенлілік 

кезінде  тежелу  құбылыстарының  дамуына  шартты  қозғалыс  рефлеквтерінің 

ӛзгеруі  куә  бола  алады.  Сонымен,  нақтылы  жағдайдағы  қабілеттіліктің 

(деспособности)  құлдырауы  тежелудің  дамуымен  байланысты.  Дамушы 

тежелу  процесі  күзетуші  сипатты  болады,  себебі  әр  уақытта  клетканың 

шеттен  тыс  жұмысы  ә»күзетуші»  тежелу  (охранительное  торможение) 

туындайды (И.В.Павлов). 

Тежелу әр түрлі активтіліктердің жедел бӛгелуі түрінде пайда болады. 

Оны  келесі  реттілік  сипаттайды:  тітіркендіру  әсерінен  (мысалы  жұмыс 

істеуші  бұлшық  еттен  түскен)  бас  миы  қабығында  жоғары  деңгейдегі  қозу 

ошағы, яғни доминанта пайда болады. Ол сүйек – бұлшық ет аппараттарына 

ырғақты толқындар – сигналдарды жібере бастайды. Осы кезде туындайтын 

әлі  шектен  тыс  емес  (не  черезмерен) проприорецептивті импульстер  жұмыс 

активтілігін ынталандырады, бұл доминантаны бекіте түседі. Жұмыс істеуші 

мүшелерден  үнемі  бір  ғана  қабықты  орталыққа,  доминантқа,  оны 

ынталандыратын  импульстердің  шектеп  тыс  түсуі  парабиотикалық  түрдегі 

(природы)  тежелудің  дамуына  соқтыратын  нервтік  клеткалардың 

ширақтылығын тӛмендеуіне әсерін тигізетін факор болады. 

Сонымен,  әдеттенбеген  динамикалық  жұмыс  кездерінде  және 

интенсивті  статикалық  кернеулік  сәтінде  қозғалыс  анализаторларының 


 

клеткаларында  жұмыстың  тоқталуының  негізгі  факторы  болтын  жергілікті 

орталық тежелу дамиды. 

Жедел қажу қорғаныш тежелуінің дамуының барысында туады. Жұмыс 

пен қажу қорғаныш тежелуі араларында терең ішкі байланыс бар, бірақ бұл 

аталған түсініктердің бәрін бірдейлестіруге болады деген ұғым (шешім) емес. 

Қажу  –  бұл,  организм  фукнцияларының,  координацияларының 

уақытша бұзылуы, алмасу процестеріңн реттелінуінің бұзылуы, организмнің 

жұмысқа қабілеттілігінң құлдырауы. 

Қажу  кейбір  жағдайларда  организмдерде  терең  ізін  қалдырады 

сонымен қатар, тежелу қимылды (уточнение) анықтаға, жұмысқа қабілеттілік 

деңгейінің жоғарлауына ықпалын тигізетін корригирлетін (корригирующий) 

процестерді қамтамасыз ететін физиологиялық процесс. 

И.П.  Павлов  қажуда  тежеу  процестерінің  автоматтық  ішкі 

қоздырғыштарының бірі деп анықтады. 

Қажу  және  тежелу  -  әр  түрлі  функционалдық  күй.  Олардың  арасында 

белгілі  бір  байланыс  болады,  яғни  қажу  тежелудің  бастаушысы  және 

ынталандырушысы  болып  саналады.  Организмдегі  жалпы  ӛзгерістермен 

жалғасатын  жұмысқа  қабілеттіліктің  біртіндеп  тӛмендеу  процесі  қажудың 

келесі шегі болады. Бұндай қажу қайталана қажу деп аталынады. Егер бұндай 

қажу  болған  жағдайда  жұмыс  істеу  жалғастырылатын  болса,  онда  қажу 

шектен  тыс  қажуға  ауысады.  Бұл  кездерде  адамның  организмінің  жалпы 

жағдайы  нашарлайды:  бас  ауруы,  бастыі  ауыралу  құбылыс,  енжарлық 

(вялость), еске сақтау қабілетінің тӛмендеуі, кӛңілдің (внимание) тӛмендеуі, 

ұйқының нашарлауы, тәбеттің тӛмендеуі, т.с.с. Шектен тыс қажыған адмдар 

тез ауырғыш келеді және ауруы ӛте ауыр ӛтеді. 

Қажу  және  шектен  тыс  қажу  жұмысқа  қабілеттіліктің  тӛмендеуіне, 

ауыру  салдарының  жұмысқа  шықпау  жағдайларына,  жұмыстың  уақытсыз 

тоқтауына,  наӛтылы  кәсіп  бойынша  зейнетке  шығу  жасына  ерте  жетуге 

соқтырады.  Сонымен  қатар,  квалификациясын  жоғарлатуға  үлгермеу  мен 

зақымдану кӛрсеткіштерінің ӛсуіне соқтырады. 

Жұмысты  орындаудың  бастапқы  кезінде  динамикалық  стереотип 

тұрақсыз  болады.  Әр  түрлі  қоздырғыштардан  импульстердің  қайталана 

түсуінің  нәтижесінде  нервтік  процестердің  қозғалғыштығы  жоғарлайды  – 

жұмысқа  қабілеттілік  жоғарлайды,  бұл  қозу  іздерінің  біріктесуімен 

(суммированием) түсіндіріледі. 

Бірақ тітіркендіру бірқалыпты және ұзақ уақыт бойында қалпына түсіп 

отырса  мысалы,  шонотонды  жұмыс  бас  ми  орталығында  динамикалық 

стереотиптік  туынадуын  қиындата  түсетін  ӛзгерістер  бола  бастайды. 

Динамикалық  стереотиптік  туынаду  қиындығы  қарапайым  болғанмен 

жұмыстың  тоқатуына  әкеледі  және  жұмысқа  қабілеттілікті  барынша 

тӛмендетеді.  Ол  жұмыс,  күнінің  соңына  қарай  жұмысшының    жұмыс 

қабілеттілігінің  тӛмендеуі  бас  миы  қабығы  бойынша  күзетуші  тежелудің 

таралуы мен түсіндіріледі. 

Қажудың  дамуындағы  бас  миы  қабығының  маңызды  келесі  сын 

қортындысы кӛрсетеді: егер гипноз күйіндегі адамға 200 гр жүк ұстатып оған 



 

қолында ауыр жүк бар оны шаршағанша кӛтеріп, түсір деп тапсырма берсе ол 

адам  бірнеше  кӛтеріп  түсіруден  кейін-ақ  тез  қажып  қалады.  Сонымен 

қажудың туындауындағы басты ролді ОНЖ-і орындайды. 

Қажудың  дамуын,  табиғатын  дұрыс  түсіну  үшін  организмнің 

тұтастығын  естен  шығармау  қажет.  Сондықтан,  ОНЖ-де  туындайтын 

ӛзгерістердің  немесе  оның  іс-әрекеті  барысындағы  бұлшық  еттердің  ӛзінде 

және  жалпы  организмде  ӛтетін  айқын  немесе  айқындалмаған  ӛзгерістердің 

(«тұншығу»,  «ластану»,  т.с.с.)  бәрі  жұмысқа  қабілеттіліктің  тӛмендеуін 

немесе айтарлықтай жоғалуын тудырады. 

Ӛндіірстік қажу – бұл тек қарапайым биологиялық категория емес. Ол 

организмнің  жұмсаған  шығыны  мен  олардың  бастапқы  қалпына  келуінің 

сәйкес келмеу себебіне байланысты тууады. 

Қажу  кезінде  қозғалтқыш  анализаторлар  клеткалары  мен  бұлшық  ет 

клеткаларының    функционалдық  қозғалтқышы  тӛмендейді.  Жұмыстың 

жэалғастырылуы  енді  тек  нервтік  орталықта  қарқынды  қозу  болғанда  ған 

мүмкін  болады.  Бұл  күшті  қозудың  басқа  да  бұған  дейін  бұлшық  еттерге 

тарауына,  жүрек-тамыр,  тыныс  алу  жүйелерінің  іс-әрекеттерін,  алмасу 

процестерін күшейті үшін тасымалдауына соқтырады. Бұлардың бәрі ОНЖ-

дегі  іздердің  жиналуын  тездете  түсіп,  организмнің  функционалдық 

мүмкіндіктерін  тӛмендете  түседі.  Егер  осындай  күйде  жұмысты 

жалғастырсақ, шектен тыс қажу немесе организмнің тозуы (истощени) туады. 

Демек  биологиялық  мәні  жағынан  –  қыртыстық  қорғану  реакцияы,  ал 

физиологиялық  механизмі  бойынша  барлығынан  бұрын  бас  миының 

қыртысты орталықтарының жұмысқа қабілеттілігін шектейтін бүтін процесс. 

Шаршау құбылысын қарастырайық. 

Шаршау  дегеніміз,  қажумен  қатарлас  болатын  ӛзінше  әсер.  Шаршау 

бұл  қажудың  субъективті  жағы.  Кӛптеген  авторлардың  бетке  ұстар  негізгі 

факторлары,  ол  қажудың  тууы  мен  шаршау  арасындағы  айқын  айырылым 

(расхождение), демек жұмысқа қабілеттілік қисық сызығы мен шаршау әсері 

арасындағы  айырмашылық.  Кейбір  жағдайларда  жұмыс  қабілеттіліктің 

айтарлықтай  тӛмендеуінің  ӛзінде  адам  шаршағанын  сӛзбейді.  Ал  басқа 

жағдайда,  әсіресе  қызықсыз  жәнебірыңғай  жұмыс  кездерінде,  керісінше  әлі 

қажудың  объективті  белгілері  байқала  қоймағанмен,  адам  шаршағанын  тез 

сезіне  бастайды.  Бұл  фактілер  қажу  кезіндегі  объективті  деректер 

арасындағы  ӛте  түсінікті  айырылыстар  ретінде  түсіндіріледі  (С.И.  Каплун, 

ж.б.). 

Кажудың алдын алу жолдары 

Ұзақ ӛндірістік жұмыстардың барысында қажу бұл қарсы күресті қажет 

ететін, ең негізгі қажудың алдын-ала білуді талап ететін ӛмірілк факт. 

Қажудың  алдын  алу  шараларын  бірнеше  топқа  бӛлуге  болады: 

жалпытехникалық, гигиеналық және физиологиялық. 

Жалпы  техникалық  шаралар.  Қазіргі  заманда  сағ  қырлы  техникалық, 

ұйымдастыру және экономикалық шараларды пайдаланудың арқасында адам 

еңбегі аз қажытқыш және жоғары ӛнімді болып отыр. Ондай шараларға: 



 

Ауыр 


еңбек 

процестерін 

механикаландыру 

мен 


ӛнідірісті 

автоматтандыру  жатады.  Дене  еңбегін  кӛп  қажет  ететін  кӛптеген  кәсіп 

орындары жойылды. 

Станокта  жұмыс  істейтін  адамдардың  қосалқы  жұмыстардан:  жұмыс 

орнынан  кету,  материалдарды  тасу,  т.с.с.  операцияларды  орындауынан 

босауының маңызы зор болып отыр. Бұған станоктарды, жабдықтарды және 

жұмыс құралдарын жетілдіру жатады. 

Санитарлық-гигиеналық жағдайларды барынша жақсарту. 

Жұмысқа  қабілеттілік  кӛптеген  факторларға  тікелей байланысты және 

жағымсыз  факторлар(шаңдану,  шу,  жоғары  температура,  т.б.)  неғұрлым 

толығырақ  қалпына  келтірілсе,  қажудың  туындауы  соғұрлым  барынша 

алыстатылады. 

Қажуды алдын алудың физиологиялық шаралары. 

Бұлардың  басты  тапсырмалары  ӛндірістік  қызметтердің  белгілі  бір 

жағдайында  организмнің  еңбекке  қабілеттілігін  жоғарғы  деңгейін 

қамтамасыз ету. Қажуды алдын алудың физиологиялық шараларына мыналар 

жатады. 

а) еңбек процестерін тиімді ұйымдастыру; 

б) еңбектік динамикалық стереотипті қалыптастыру (выработка); 

в) гимнастика және жаттығу

г) еңбек пен тынығудың тиімді тәртібі

 

 



 

15 ЕҢБЕК ПРОЦЕСТЕРІНІҢ БИОЫРҒАҚҚТЫЛЫҚҚА ӘСЕРІ 

 

Қимылдар  адамның  дене  бӛлшектерінің  анатомиялық  және 



физиологиялық  ерекшеліктеріне  сай  болу  қажет.  Қимылдар  түзу  бағытты 

болмай,  доға  бойымен  жасалу  керек,  екі  қолдың  да  қимылын  ойластыру 

қажет,  статикалық  қалыптарды  шектеу  керек,  басқару  тетіктерінің 

(пульттерінің) тиімді құрылуын ескеру қажет, жұмыс қалпын (рабочая поза) 

жетілдіру  керек  (мүмкіндігінше  жұмысты  отырып  атқаруға  кӛшу), 

эргономика  талаптарын  ескере  отырып,  жұмыс  ітеуші  бұлшық  еттерді 

кзектестіру, т.с.с бұған негізгі жайларын Н.Е.Введенский туындаған еңбекті 

ӛзінше    ұйымдастыру  да  жатады.  Бұл  жағдай  ӛз  маңызын  барлық 

жұмысшылар  үшін  сақтау  отырып,  негізінен  ақыл-ой  еңбегімен 

шұғылданатындарға арналған. Бұларға жұмысты біртіндеп бастап, бара-бара 

қарқындату  жатады.  Жұмысты  бірденен  қарқындата  бастауға  болмайды, 

себебі  функционалдық  қозғалғыштық  пен  нерв  клеткаларының  тонусы 

бірінші 

минуттарда 

айтарлықтай 

жеткілікті 

деңгейде 

болмайды. 

Динамикалық стереотиптік туындауына жақсы жағдай тудыратын мӛлшерлік 

пен  ырғақтылық  маңорын  алады.  КЕлесі  талап  реттілік  пен  жұмыстағы 

жүйелілік,  бұлар  да  динамикалық  стереотиптің  туындауын  жеңілдетеді. 

Жұмыстың  бір  түрін  келесі  түрмен  алмастырып  отыру  да  ӛте  маңызды, 

себебі бұл жағдайда «жұмысшы» орталықтар жеңілденеді. 


 

Тағы бір маңызды жай ол ӛз еңбегінің пайдалы, қажетті екенін сезіну. 

Доминант  және  динамикалық  стереотип  жайындағы  ілімдердің 

адамның еңбек қызметі үшін маңызы. 

Бізге  доминант  және  динамикалық  стереотип  құбылыстарын  дәлірек 

түсіну және олрдың еңбек процесіндегі маңызын білу ӛте қажет. Бізге, ОНЖ-

не  сыртқы  ортадан  және  ішкі  мүшелерден  сансыз  кӛп  тітіркендіргіштердің 

түсетіні,  оларға  организм  белгілі  бір  реакциялармен  жауап  беретіні  мәлім. 

Және  жауап  реакциялар  түскен  тітіркендіргіштерге  қатал  сай  келеді. 

Организмнің  сыртқы  ортамен  және  ішкі  әртүрлі  мүшелермен  және 

жүйелерменӛзара 

қатынасы 

ненің 

арқасында 



ӛтеді? 

Бұл 


азара 

байланыстардың  бәрі  рефлекстің  арқасында  болатының  әйгілі  орыс  ғалымы 

И.П.  Павлов  дәлелдеді.  Қалыпты  организмдегі  барлық  процестер  соның 

кӛмегімен жүретін болғандықтан, рефлекс ӛмірдегі ең маңызды құбылыс деп 

саналады,  ал  шартты  рефлекстің  туындауы  мен  бекітілуі  организмнің 

тіршілік жағдайына байланысты. 

 

 

 

16 ДЕСИНХРОНОЗ 

 

Десинхроноз аса жылдамдықпен және бірнеше сағаттық белдеулерді аз 

уақыттың  ішінде  ұшып  ӛтетін  реактивті  самолеттерді  пайдаланумен 

байланысты 

зерттеушілердің 

назарын 


ӛзіне 

аудара 


бастады. 

Трансмеридиандық  ұшу  арқылы  жаңа  жерге  барған  адамдардың  ұйқысы 

бұзылып, тәбеті жоғалатын болған, тез шаршап, жұмыс қабілеті тӛмендеген. 

Біраз  уақыттан  кейін  бұл  құбылыс  жоғалады  да,  адам  бұрынғы  қалпына 

қайтып  оралады.  ―Эр  франс‖  авиакомпаниясының  қызметкерлерімен 

жүргізілген  анкета  бойынша  Франция-Солтүстік  Америка  маршрутымен 

барған адамдардың 24% ғана қалыпты ұйықтаған, ал қайта оралғаннан кейін 

28%  жеткен.  Жоғарыдағы  кӛрсеткіштерге  сәйкес  қызметкерлердің  76  және 

67%  ғана  екінші  күні  ұйқысы  дұрысталған  (276).  Иркутскіден  Мәскеу, 

Ленинград, Горький, т.б. қалаларға ұшқан 93 спортшының функциональдық 

жағдайын  зерттегенде  жаңа  уақыт  ендігінің  алғашқы  күндерінде  олардың 

кӛпшілігінің пульстері сиреп, АҚ тӛмендеген. Физикалық жүктемеден кейін 

гемодинамика  кейінірек  қалпына  келеді.  Ӛйткені  тіршілік  сыйымдылығы 

азайып, қолдың күші кеміген. Таңғы сағат 3-4-те оянып, ұйқылары, негізінен, 

кешкі сағат 17-19-да келетін болған. Бастары ауырып, әлсіздік пайда болған, 

құлақтарынан  шуыл  кетпей,  кешкілік  тамаққа  тәбеттері  жоғалып,  аштық 

сезімдері түнде пайда болып отырған. Физикалық жүктемелер спортшыларға 

біршама  ауыр  тиген.  Осындай  десинхроноз  симптомдарының  жоғалуына  7-

14  күн  қажет  болған.  Осы  тәрізді  бір  жерден  екінші  жерге  ұшып  бару 

ұйқының  ұзақтығына  да  әсер  етеді.  Егер  тексерушілердің  қалыпты 

жағдайдағы ұйқыларының ұзақтығы 5 сағат 51 минуттан аспаса, ал реактивті 

самолетпен 9 ендікті ұшып ӛткеннен кейін бірінші түнгі ұйқы 7 сағ 23 мин, 

екінші түнгі ұйқы – 5 сағ 18 мин, үшінші – 3 сағат 25 мин ал 5-6 түндерде 4 


 

сағат 25 мин. созылған. ―Союз  - 3‖  - ―Союз - 8 ‖ космостық корабльдерінің 

кӛпшілік  экипаждары  екі  сағаттық  ендікті  қиып  ӛткеннен  кейін  әлсіздік 

сезініп,  тәбеттері  жоғалған,  жұмыс  қабілеттері  тӛмендеп,  ұйқылары 

нашарлаған.  Аталған  симптоматикалар  мыналарға  трансмеридиональдық 

ұшудан  кейін  тұрғылықты  жердің  уақытына  сәйкес  келетін ұйқы мезгілдері 

басқа  сағаттық  белдеуге  ауысады:  батысқа  қарай  кешігіп,  шығысқа  қарай 

ұшқанда  ұйқылары  тез  келген.  Демек,  бұл  жерде  жаңа  енділік  уақытқа  сай 

физиологиялық 

және 


психологиялық 

функциялардың 

тәуліктік 

ырғақтылықтарында  ӛзара  сәйкессіздік  процестері  туындайды,  бұл  әрине 

сыртқы десинхроноз түрінде кӛрініс береді. Адамға екі сағаттық енділік ең аз 

мӛлшерде жағымсыз әсер кӛрсетеді.  

Қалыпты  жағдайдағы  ұйқы  мен  сергектілік,  еңбек  пен  демалыс 

ырғақтылығының  жаңа  жерде  бұзылуы  организмнің  физиологиялық 

функцияларының  тәуліктік  ырғақтылықтарының  ертеден  қалыптасқан 

үйлесімді  әрекеттерінің  бұзылуы  есебінен  жүреді,  мұның  ӛзі  ішкі 

десинхроноздың  кӛрінісі  болып  саналады.  Шығыс-батыс  бойынша  8-9 

сағаттық  ендікке  ұшқанда  ұйқының  А-стадиясының  қысқарып  және 

кішірейгенімен  қатар, бір мезілде оның түн ортасының алғашқы және соңғы 

сағаттарындағы  қайта  бӛліну  құбылыстары  байқалған.  Мәскеу-Хабаровск 

маршрутымен  ұшып  барып,  қайта  қайту  кезіндегі  адамның  тіршілік 

режимінің  бұзылуы  мынаны  кӛрсетеді:  нейтрофильдердегі  глюкогеннің 

тәуліктік ырғақтылығының деңгейі фонға керісінше болды да, бастапқы 4-5 

күн ӛткеннен кейін қалпына келген. 7 сағаттық уақыт айырмашылығын артқа 

тастап,  қайта  ұшып  келгеннен  кейін  дене  температурасының  жергілікті 

уақытпен  сәйкестену  процесі  10  тәуліктен  артық  мезгілге,  6  сағаттық 

айырмашылықта 10 тәулікке жақын, 5 сағаттықта бес тәулікке, 4 сағаттықта 

екі тәулікке жақын уақытқа созылады. АҚШ-ГФР-АҚШ бағытында ұшқанда 

температуралық  ырғақтылыққа  бейімделу  үшін  батыс  бағытына  14-15  күн, 

шығыс  бағытына  11-12  күн  қажет  болған.  Мысалы,  4-5  сағатқа  созылатын 

ендікті  ұшып  ӛткенде  қандағы  стероидты  гормондардың  тәуліктік 

ырғақтылығы  2-3  ай  ӛткеннен  кейін  барып  бастапқы  қалпына  келетіндігіне 

қарамастан,  4  сағат  пен  11  сағаттық  ӛзгерістерге  организмнің  түрлі 

функцияларының ырғақты бейімделістері 4-15 тәулікке созылады. 

2  сағаттық  ендік  уақыт  арасындағы  ӛзгерістер  адамға  жағымсыз  әсер 

кӛрсететінді  жоғарыда  аталған-ды.  Бір  сағаттық  ендікті  ұшып  ӛтсе, 

десинхроноздық  ӛзгерістер  байқалмайды.  Бірақ,  әлеуметтік  датчиктер 

ӛзгеретін  жазғы  және  қысқы  кездерде  уақытты  1  сағат  ―не  алға,  не  кері 

жылжыту‖  организмде  тәуліктік  ырғақтылықтың  бұзылуын  тудырады. 

Жүректің  жиырылу  жылдамдығын  зерттеу  барысында  авторлар  мынаны 

анықтаған:  егер  ―қысқы‖  уақытта  бір  тексерілушіге  акрофаза  16  сағ  18  мин 

сәйкес келсе, екіншісіне – 17 сағат 18 мин тура келген, ал жазғы уақыттарда 

жүрек  ырғақтылығының  ең  жоғары  кӛрсеткіштері  жоғарыдағыға  сәйкес  17 

сағ 12 мин және 18 сағ 20 мин болған. Демек, уақыт ӛзгерістері организмде 

десинхроноз құбылысын туындатады. Мектеп-интернет оқушыларын зерттеу 

де осыны дәлелдей түседі. Мысалы, ―жазғы‖ уақытқа кӛшкенде балалардың 



 

жаңа  жағдайға  бейімделу  уақыттары  екі  аптаға  дейін  созылуы  мүмкін. 

Анкета  бойынша  сауал  жүргізгенде  жұмысшылардың  50%  ―жазғы‖  уақыт  – 

оң,  30%  -  нейтральды,  20%  -  теріс  баға  берген,  ―жазғы‖  уақыттың 

қолайсыздығын ұйқы режимінің бұзылуымен байланыстырған.   

Сонымен,  бірнеше  сағаттық  ендіктерді  жылдам  ұшып  ӛткен 

адамдардың  алдымен,  аса  маңызды  тіршілік  функциялары  ұшып  келген 

нүктесіндегі  күн  мен  түннің  ауысуымен  сәйкес  келмейді,  нәтижесінде 

сыртқы  десинхроноз  пайда  болады.  Жаңа  жерге  келгеннен  кейін  жергілікті 

уақытқа  бейімделу  процесінде  әр  түрлі  функциялардың  қайта  құрылу 

жылдамдығы түрліше болуына байланысты ішкі десинхроноз дамиды. 

Бірнеше  ендік  белдеулерін  тез  кесіп  ӛткенде  туындайтын 

десинхронозды профилактикалау үшін белгіленген пунктке жұмыс басталар 

кезде  емес,  үш  күн  бұрын  келу  қажет,  егер  бұған  мүмкіндік  болмаса,  күн 

тәртібін  баратын  жерге  сәйкес  үй  жағдайында  қайта  құрған  жӛн. 

Десинхронозға  қарсы  профилактикалық  шаралар  кешені  АҚШ  әскери 

ведомстволарында қатал жүзеге асырылуда. Мысалы, шығысқа (АҚШ-ГФР) 

ұшу  алдында  және  кӛңіл  күйін  жақсы  сақтау  үшін  тамақтану  режимі  мен 

жұмыс  активтілігін  6  сағат  алға  жылжытуды  ұсынады,  самолетте  жарықты 

ӛшіріп,  ұйықтататын  дәрі  береді,  қонар  алдында  кофе  мен  жоғары  белокты 

таңғы ас береді. Осындай режиммен ұшып келген бір топ солдаттар алғашқы 

күндері  аз  ұйықтаса  да  шаршамай,  температураның  циркадиандық 

ырғақтылығы  тезірек  қалпына  келген.  Десинхронозды  болдырмас  үшін 

транквилизаторларды  қолдану  туралы  ұсыныстар  бар,  бұл  тез  ұшу  кезінде 

циркадианды ырғақтылықтарды фазалық ӛзгерістерді пайда етеді, сол сияқты 

мелатонин да десинхроноз симптомын жеңілдетеді. 

Индустрияның  дамуымен  байланысты  кӛптеген  адамдар  түнгі  және 

ауысымдық  жұмыстарға  тартылуда,  бұларда  да  алысқа  ұшқандағы  сияқты 

дағдылы  ұйқы  –  сергектілік  ырғақтылығында  ӛзгерістер  пайда  болады. 

Физиологиялық  функциялардың  тәуліктік  ырғақтылықтары  бұл  жағдайда 

қалай ӛзгереді? Бұл жӛніндегі мәліметтер қарама-қайшы. 

Кейбір  бақылауларға  сәйкес,  мезгілді  немесе  түнгі  аусымда  тұрақты 

істейтін  адамдар  кӛбіне  ӛзінің  күнделікті  үйренішті  тіршілік  жағдайында 

қала  береді.  Түнгі  ауысымды  істейтін  адамдар  түнгі  уақытта  жұмыс  істеу 

қажет екендігіне күні бұрын ӛзін сендіреді. Осыған байланысты қасиеттерді 

толық сақтайды және организмнің тәуліктік ырғақтылығының қайта құрылу 

процесі  жүрмейді.  Г.Леманның  кӛрсетуінше  ондаған  жылдар  бойы  түнгі 

ауысымда  істеп  келе  жатқан  адамдар  түнгі  сағат  3-те  минимум  жағдайын 

кӛрсететін ырғақтылық температурасын сақтайды.      

Ырғақтылықтың  қайта  құрылуының  болмауы  адам  организмі  үшін 

теріс  фактор  болып  саналады,  ӛйткені  бұл  жағдайға  кӛріне  бейімделуіне 

қарамастан,  мұндай  адамдардың  ӛмірі  биологиялық  ырғақтылыққа  қарсы 

жүреді.  Шындығында,  егер  ауысымды  және  түнгі  жұмыстарда  ұйқы-

сергектілік  ырғақтылығы  ӛзгеретін  болса,  ал  басқа  функциялардың 

ырғақтылығы  бұрынғы  тәртіппен  іске  асырылса,  онда  олардың  арасында 

келіспеушілік туындайды да, кейбір аурулардың пайда болуына әкеп соғады. 



 

Cондықтан,  осындай  ырғақтылық  теңгермешілігінің  бұзылуынан  бір  апта 

істегеннен  кейін  түнгі  ауысымда  істейтіндерде  шаршау  белгілері  пайда 

болған және оның одан әрі жалғаса беруі ауыр жағдайға әкеп соғуы мүмкін. 

Осыған  байланысты  20%  адам  ауысымдық  графикке  үйрене  алмаса, 

қалғандарында  түнгі  жұмысқа  деген  толық  бейімделушілік  байқалмаған. 

Дене  температурасының  ырғақтылығын  зерттеу  барысында  1000  француз 

жұмысшысының  45%-да  күнделікті  жұмыс  режимінің  ӛзгерістеріне 

бейімделушілік белгілері қалыптаспаған, яғни жұмысшылардың тең жартысы 

дезадаптация    жағдайында  болған.  Ұзақ  мерзімді  түнгі  және  ауысымдық 

жұмыс,  ең  бастысы,  егер  оған  адам  бейімделе  алмаса,  нәтижесінде  жүйке 

ауруларының  симптомдары  –  бас  ауруы,  бас  айналуы,  невроздық,  кӛңіл 

күйінің  ӛзгерістері,  т.б.  –  пайда  болады.  Бұл  кӛп  жағдайларда  асқазан 

қызметінің  бұзылуына,  соның  ішінде  гастрит,  асқазан  жарасының  пайда 

болуына әкеп соғады. Мысалы, күндізгі ауысымда істейтін 300 адамның 5%-

да  асқазан  жарасы  байқалса,  түнгі  ауысымда  істейтін  600  адамның  15%-ы 

осы аурудан зардап шеккен. 

Мұнымен  қатар  кӛптеген  зерттеушілер  түнгі  ауысымда  ұзақ  уақыт 

істеген  адамдарда  физиологиялық  ырғақтылықтардың  қайта  құрылу 

процесінің  болатындығын  атап  кӛрсеткен.  Мысалы,  отырып  жұмыс 

істейтіндердің дене температурасының ырғақты ӛзгерістері 5-6 апта ӛткеннен 

кейін-ақ  байқалса,  үздіксіз  түнгі  ауысымда  істейтін  нан  пісірушілер  осы 

ырғақтылықтың инверсиясы пайда болған. Ал түнгі ауысымда істейтін баспа 

қызметкерінде  сағат  21-ден  таңғы  сағат  4-ке  дейін  дене  температурасының 

кӛтеріліп, жұмыстың бастапқы кезінде адреналин мен норадреналин кӛбейіп, 

одан әрі тӛмендегені байқалған. Қызмет әрекеттері осыған ұқсас адамдардың 

кешкілік кездегі қандарының құрамындағы қышқыл-сілтілік және адреналин 

мен  норадреналин  тепе-теңдігінің  акрофазасы  22-23  сағатқа  ауысқан,  ал 

күндіз істейтіндерде 17-18 сағатқа тура келген. 

Поляр  жағдайында  түнде  жұмыс  істейтін  адамдар  организмдерінің 

физиологиялық  функцияларының  ырғақтық  формасы  жӛніндегі  мәліметер 

ырғақтардың  қайта  құрылуы  немесе  оның  болмауы  жұмыстың  түрлерін 

байланысты екендігін растайды. Түнгі ауысымда істейтін газ ӛндірушілердің 

ырғақтары  инвертирленген  болса,  блюминг  операторларының  ырғақтары 

түнгі  ұйқы  кезіндегі  түрлерін  сақтаған.  Ауыр  жүктеме  кезінде  түнгі 

ауысымның  бірінші  жартысында  тәуліктік  температуралық  қисық 

инвертирленсе,  аса  ауыр  жұмыс  кезінде  немесе  жеңіл-желпі  жұмыс 

барысында  дене  температурасының  инверсиясы  кӛп  уақытты  алған,  ал 

кӛпшіліктерінде  қалыптаспаған.  Ырғақтардың  қайта  құрылуы  немесе 

олардың  бұрынғы  режимдерінде  қызмет  атқарулары  -  әркімнің  ӛзінің  жеке 

басының  әлеуметтік  ырғақтарына  тәуелділігін  кӛрсетеді.  Түнде  жұмыс 

істейтін  адамдардың  тәуліктік  ырғақтарының  ӛзгерістері  соғұрлым  ұтымды 

болады,  егер  ұйқымен  сергектілік  алмасып  келуіне  сыртқы  факторлардың 

әсері  болмаса.  Ұзақ  жылдар  бойы  түнгі  жұмыста  істегендеріне  қарамастан, 

Мәскеу метрополитенінің жұмысшыларында тәуліктік ырғақтылықтың қайта 

құрылуы  жүрмеген,  олардың  тәуліктік  қисығы  күндізгілерден  аса 



 

ерекшеленбеген.  Сыналушыларды  күндізгі  ұйқыға  барлық  жағдай  жасалып 

жабдықталған арнаулы бӛлмеге қысқа мерзімге орналастырғанда, жұмыс пен 

демалыс ережесіне сай тәуліктік ырғақтылықтың қайта құрылу элементтері, 

яғни  күндізгі  және  түнгі  сағаттардағы  функциональдық  кӛрсеткіштердің 

жақсарғаны  байқалған.  Сонымен,  ұйқы-сергектілік  ырғақтылығы  ӛзгерген 

кездегі биоырғақтылықтың қайта құрылу мүмкіндігі туралы мәліметтер ылғи 

да  сәйкес  келе  бермейді,  бірақ  бұл  қарама-қарсылықтар  еңбектің  түрін, 

күндізгі  демалыстың  оптимальдылығын,  хронотип  пен  жасқа  байланысты 

ӛзгешеліктерді  ескерсе  шешуі  табылуы  мүмкін.  Осыған  байланысты 

биоырғақтылықтардың  икемділігі  мен  олардың  тіршілік  стереотиптерінің 

ӛзгерістеріне жылдам үйлесіп кете алатындығы әр уақытта есте болғаны жӛн. 

Мұны мынадай болған оқиғалар растайды. Мысалы, баскетболшылар сағат 7-

ден  8  сағат  30  минутқа  дейін  жаттыққанда  жүрек  жиырылуы 

жылдамдығының  тәуліктік  қисықтығы,  сол  жақ  қарыншадан  қанды  айдап 

шығару,  әдетте,  биік  шыңы  18  сағатта  байқалатын  кӛлемнің  үстіне  11-12 

сағатта  қосымша  кӛтерілулер  пайда  болған,  дене  температурасы  сағат  7-де 

кӛтеріліп, сағат 19-да тӛмендеген, сілекейдегі ІІ-ОКС концентрациясы сағат 

6-7-де  максимум  жағына  ауысып,  сағат  12  және  23-те  ең  жоғарғы  мәніне 

жеткен.  Таңғы  жаттығудан  кешкіге  ӛту  жоғарғы  кӛрсеткіштер  деңгейі 

қалыпты  уақытқа  қайтып  оралған.  Тәуліктік  ырғақтылықтың  осы  тәріздес 

ӛзгерістері таңертеңгілік жаттығатын жүзгіштерден де байқалған. Камералық 

эксперименттерде  (адамдарды  жеке  отырғызу)  адамдардың  физиологиялық 

функциялары 

мен 

стереотип 



бойынша 

қалыптасқан 

жұмыс 

қабілеттіліктерінде  тәуліктік  ырғақтылықтың  ӛзгерістері  байқалмаған.  Егер 



де  камерада  астрономиялық  ырғақтылықпен  сәйкес  келмейтін  жарық  пен 

қараңғылық  ауысып  келіп  отыратын  жағдай  туғызса  болғаны,  1-3  тәуліктен 

кейін-ақ  ЭЭГ  сигналдарында,  4-6  тәулікте  пульс  жылдамдығының 

ырғақтылығында  және  6-8  тәулікте  тыныс  алу  жиілігінде  сәйкес  ӛзгерістер 

пайда  болып  отырған.  Басқа  бір  экспериментте  адамдарды  12  тәуліктік 

режимге  ығыстырылған  оқшауланған  камерада  45  күнге  отырғызған.  Үш 

аптадан  кейін  жүрек  жиырылу  жылдамдығының  АҚ,  тыныс  алу 

жылдамдығының  және  дене  температурасының  тәуліктік  динамикасы  мен 

ЭЭГ  жаңа  режимге  сәйкестенді,  яғни  физиологиялық  функциялардың 

циркадиандық 

ырғақтылығы 

180˚ 


ауысқан. 

Адамның 


тәуліктік 

ырғақтылығының  қалыпты  24  сағаттық  мезгілділігі  уақытты  ӛлшеу 

мүмкіндігі жоқ камералар мен бункерлерде және сол сияқы үңгірлерде сағат 

19-дан  24-ке  дейінгі  аралықта  ӛзгерулері  мүмкін.  Сыртқы  уақытты 

есептеуден оқшауланған кӛпшілік адамдарда ырғақтылық периоды тәуліктен 

кӛбірек, орташа 25-26 сағаттай болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет