Хронология, аныктама, карталар


§6. Жапония (1914-1945 жж.)



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата15.03.2017
өлшемі20 Mb.
#9620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
§6. Жапония (1914-1945 жж.)
XX 
ғасырдың  басында  Жапония  ауыл  шаруашылығында  саяси 
және 
әлеуметтік 
салалардагы 
феодалдык 
карым- каты настарда 
капитализммен үндестік тауып, дамыган мемлекетке айналды. Өскелен 
эскери-саяси  элеуетке  сүйене  отырып,  Жапонияның  билеуші  топтары 
көршілес  елдермен  қар ы м - каты нас та  им периалист  саясатқа  көпггі. 
Ол  дүниежүзілік  соғыска  экеліп  тіреген,  дүние  жүзін  кайта  бөліске 
салу үшін күресте маңызды рөл атқарды.
Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  жылдары  Жапония  Антанта  жағына 
шықты.  Оның  қарулы  күштері  Қытайдагы  Шандунь  жарты  аралында 
орналаскан  герман  концессияларын,  сондай-ак  Тынық  мұхиттағы 
отарлар -   Маршалл,  Каролинг  жэне  Мариан  аралдарын  жаулап  алды. 
Қьітайға 
«21 
талапты»
 
ұсына  отырып, 
оларды 
кабылдауға 
мәжбүрлеп,  Жапон  үкіметі  осы  елде  өзінің  басымдык  ұстанымын 
сактады.  Қытайдың  каржы  саласына,  әскери  ісіне,  сыртқы  саясатына 
ішкі  істеріне  белсене  арапасып,  оны  бөлуге  дайындалды.  1916  жылы 
Жапония  мен  Ресей  АҚШ  пен  Англияга  қарсы  багытталған  қүпия 
келісімді бекітті.
Елдің ішкі  өмірінде  сарайлык және  әскери-феодалдык  олигархия-
ның  үстемдігі  айкын  білінді.  Император  саяси  өмірде  үлкен 
өкілеттіктерге  ие  болды.  Жапон  буржуазиясы  билік  құрылымынан

эскери-феодаллык олигархиями ытастырып шыгаруга *мтылды  Онын 
мудделерш  б,ля,рушшер 
К т аш по
  (констшуциялык)  жэне 
Сэйютй 
(саяси  достык  когамы)  паргиялары  болды.  Билік  ушін  олаолын
арасында  табаи  лрескен  «үрес  болпншмен,  олар  баскыншьты" 
сыртқы саясатты жүргізуде бірлікте еді.
Соғыс 
жыллаоынла 
жұмысшы 
табының, 
қалалықгардың
I
емонстрациялар  мен
жылдарында 
шаруалардың  жағдайы
катты  нашарлады.
ереуілдерге тыйым  салған  заңдар  қатая  түсті.  Жұмыс  күні  10  сағатган
аса  уакытқа  созылды.  Елде  азық-түліктің  жетіспеушілігі  сезілді
ІПШП^ rrivn 
____ __ _ 

*********
кажетп
мөлшері  жоғарылады,  жердің  жалға  алган
акысын
мұрагерлікпен  үлкен  ұлына
төлеу 
үшін
әстүр  бойынша iiiaDva үлесі
немесе  аукапы  шаруаларга  батырак  болып  жалданды,  яки  қалага
кэсіпкерлікке  кету,  тиіс  болды.  Көпшілік  ауыл  түртндары   әскер 
катарына шақырылып, эскери кұрылыс салуға тартылды.
Сошс  барысында  Жапон  өнеркәсібі  мен  саудасы  таңгаларлық
ж елепге  ігпп 
р
____ ______  
¥
нәтижелерге
машиналары н
өркендеді.
шыгарумен  айналысатын  кәсіпорындар  жедел  қарқынмен
ұлттық
жылы 65 млрд.  йенге дейін өсті. Мемлекеттің алтын 
!  жетп.  Жапон  қаржыгерлері  Қытай,  Ксшея 
жэне  fi;
Бірінші
капиталдарын
соғыстан
дүниежүзілік  соғыс  алдында-аі 
күшейіп,  дамыған  капиталистік
Жапония  экономикалык  жағынан
і,  металл  өндіру,  машина  жасау, 
Қиыр  Шығыс  пен  Тынық  мұхит
конференциясында  Жапония 
Шаиьдунь  түбегін,  Тынык
бұрын  Германияға  караған  Қытайдын 
мұхиттағы  Каролин,  Маршалл,  Мариан  аралдары 
алды.  Ресейдің  құрамындағы  Приморье  1922  Н И   дсиш 
олтустік Сахалин  1925  жылға дейін Жапония қарамағында болды. 
АКД1  пен  Қытай  бұған  көнгісі  келмеді.  1921-1922  жылдары
Вашингтон конференциясында Жапония  біраз  шегініс  жасауға мәжбүр 
оолып 
Шаньдуньнан 
---------- ---
жылга  дейін,  ал
rtfr., 

Щ 
І  ‘••« ••w m v ,  ivaivycnn 
Курабү
сиякты  саяси  партиялар  басқарып  келді.  Төменгі  палатаның  беделі
«огаргы  пәрлер  палатасын  қалыптастыруда  императордың
43

ықпалы  төмендеді.  1925  жылғы  зан  бойынша  сайлауга  қатысушылар 
саны ұлгайтылып, халыктың 16% - ын құрайтын болды.
Үкімет  согыс  кезінде,  одан  кейін  өрістей  түскен  жұмысшылар 
жэне  кедей  шаруалар  қозғалысын  1923  жылгы  қарашадағы  жойкын 
жер сілкінуге қарсы  шараларды пайдалана отырып, басып тастады.
20-жылдардың  екінші  жартысында  Жапония  билеушілері  озбыр- 
лык  саяси  бағыт  ұстады.  Ең  апдымен  олар  Қытайды  әлсіретіп,  оны 
түтас  озіне  қаратып,  содан  кейін  басқа  елдерді  бағындыруды  коздеді 
(Танака  меморандумы).  Ол  үшін  әскери  күшін  молайтуға,  теңіз  фло- 
тын ұлғайтуға кірісті.  1929-1933  жылдары дүниежүзілік эконом икал ық 
дағдарыс 
жылдары 
Жапония біраз киыншылықты бастан кешірді.
Қытайдағы  ішкі  тартыстар  мен  бытыраңқылық  Жапон  империа- 
листерінін баскыншылык  әрекетіне  жеңілдік  туғызды.  Жапония  1931- 
1932  жылдары  Қытайдың  солтүстік-шығыс  өлкелерінде  Маньчжоуго 
куыршак  мемлекетін  құрып,  оны  өз  камқорлығына  алды.  Бұл  жерде 
жапон  карулы  күштері  шоғырланып,  шекаралас  КСРО  жэне  Монгол 
Халык  Республикасына  қауіп  төндірді.  Сонымен  бірге  Жапонняның 
осындай  үстем  саясат  жүргізуіне  баска  елдердің  Қытайдағы 
қимылдары  да  комектесті.  Чан  Кайши  үкіметіне  қарсы  болып  келген 
Мәскеу  1927  жылдары  Қытай  Шыгыс  теміржолын  Жапонияға  сатып 
жіберді.
20-30-жылдар  арасында елде  экономикалык  дағдарыс  орын  алды. 
Көптеген  кэсіпорындар  жабылып,  жүмыссыздык  көбейді.  Шаруалар- 
дың жагдайы  нашарлады. Елде саяси күрес күшейді.  Бұл жұмысшылар 
мен  кала түрғындарының ереуілдерімен  гана тынбады.  Үлтшылдыкка, 
озбырлыкка  құнықкан  орта  топтар,  эсіресе  төменгі  сатыдагы  әскери 
топтар сыртқы  және  ішкі  саясатты  күшейтуде  фашистік тәртіп  орнату 
талаптарын  көтерді.  Төменгі  шендегі  офицерлер  мен  бүлікшілердің 
ереуілдері үкіметті шошындырды.
1936 
жылы  фашистік  топтарды  жактаушылардан  премьер- 
министр  Сайто  жэне  бірнеше  министрлер  қаза  тапты.  Жаңа  үкімет 
жаппай  қарулану,  Жапония  мен  Маньчжурияны  коргау  жоспарын 
бекіту,  үкімет  мүшелерін  корғау  т.б.  шараларды  қолға  алды.  Бұлар 
«жаңа  экономикалык  кұрылым»  және  «жаңа  саяси  кұрылым»  деп 
аталған багдарламалардың негізін  қалады.
Жапонияныц  Қытайдағы  табыстары  коп  елдерге  ұнамай,  Үлттар 
Лигасында эшкереленді.  Сондықтан  Жапония  1933  жылы  ол  ұйымнан 
шығып кетті.
Озбырлық  саясат  ұстаған  Жапон  билеуші  топтары  Еуропадағы 
согыскұмарлармен  жақындаса түскен.  1936  жылы  карашада Жапония, 
Германия,  Италия  Коминтернге  қарсы  пактіге  қол  койып.  КСРО-нын
44

коммунистік қозгалысты бүркеніп әлемдегі жүргізген әрекеттеріне жол 
бермеуді алға тартты.
Жогарыда  аталған  багдарламаны  1937  жылы  үкіметті  басқарған 
князь  Каноэ  іске  асыруға  бел  байлады.  Саяси  партиялар  жабылып, 
демократтар  қамауға  алынды.  Сөйтіп  ұлттық  бірлікке  жету  ойласты- 
рылды.  «Такка  көмектесу  қауымдастығының»  мақсаты  императорды 
мадақтау,  оған  табыну  болды.  Жеке  адамға  табыну  халықтың  соры 
екенін олар кейінірек түсінді.
Екінші  дүниежүзілік  соғыс  жылдарындағы  Жапония.  1937 
жылы  шілдеде  Жапония  Қытайды  толығымен  жаулап  алуға  кірісті. 
Оның  армиясы  дереу  арада  елдің  ішкері  жағына  тереңдеп  еніп, 
ауқымды 
аумакты 
басып 
алды. 
Осыған 
байланысты, 
қытай 
саясаттанушылары  Екінші  дүниежүзілік  соғыстың басталуы  1937  жыл 
деп есептейді.
1939  жылы  көктем-жаз  айларында  Жапон  әскери  күштері 
Монголияға  шабуыл  жасады.  КСРО  жэне  Монгол  Халық  Республи- 
касы  1936  жылы  өзара  көмек  шартына  отырған  еді,  соған  орай  Кеңес 
карулы  күштері монғолдарға көмектесіп, жаудың бетін қайтарды.
КСРО-да  Жапонияны  әшкерелеу  қатты  орын  алды.  Онда  бір  топ 
кеңес барлаушылары қызмет атқарды.
КСРО-ның  шекарасында  да  бірнеше  жанжалдар  орын  алды.  Осы 
күнге  дейін  КСРО-Жапония  аракатынасында  ашылмаған  сырлар  аз 
емес.  Кеңес  басшылары  өз  халқын  алдап ұстаған,  «анау жау — мынау 
жау»,  деп  үрей  туғызып  отырған.  «1938  жылы  Хасан  көлі  маңында 
болган  кактығысты  самурайлар ұйымдастырды»  деген лақап таратқан. 
Кейінгі кезде жарық көрген кұпия  қүжатгар оған күмән келтіруде.
Көп  ұзамай  Мәскеу  мен  Токионың  арасындағы  карым-катынас
бас каша  сипат  ала  бастады.  Көптеген  мэселелер  бойынша  Токио  мен
Мәскеу  ортак  тіл  табысып,  1941  жылы  13  сәуірде  бес  жылға  шабуыл
жасаспау  туралы  пактіге  қол  қойды.  Эрине,  екі  елдің  арасындағы
карым-қатынастағы  өзгерістер  КСРО  гитлерлік  Германия  мен  Еуропа
елдерінің аумағын  бөлу  туралы  келісімге  барғаннан  кейін ғана мүмкін
болғаны  сөзсіз.  Ол  кезде  КСРО  мен  Германия  достасып,  Еуропа
елдерін өзара бөлісуге  кіріскен.  Жапония  болса,  Азияның Шығысында 
ойран салып жатты.
1940  жылы  Франция  мен  Голландия  Германиядан  жеңіліп 
калғанда,  Жапон  үкіметі  Үндіқытай  (Вьетнам,  Лаос,  Камбоджа)  мен 
Индонезия  аралын,  Малайзия  мен  Сингапурды  өзіне  қаратуға  кірісті.
1940  жылы  27  қыркүйекте  Жапония,  Германия,  Италия  «үштік  пакт» 
деп аталған согыс  одағын  кұрды.  Сөйтіп,  дүниежүзілік  соғыс  басталар
45

алдында төрт мемлекет — Жапония, КСРО, Германия, Италия бір жакта
болыпшыкты. 
*
  ,^ /;г- ;,ф
Екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезіндегі  Жапония.  Дүние  жүзін 
жойқын  соғысқа  итермелегендердің  бірі  жапон  милитаристері 
тоқтаусыз  шабуылдап, 
О ң т ү с т ік  
Шығыс  Азия  мен  Қиыр  Шығыс 
халыктарын  кан  қақсатты.  Бірнеше  Қытай  калалары,  соның  ішшде 
Тяньцзин,  Нанкин,  Шанхай,  Ухань,  т.б.  қиратылып,  бейбіт тұрғындар 
кыргынға ұшырады.  Елде шовинистік ұрандар  көтеріліп,  жапондыктар 
«тәңірдің  нұрына  бөленген  ерекше  халық»,  Жапония  бастаған 
«азиялық гүлдену ғасыры» басталды деген ресми үпт жүргізщді.
КСРО-мен  шарт  жасаскан  соң,  оның  негізгі  озбырлық  багыты 
Оңтүстік-Шығыс  Азияға  ауысты.  Қытайды  басып-жаншып,  ең 
дамыған  аудандарын  жаулап  алып,  оның  байлығын  өзіне  тасыды. 
Үнді-қытай  елдері  де  тоналды.  Тынық  мұхит  пен  Азия  аймағындағы 
негізгі  дұшпаны  АҚШ  болгандыктан,  оған  қарсы  соғысқа  дайындық 
оте  жасырын  түрде  жүргізілді.  АҚШ  басшыларын  бейкам  калдыруды 
ойлаған  Жапония  1940-1941  жылдары  онымен  бірнеше  келіссөздерге 
барған. Екі ел сауда катынастарын жаксы сактап келді.
1941 
жылы  7  желтоқсанда  АҚШ-тың  бүкіл  Тынык  мұхиттағы 
эскери-теңіз  күштері  шоғырланған  Гавай  аралындағы  Пбрл-Харбор 
базасына  тұткиылдан  жапон  крейсерлері  мен  ұшак  таситын  кемелері 
шабуыл  жасап,  жеңіске  жетті.  Содан  соң  көпке  дейін  бұл  аймакга 
жапон  үстемдігі  орнады.  Қытайды  санамағанда  Тынык  мұхит 
аймағында  және  Оңтүстік  ІІІығыс  Азияда  Жапон  колына  3,8  млн 
шаршы  шақырым  жер  қараған.  Бірак  1942  жылдың  ортасына  дейін 
Тынык  мұхитта  үстемдік  кұрған  жапондыктар  1943  жылы  теңіз 
шайқастарында  біріккен  американ-агылшын  күштерінен  жеңіліп 
калды.  Филиппинді  қайтарып  алган  АҚШ  ұшактармен  жапон 
аралдарын  бомбылауға  кірісті.  1944-1945  жылдары  жапон  калалары 
мен  кенттері  катты  кираса да,  оның саяси-әскери басшылары  соғысты 
жалғастыра  берді.  1945  жылы  6  жэне  9  тамызда  АҚШ  алгашкы  атом 
бомбаларын  Жапонияның  екі  каласы  -   Хиросима  мен  Нагасакиге 
тастады.
Әскері  Азияның  эр  жерінде  шашылып,  өзі  атом  каруының 
айыкпас  дертіне  оранган  Жапонияға  КСРО  үкіметі  Қырым-Потсдам 
келісіміне  сәйкес  9  тамызда  согыс  жариялады.  Кеңес  қарулы  күштері 
Квантун  армиясына  соккы  беріп,  Қытайдың  солтүстік-шыгыс  ауданы 
мен Солтүстік Кореяны босатты.  Оған коса Оңтүстік Сахалинді, Курил 
аралдарын кайтарды.
Кеше  ғана дүние  жүзін  жаулап,  билеп-төстеуді  армандаган  жапон 
саясатшылары  мен  генералдары  1945  жылы  2  кыркүйекте  еріксіз  тізе
46

бүкті.  Шетел  әскерлері  тарихта  бірінші  рет  жапон  жерін  басып  алып, 
жапон елі егемендігінен айыры л д ы.
Бұрыннан  Буропа  елдерінің  отары  болып,  соғыс  жылдарында 
жапои карулы  күштері басып алған Индонезия, Филиппиндер, Вьетнам 
өз тәуелсіздігін жариялады.
Көптеген бейбіт елдерді  қан  каксаткан жапон милитаризмінің күлі 
көкке  ұшып,  халыктар  бостандыкка  жетті.  Отар  болған  Тайвань, 
Корея, Қытай жері азаттық алды.
Қиыр Шығыстағы согыс ошағы талкандалды.
§7. Қытай. Монголия
Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  Қытай.  XX  ғ.  басында 
бүл  елдер  өте  қайшылыкты  жагдайда  дамыды.  Феодалдық  катынастар 
іріп-шіріп,  Қытай  империясы  дагдарыска  үшырал,  тэуелсіздігінен 
айьфылуға тап  болды.  Батыс  мемлекеттері -  Англия,  Ресей,  Германия, 
оларға  Жапония  косылып,  оныц  аумағын  шектей  берген.  Екі  жарым 
ғасыр  бойы  елді  билеген  Цинь  әулетінің  саясатына  қарсы  козгалыс 
өршіп, буржуазиялык-демократиялық күштер оны құлатуга кіріскен.
1911-1912  жж.  Синхай  революциясы  жеціп,  ел  Азия  күрльігында 
бірінші  республика  болып  жарияланды.  Іс  жүзінде  саяси  бытыраңқы- 
лыктан  кұтыла  алмаган  Қытайды  импералистік  мемлекеттер  талан- 
таражга  салудан  бас  тартпаған.  Ескінің  тамырлары  үзілмеген  елде 
феодалдық күштер элі басым еді.  Әскери-помещиктік топтар  кысымы- 
на  карай  алгашкы  президент  Сунь  Ятсен  орыны  генерал  Юань 
Шикайга беруге  шетке  кетіп  калды.  Цин  империясында бас  қолбасшы 
саналган  Юань  Шикай  монархия  тәртібін  орнатпакка  бел  байлаган.
1915  ж.  оның үкіметі Жапония  кысымына  көніп,  21  шартгы ұсынысын 
кабылдаган.  Ол  ең  апдымен  Германияга  қатысты  Шаньдунь  аймағын 
басып  алып,  Қытайдың  солтүстік-шығыс  аймактарын  иеленуге 
тырысты.  Қытай  Бірінші  дүниежүзілік  соғыска  нактылы  кіргенмен,  іс 
жүзінде  майданға  бірде-бір  солдатын  жібермей,  тек  Еуропаға  біраз 
жүмысшыларын 
ғана 
жөнелтумен 
шектелді. 
Соғыс 
жылдары 
еуропалык  елдердің  Қытайда  экономикалык  ыкпал  етуінің  әлсіреуі, 
Қытай кэсіпорындарынын өсуіне мүмкіндік туғызды.
Соғыс  жылдары  және  соғыстан  кейінгі  жылдары  жеңіл  өнеркәсіп 
анагұрлым  дамуга  кол  жеткізді.  1913-1920  жылдар  аралығында  Қытай 
ұлттық  капиталына  675  кәсіпорын  салынды.  ¥лттык  капиталдың 
корлануының өсуі жаңа Қытай банктерінен көрініс тапты.
Еуропа  елдері  тарапынан  бәсекелестіктің  жарым-жартылай 
әлсіреуін  жапон  жэне  американ  буржуазиясы  пайдаланды.  Жапон
47

монополистері  Қытайдағы  өнеркэсіп  өндірісінің  дамуына  ірі  каржы
аударды.  1914-1921  жылдар  ішінде  Жапония  Қытайда  жалпы  алганда 
222  зауыт-фабрика  салды.  Жапония  Қытайдағы  өзіиің  экономикалык 
қажеттіліктерін қаржыландырушы 26 банкке билігін жүргізе алды.
1919 
жылдың  қаңтарында  Парижде  бейбітшілік  конференциясы- 
ның  жұмысы  басталды.  Конференцияға  баратын  уәкілдерге  мынадай 
міндеттер койылды: 
И И '-
- Шанъдунь түбегін Қытайға қайтару; 
1
-  1915  жылғы  Жапонияның  жүргізген  21  талабы  негізінде 
кабылданган келісімдердің күшін жою. 
Я
Бірак  Париждегі  конференцияда  Қытайдың  ұлттык  мүддесі  еске- 
\ 
рілмеді.  Германия  иелігінде  болған  Қытайдың  Шаньдунь  провинция-  > 
сын Жапонияға беру жоніндегі  импералистік державалардың эділетсіз 
шешімі жарияланды. 
■]
Парижде  кабылданған  шешіміне  карсы  Қытай  халқы  жалпы 
наразылык білдіріп,  антиимпериалистік 4  мамыр  қозғалысының тууы- 
на  әкелді.  Қозғалыстың  басында  Пекин  университетінің  студенттері  - 
тұрды.  Полицияның  жазалау  әрекеті  Қытайдағы  оқушы  жастардың 
ереуілге  шығуына  себепкер  болды.  Жастар  қозғалысын  баска  да 
элеуметтік топтар  қолдады:  жұмысшылар,  қаладағы ұсақ жэне ұлттық 
<
 | 
буржуазия  окілдері  -   саудагерлер,  колөнершілер,  қаланың  кедей 
топтары.  Жапон  тауарларына  бойкот  жариялау  әрекеттері  күшейді.  | 
Антиимпериалистік  және  антифеодалдық  сипаттағы  козғалыс  Қытай- 
дагы  150 кала мен  140 миллионная астам тұрғындарды  қамтыды.

мамьф  козғалысы  Қытайдағы  ең  ірі  және  ең  купгті  антиимпе­
риалист! к қозғалыс болды.  Онымен санасуға мэжбүр болған Париждегі
Қытай  үкіметінің  ресми  өкілдері  Версаль-Вашингтон  шартына  кол 
коюдан бас тартты. 

 ■
  . # 
'-Щ
20-жылдардың  басында  Пекин,  Шанхай,  Чанша  сиякты  ірі  j
жұмысшы  орталықтарында  ұсак  коммунистік  үйірмелер  пайда  болды.  *
Коммунистік  Интернационалдың  көмегімен,  1921  жылы  шілдеде  1
Шанхайда Қытай коммунистік партиясының I Съезі  шақырылды. 
I
СУНЬ  ЯТСЕН  (1866-1925  жж.) -   Қытайдың  көрнекті  революция-  |  
лык демократы және мемлекет кайраткері. 
I
Сунь  Ятсен  Ресейдегі  казан  төңкерісін  қолдады.  1912  ж.  ол  І 
Гоминьдан 
партиясын 
құрды. 
Атапмыш 
партия 
жаңа 
кезең  |  
жагдайында  Сунь  Ятсен  ыкпалымен  кытай  коммунистік  партиясымен  І|
ынтымақтастыкка ұмтылды. 
I
1924 
жылы  Сунь  Ятсен  үш  халықтык  кағиданы  жаңаша  тұжы- 

рымдады.  Ұлтшылдык  енді  импералистік  елдерге  карсы  күрес  пен 

елдің барлык ұлттарының арасында толык тендікті орнатуды білдірді. 
.
48

Демократиялық -  бірыңгай демократиялық республиканы құру.
Халықтық иелік -  шаруаларға, жұмысшыларга жұмыс беруді және 
ірі капиталдың еріктілігін шектеуді карастырады.
Үш кағиданы үш жаңа саясат нұсқаумен толықтырды:
-  КСРО-мен одақтасу;
-  Қытай коммунистік партиясымен одақтасу;
-  Еңбекшілердің қалың бұқарасына сүйену.
1921 
жылы  сәуірде  Кантонга  жиылған  парламент  мүшелері  Сунь 
Ятсенді  Қытай  Республикасының  президент!  деп  жариялады.  Астана 
Кантон  қаласы  болып,  осы  қалада  жаңа  үкімет  құрылды.  Сунь  Ятсен 
Батыс  елдерден  колдау  таппайтынын  байкап,  Кеңес  үкіметімен  саяси 
байланыс  орнатты.  Кеңес  үкіметі  революцияшыл  Қытай  қосындарына 
көмек  беруге  дайындығын  білдірді.  Революцияшыл  Қытай  армиясына 
офицер  мамандар  арнайы  мектеп  ашып,  оны  каржыландыру  міндетін 
КСРО мемлекеті өз мойнына алды.  Кеңестердің әскери мамандарының 
көмегімен осы мектепте 8 мыңнан астам офицер дайындалды.
Коммунист!к Интернационал  Қытайдағы саяси жағдайдың шиеле- 
ніскенін  ескерпп,  гоминьданшылар  мен  коммунистер  біркелкі  ұлттық 
майдан  кұруға  шақырды.  Бұл  мәселені  іске  асыру  үшін,  1924  жылы 
кантарда  Кантонда  Гоминьдан  партиясының  бірінші  съезі  шақырыл- 
ды.  Съезд  гоминьданшылар  мен  коммунистер  арасындағы  біркелкі 
майдан  келісімі  жөніндегі  шешімге  келісіп,  Сунь  Ятсен  халықтың  үш 
қағидасын (ұлтшылдық, демократия, халықтық) жаңартты.
Бірінші Гоминьдан конпгресінің шешімдеріне сәйкес жаңа револю- 
циялык қозғалысқа дайындыктың негізі  қаланды.
1925-1927  жылдардағы  ұлттық  революция.  1925  жылдың  нау-
рыз  айында  Пекинде  солтүстік  Қытай  топтарымен  кездесу  барысында
Сунь  Ятсен  қайтыс  болды.  Коммунистер  мен  гоминьданшылар  ара-
сындагы  осал  одақ,  Сунь  Ятсен  дүниеден  өткеннен  кейін  әлсірей 
бастады.
Кантон  революциялық  үкіметі  өзін  Қытай  республикасының 
ұлтгық үкіметі деп жариялады.  Революциялық қозғалыс жалпы  халық- 
тык,  антиимпериалистік сипат алды.  Революцияның жетекшісі  ретінде 
Қытай  ұлттык  буржуазиясы  әрекет  етті.  Гуандун  провинциясында 
улттык-революциялық армия бөлімшелері  жасақтала бастады.  Гуандун 
үкіметін  ныгайту  үшін  Солтүстік  жорығы  басталды.  1926-1927  жыл­
дары  жергілікті  бұқара  халыктың  қолдауына  сүйеніп,  Ұлттык  Армия 
7  ірі  провинцияны  жэне  Ухань,  Нанкин,  Шанхай  сиякты  ірі  өндірістік
орталыктарының  Ұлттык  үкіметін  құрамына  косты.  Ұлттык  үкімет 
Кантоннан Уханьга ауысты.
49

Сунь  Ятсен  қайтыс  болганнан  кейін  Гоминьдан  басшылыгына 
келген  ірі  ұлттық  буржуазиялық  өкіл  генерал  Чан  Кайши  (1987-1975 
жж.) революциялык козгалысты тежеп, төнкеріске әзірлене бастады.
1927  жылы  наурызда  ірі  қалаларда  төңкеріс  жасалып,  комму нис- 
тер  кугынга  алынды.  Нанкинде  Чан  Кайши  бастаған  үкімет  жария- 
ланды.  Бұл  үкімет  канды  террор  жолына  түсті.  1925-1927  жылдары 
Қытай  революциясы  өз  алдына  максат  етіп  койган  Қытайдың ұлттык 
егемендігін  қалпына  келтіру,  милитаристердің  билігін  кеміту,  елдің 
саяси  бірлігін  сактау,  жер  мэселесін  шешу,  бұкара  халыққа 
буржуазиялық-демократиялык  қүқықтар  мен  теңдік  беру  міндеттерін 
орындай  алмады.  Сондыктан  коммунистік  партия  қайтадан  астыртын 
жагдайга көшті.
Қытайда  Гоминьдан  билігініц  орнауы.  1925-1927  жылдардағы
ұлттык  революцияның  негізгі  нәтижесі  саяси  құрылыстың  өзгеруіне 
экелді.  1928  жылдың  соңына  қарай  бүкіл  ел  Пекиндегі  гоминьдандык 
ұлттык  үкіметті  немкұрайдылықпен  мойындады.  Гоминьдан  Орталык 
Аткару  Комитеті  соғыс  кезеңінің  аяқталғаны  туралы  арнаулы  қаулы 
қабылдады.  1928  жылдан  бастап  барлык  алдыңгы  катарлы  мемлекет- 
тер  Чан  Кайши  үкіметін  мойындады.  Оган  Қытайдың  егемендігін 
ныгайтуға  кол  жеткізудің  сәті  түсті.  1928-1929  жылдары  еуропалык 
елдер  Қытайдагы  біркатар  концессиялардан  бас  тартты.  1930  жылдың 
каңтар  айынан  бастап  шетелдіктердің  бұрынғы  аумактык  режимі 
жойылды.  АҚШ пен Германия  Қытайға экономикалык көмек  көрсетіп, 
көптеген  кеңесшілерін,  сарапшыларын  жіберді.  Алайда  Чан  Кайши 
үкіметі  әлсіздеу  болды  да,  ол  шеткері  жактардағы  ыкпалды  генерал- 
дар ды ң  билігімен  санасуга  мэжбүр  болды.  Агайын-туысқандық, 
жершілдік,  жемқорлык  жаңа  режимнің  сипатты  белгілеріне  айналды. 
Нанкин Қытай Республикасының астанасы болып жарияланды.
Чан  Кайши  үкіметінің  (1928-1934  жж.)  саясаты.  Ішкі  және 
сырткы  саясатында  Гоминьдан  Сунь  Ятсен  ілімін  басшылыкка  алды. 
Бүл  саясатты  оте  күрделі  жагдайда  жүргізуге  тура  келеді.  Ішкі  саясат
саласында  Гоминьданның  барлык  күші  орталык  өкіметті  нығайтуға 
багытталды.
1931  жылы  мамыр  айында  Қытай  Республикасының  Уақытша
Конституциясы  қабылданды.  Қытай  28  провинциямен  екі  ұлттык
ауданға  (Тибет  және  ішкі  Монголия)  болінді.  Накты  билік  әскери
колбасшының  колында  болды.  Мемлекеттің  рөлін  күшейту  үшін  Чан
Кайши  ірі  банктерді  мемлекетгік  меншікке  айналдырып,  олар  арқылы
экономикалык  бакылау  орнатты.  Өнеркәсіпте,  көлік  салаларында 
мемлекетгік сектор даму жолына түсті.
50

1930  жылға  аграрлық  реформа  нәтижесінде  жерді  жалга  алу 
акысы  азайтылды.  Сол  кезең  үшін  озық  саналған,  1930  жылы 
кабылданган  Еңбек  пен  капитал  арасындагы  жанжалдарды  реттеу 
жөніндегі  Заң  еңбекақының  ең  төменгі  мөлшерін  белгілеп,  жұмыс 
уакытынын  ұзактығын  шектеді.  Жұмысшылар  ереуілге  шығуға, 
ұжымдык  келісімшарттарды  бекітуге,  кәсіпорындарды  басқаруға 
катысуға және түскен кіріс үлесін алуға құкылы болды.
Гоминьдан  режимінің  заңдары  Қытай  калалары  тұрғындарының
арасында  белгілі  бір  табыстарга  ие  болып,  Қытай  коммунистік 
партиясының әлеуметтік базасының аясын тарылтты.
1927-1937  жылдардағы  азам атты қ соғыс.  Чан  Кайши  басқарған 
Гоминьдан режимінің біршама табыстарына қарамастан,  бұл үкіметгің 
толық тұрақтылығы  байқала қоймады.  Ауылдық жерде  Гоминьданның 
афарлық  зақдары  орындалмады.  Ауылда  шынайы  билік  -   ауылдык 
феодалдық-өсімқорлық жоғары топтардың бақылауында болды.
Дуниежүзілік  революцияны  мақсат  етіп  қойған  Коминтерннің 
нұскауларын  ұстанган  Қытай  коммунистік  партиясы  бірыңғай  майдан 
құлағаннан  кейін  Чан  Кайши  режиміне  қарсы  қарулы  күрес  жолына 
өтгі.  Гоминьдан  мен  коммунистік  партияның  арасындағы  күрес  1927- 
1937 жылдардағы Екінші азаматтық соғысқа алыті келді.
Гоминьдан  эскери  жэне  саяси  қысымымен  Қытай  коммунистік 
партиясы қалалардан шалғайдагы ауылдық жерлерге ығыстырылды.
Мэскеуде  өткен  Қытай  коммунистік  партиясының  6  съезі  жер 
мэселесіне  көңіл  аударып,  ауылдық жерлерде  кеңес үкіме^ін  орнатып, 
помещиктердің жерін тәркілеп,  жері  жоқ жэне жері аз шаруаларға жер 
бөліп беру туралы шешім жариялады.  Партиялық жұмыстың орталығы 
кападан  ауылға  ауысатын  болды.  Бұл  аудандарда  жұмысшы-шаруа 
кеңестері және Қызыл Армия бөлімдері құрылды.
1931  жылы  Орталык  базаның  экімшілік  қаласы  Жуйцзинде  өткен
Қытай  кеңес  аудандарының  I  съезінде  Орталық  жұмысшы  шаруа
үкіметі  сайланды.  Оның төрағасы  Мао  Цзэдун (1893-1976  жж.)  болса,
Қызыл  Армия  қолбасшылығына  Чжу  Дэ  (1886-1976  жж.)  тагайын- 
далды.
Кеңестік  аудандарда  помещик  жерлері  кедей  шаруалар  арасында 
бөлінді.  Кәсіпорындарда  8  сағаттық  жұмыс  күні,  жалақысы  төленетін 
демалыс  беру  тэртібі  енгізілді.  Ерлер  мен  әйелдердің  құқығы 
теңестірілді.  Гоминьдан  үкіметі  Қытайдағы  революция  ошақтарын
жоюды  көздеді.  Осыган  кеңес  аудандарындагы  үкімет  саяси-әскери 
диктатура тәртібіне арка сүйеді.
1934 
жылы  Гоминьдан  үкіметінін  кысымына  төтеп  бере  алмаған 
Қызыл  Армия  бөлімшелері  мен  Кеңес  үкіметі  солтүстік-батыс
5!

провинцияларға  шегінуге  мәжбүр  болды.  1934-1936  жылдары  Шэнси- 
Ганьсу-Нинся  провинцияпарының  түйіскен  жерінде  жаңа  революция- 
лык орталык ұйымдастырылды.
1937-1945  жылдардагы  Қытай  халы қтары ны ц  Ж апония  бас- 
шылыгына 
қарсы 
күресі. 
30-жылдардын  басында  басталған 
Жапония  озбырлығы  жылдан-жылға  өрши  түсті.  1935  жылдың  9  жел- 
токсанында  Пекинде  студент  жастардың  жалпы  козғалысы  ұйымдас- 
тырылды.  Жастар  Қытайдагы  азамат соғысын  токтатып,  барлык күшті 
жапон  империалистерінің  үстемділігіне  карсы  жұмылдыруды  талап 
етті.
1936  жылдың  соңында  Чан  Кайши  Солтүстік  Қытайдагы  Сиань 
қаласына  келді.  Оны  патриоттық  сипаттағы  эскери  топтар  тұткындап, 
коммунистермен  біртұтас  майданға  көндірмекші  болды.  Азамат 
соғысының  ортін  басу  ниетімен  Чан  Кайши  тұткыннан  босатылып, 
Нанкинге  кайтарылды.  Сөйтіп,  1936  жылы  Сианъ  окиғасы  біртұтас 
антижапондык  майдан  шебінің  алғышартын  жасады.  1937  жылы 
қыркүйек  айында  жалпыкытайлык  бұқаралық  пікірді  ескеріп, 
Гоминьдан  үкіметі  біртұтас  антижапондык  үлттық  майдан  шебін 
кұруды жакгайтынын білдірді.
1937  жылы  тамыз  айында  Қытай  мен  КСРО  арасында  өзара 
ынтымактастык  шартына  қол  қойылды.  КСРО  Қытайга  350  млн долл. 
мөлшерінде  несие ашты.  Несие есебіне  сэйкес  Қытайға танк,  зеңбірек, 
жанармай,  ұшак,  оқ-дәрі,  пулеметтер  беріп  отырды.  Қытай  үкіметінің
өтінішін  ескеріп,  КСРО  Қытайға  әскери  кеңесшілер,  эскери  мамандар 
жіберді.
Алайда  біртұтас  майданның  әлсіздігін  пайдаланып,  Жапон
баскыншылары  Орталык  және  Оңтүстік  Қытайдың  едәуір  бөлігін 
басып алды.
Халык жасақтары  мен  партизандык  бөлімдер  жартылай  шабуылга 
шығып, азат аудандардың колемін кеңейтті.
1914-1945  жылдардагы  Монголияның  саяси-экономикалык
даму  жолдары.  Синьхай  революциясының  әсерінен  1911  жылы
Ургада  кытайлық  Цин  әулетінің  үстемдігі  жойылып,  тәуелсіз  Монгол 
мемлекеті жарияланды.
Ресей  большевиктері  мен  Коминтерннің  колдауы  негізінде  Сухэ-
Батор  мен  Чойбалсан  1921  жылы  наурызда  Монгол  партиясын  ұйым-
дастырып, 
Уакытша 
Халык 
үкіметі 
құрылды. 
Монғолиядағы
бұкаралык  үкімет  Халық  хуралы  түрінде  ұйымдасты.  Елдің  уакытша
үкіметі  Кенестік  Ресейден  көмек  сүрады.  Монголияга  Ресейдің Қызыл
Армия  бөлімдері  енгізіліп,  8  шілдеде  Урга  каласы  азат  етілді,  елде 
халык билігі орнап, Арат революциясы  жеңіске жетті
52

Революция  антиимпериалистік  жэне  антифеодалдық  сипатта 
болды.  Революцияның  негізгі  қозғаушы  күші  монгол  араттары  болды. 
Бүл  революция  жұмысшы  жэне  буржуазия  топтары  жоқ  қоғамда  өтті. 
Шаруалар  қозғалысының  табысты  болуына  Ресей  пролетариаты 
көмегін берді. 
\
Жаңадан  құрылған  мемлекет  өзінің  ерекшелігімен  сипатталды. 
Ламаизм  дінінің  тірегі  тым  мықты  екенін  байкаган  халық  үкіметі 
Боғдыхан  билігін  бірден  жоя  алмады.  Халық  үкіметі  1921  жылы 
Боғдыханмен  Сетті  келісімге  қол  қойды.  Келісім  негізінде  Богдыхан 
Джебзун-Дамба-Хутухта  тек  қана  діншілдік  істерге  араласып,  барлық 
зайырлы 
мемлекеттік 
қызметті 
Халық 
хуралына 
табыстады. 
Нәтижесінде  Монголия  шектеулі  монархия  түріндегі  мемлекеггің
катарында болды.
1924 
жылдың  қараша  айында  Конституция  қабылданып,  Монгол 
Халық Республикасы жарияланды.
Урга қаласы Улан-Батор деп аталып, астанага айналды.
Монголия КСРО-ның  көмегімен Улан-Баторда мемлекеттік сауда- 
өндірістік  банк  ашты.  Бұл  банк Монголия елінің эконом икал ык тәуел- 
сіздігін  тұрақтандыруга  зор  көмегін  тигізді.  Ақша  реформасын  іске 
асыру  міндеті  Монголбанк  ұжымына  жүктелді.  1925  жылы  9  желтоқ- 
санда  банк  ең  алгашқы  ұлттық  ақша  қагаздарын  — тугрикті  басып 
шыгарды.  Бұрынгы  шетел  акшалары  мен  тиындарын  пайдалануга 
тыйым салынды.
1929  жылгы  каңтарда  ірі  феодалдық  таптардын  мал-мүлкін 
тэркілеу  туралы  заң  қабылданып,  11  мыңнан  астам  ірі  феодалдардың 
мал басы, жеке меншік мүлкі, үй-жайлары тәркіленді.
1940 
жылы  монгол  алфавиті  орыс  алфавитіне  кириллицага 
көшірілді.  Монголия  революциясының  жалпы  демократиялық  кезеңі 
аякталды да,  когам социалистік құрылыстың негізін салуга бет бұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет