Құқық – мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық. Конституция



бет3/5
Дата13.06.2023
өлшемі184 Kb.
#101020
1   2   3   4   5
Байланысты:
5 л Бала құқықтары

Баланың құқықтары
Даралық құқығы
Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі.Құқық қорғауды ата-аналар, бағып-қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абройын төмендетуден, ата-аналар тарапынан болатын қиянаттан қорғайды. ҚР-да балалардың мүддесі қорғала отырып, ондай ата-аналарды ата-аналық құқықтан және баланы бағып-қағуға беруден айыруға байланысты шараларды қолдану заңдық тұрғыда қарастырылған. Бала мүліктік құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата-аналарының және отбасының өзге де мүшелерінің күтіп бағуы құқықтарына байланысты болмақ. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата-ананың атына келіп түседі, алайда, ол қаржы баланы күтіп-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады. Заң балаға сыйға немесе мұраға алған мүлікті меншігіне алу құқығын береді, сондай- ақ еңбекпен айналыса отырып, өзінің жеке еңбегінің кірістерін алуға, жекеленген пәтердің иесі болуға, т.б. мүмкіндік береді. Балаларға қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде жәрдемақы төлейді. Көп балалы отбасыларын түрлі жағынан қорғауға алынған.
Бұл Конвенцияда Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысатын бірнеше елдің өкілдері бірлесе отырып, осындай халықаралық шарт 1989 жылы 20-қарашада қабылданды.
Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады. Конвенция 3 бөлім, 54-баптан тұрады.
Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау.
Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
Бала құқықтары туралы конвенция - Адамзат баласының туған кезінен 18 жасқа толғанға дейінгі құқықтары мен бостандыктарын бекітетін халыкаралық құқықтық акт. Балалардың құқықтарын қорғау туралы негізгі және рәсімдік ережелер енгізілген. Бұлар: өмір сүруге, есімінін болуына, азаматтыққа және т.б. ие болу құқықтары; аман-сау отбасылық өмір құқығы; сәбидің жеке басының еркін дамуын қамтамасыз ететін құқық; денсаулығын сақтау нығайту құқығы; білім алу мен мәдени даму құқығы; төтенше жағдайларда сәбиді қорғау құқықтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет