Құқық – мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық. Конституция



бет2/5
Дата13.06.2023
өлшемі184 Kb.
#101020
1   2   3   4   5
Байланысты:
5 л Бала құқықтары

Баланың құқықтары
Отбасындағы баланың құқығы
  • Бала үшін билологиялық ата-ананың қамқорлығы аса қажет. Егер ата-аналары жоқ болса мүмкіндігінше бағып-қағумен баланың туыстары айналысуы керек. Ал туыстары арасында баланы орналастыруға мүмкіндік болмаса, ондай жағдай өзге отбасылардың ұл (қыз) асырап алуы дұрыс болмақ. Егер баланың өз елі жағында қамқорлыққа алатын ешкімі болмаса, онда ата-анасының қарауынсыз қалған баланы өзге біреудің асырап алуы баланы орналастырудың баламалы әдісі ретінде қарастарылуы мүмкін. Бар мүмкіндігінше әрбір бала отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқылы. Бала өз ата-анасымен және басқа да туыстарымен отбасында тұруға, олармен қарым-қатынас жасауға құқылы. Әрбір бала өз ата-анасын білуге және олардың қамқорлығын сезінуге, сондай-ақ, ата-анасымен бірге тұруға құқылы. БҰҰ-ның «Баланың құқықтары туралы» халықаралық Конвенциясы баланың өз ата-анасынан ажырап қалмауын міндеттейді. Ал егер ажырап қалса, ата-аналарының біреуімен, немесе екеуімен де қарым-қатынас жасап отыруға мүмкіндік береді. Бала өз ата-анасының тәрбиесін алуға, олардың қызығушылықтарын, жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге, оның адамдық қадір қасиетін сыйлауға құқылы.

Баланың құқықтары
Даралық құқығы
Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, олардың әрқайсысы өзінің даралығын сақтауға құқылы. Даралықтың белгісіне оның есімі, тегі, әкесінің аты жатады. Балаға есім ата-анасының келісімі бойынша беріледі. Әдетте, ата-аналар өз балаларына кез келген атты ойлап қоя береді. Дегенмен, ондай таңдаудың шегі бар. Баланың мүддесін ескере отырып, ата-аналар өз құқықтарын пайдаланып, баланың мүддесіне қарама-қайшы келетін, айналасына күлкі, не жағымсыз жағдай туындататын есімді таңдамау керек. Баланың әкесінің аты ұлттық дәстүр ескеріле отырып, әкесінің есімімен жазылады. Мәселен, ата-аналарының қалауына қарай әкесінің атына «ұлы», «қызы» сөздері қосылып жазылуы мүмкін. Егер баланың әкесінің аты қос аттан тұрса (мәселен Әділ Мұрат) ата-аналарының қалауына қарай екі аттың бірі баланың әкесінің аты болып жазылады. Егер әкесінің аты белгісіз болса, анасының нұсқауымен баланың әкесі ретіндегі адамның есімі жазылады, ал тегі анасының тегімен көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет