Хрситиан дінінің сенімдік негіздері Діни сенім негіздерінің қалыптасуы



бет2/3
Дата06.11.2022
өлшемі481,5 Kb.
#47852
1   2   3
Байланысты:
№2. Лекция, Христиандык (1) (1)

Ақырет сенім

  • Христиан дініндегі ақырет сенімі Иса мәсіх басшылығында құрылатын тәңір патшалығы сеніміне сүйенеді. Исаның інжілде хабаралуынша, Иса мәсіхтың келуімен тәңір патшалығының құрылу кезеңі басталады.
  • Христиандықта адамдарды есепке тартатын адам - Иса. Ол қияметтен кейін періштелермен бірге жерге түсіп, адамдарды есепке тартады, жаман адамдары тозаққа жіберіп, жақсыларын жанында алып қалады.
  • Христиан дініндегі ақырет түсінігінде адам амалдарының нәтижесін өлгеннен кейін, қабірде көре бастайды. Жақсы адам қабірде рахат көреді, жаман адам азап тартады. Қияметтен кейінгі ақырет өмірінде жақсылар жәннатта мәңгілік жасайды. Жаман адамдар, шайтан және оған ілесушілер тозақта мәңгі қалып жазаланады.

Мәсіх сенім

  • Христиандық - мәсіх сипатындағы дін. Мәсіх Исаның қайтып келуіне сену иманның бір негізі. Сол себепті барлық христиан тармақтары Иса мәсіхтың ақырзаманда жерге қайтып түсетініне сенеді. Протестант бағытында бұл сенім тіпті де күшті. Олар Иса мәсіхтың күндердің күнінде тұтқилдан келетіндігіне сене отырып, күнделікті өмірін соған сәйкес жоспарлайды. Католик бағытындағылар бұл оқиғаның жақын арада орын алмайтынын, сол үшін күнделікті өмірді бұл түсінікпен қарап жоспарлаудың дұрыс еместігін айтады.

Қасиетті кітаптарға сенім

  • Киелі кітап екі бөлімнен тұрады (жалпы -66 кітап).
  • 1) Көне өсиет – Танах- 39 кітап;
  • 2) Жаңа өсиет -27 кітап:
  • Христиан дінінің негізі қасиетті кітабы «жаңа өсиет» - төрт інжіл жазбасы, «пайғамбар істері», шәкірттерге тән болған 21 жазба және уахи бабы қатарлы 27 кітаптан құралған. Бұл кітаптардың көп бөлімі Иса пайғамбардан 30 жыл кейінгі дәуірден басталып жазылған.

Діни рәміздер

Құлшылық формасы

  • Христиандықтың алдыңғы үш ғасырлық кезеңінде белгілі бір құлшылығы болмаған. Сол себепті IV ғасырдың екінші жартысына дейін күнделікті құлшылық үкімі болмады. Бұл кезеңде адамдар өз алдына немесе отбасында күнделікті дұғаларды жасаумен шектелген. Бұрын бұл дұғалар яһудилердың қасиетті кітабы көне қасиеттің мазмурлар бөлімінен үзінділер оқылатын. Жаңа өсиет келгеннен кейін содан дұғалар оқыла бастады. Күнделікті құлшылықтары әдетте шіркеуде дін қызметкерінің қадағалауына да өткізіледі. Ғибадаттарында жаңа өсиет пен көне өсиеттің мазмурлар бөлімінен үзінділері немесе діни өлеңдер орындалады.
  • Христиан дінінде апталық құлшылық жексенбі күні орындалады. Бұл құлшылық жамағатпен жасалғандықтан және осы күні евхаристия (грек тіл. – «шүкіршілік айту») рәсімі өткізілетіндіктен, бұл күні шіркеуге бару христиандар үшін аса маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет