И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген


Білім беру іс-әрекеті субъекттерінің мотивациялық аясы



бет53/189
Дата31.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46481
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   189
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

Білім беру іс-әрекеті субъекттерінің мотивациялық аясы

Білім беру процесі субъекттеріне тән арнайы ерекшеліктері, сондай-ақ, екі жақтан қалыптасатын олардың мотивациялық аясы болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет субъекті идеалды схемада ортақ мақсатқа жету үшін жұмыс істейді – «оқушылар үшін және содан соң өзім үшін». Білім беру іс-әрекетінің субъекті осы схеманың кері бағытындағыдай жұмыс істейді: «өзім – үлкен мақсатқа жету үшін», алыстағы және әрқашан эксплициялана бермейтін перспектива сияқты. Білім беру процесі үшін жалпы мұғалім жағынан «оқушы үшін» және оқушы жағынан «өзі үшін» нүктені А.Н. Леонтьев терминологиясындағы, прагматикалық, «шынайы әрекет етуші», мотив анықтайды. Ол педагог пен оқушы тарапынан көрсетілген біріккен идеалды субъект әрекеттерін сипаттайды. «Түсінікті түрткілер» білім беру процесінің негізінде жатыр, бірақ оны не оқушылар, не педагог үнемі толық мөлшерде саналы түсіне бермейді.




Білім беру процесіндегі субъект іс-әрекетінің пәні

Біріккен субъект іс-әрекеті ретіндегі білім беру процесінің пән, яғни оның бағытталған нәрсесі, қоғамдық сананың білімдер жүйелерінің, іс-әрекет тәсілдерінің, құндылықтар жиынтығы болып табылады, оларды педагог тарапынан беру оны үйренушілердің игерулерінің белгілі бір тәсілдерімен кездеседі. Егер оның игеру тәсілі педаогог ұйғарған әдіспен сәйкес келсе, онда біріккен іс-әрекет екі жаққа да қанағаттану әкеледі. Егер осы нүктеде айырмашылықтар байқалса, онда пәннің ортақтастығы да бұзылады.




Субъекттердің дамуы және өзін-өзі дамытуы

С.Л. Рубинштейн бойынша, іс-әрекет субъекттісінің маңызды сипаттамасы – оның іс-әрекетте қалыптасуы және дамуы – бұл тек ғана оқушының дамуына емес, сондай-ақ педагогтың өзін-өзі дамытуына, жетілуіне қатысты. Білім беру процесінің өзгешелігі осы екі құбылыстың реципрокналығында (өзара толықтықтыру, өзара іске асыру): оқушының дамуы үнемі педагогтың өзін-өзі дамытуын ұйғарады, бұл оқушы дамуының шарты болып табылады.


Білім беру процесінің идеалды біріккен субъектті П.Ф. Каптерев тарапынан бір білім беру алаңымен, оқу мен даму алаңымен көрсетілгендігі көрсеткішті.
«Өнерлі мұғалім мен оқушыны өздігінен білім алу мен даму қажеттілігі байланыстырады. Өзін толыққанды дана деп санайтын және енді оқудың қажеті жоқ деген мектеп мұғалімі бұл алаңға жатпайды, даму даму баспалдағының ешқандай сатысында тұрмайды, ол білім беру жұмыстарына мүлдем бөгде... Ол мәдениеттен, оны игеру мен тұлғалық жетілу жұмыстарынан тысқары» [83, 601 б.]. Білім беру процесінің субъекттері өзін-өзі дамытып отыруға «жазылған», оның ішкі күші олардың әр қайсысының дамуының бастауы мен импульсы ретінде қызмет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет