И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет167/257
Дата07.01.2022
өлшемі2,46 Mb.
#19969
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   257
Байланысты:
Зимная кітап Педагогикалық психология

Іс-әрекеттің даралық стилі
Іс-әрекет стилі өзін-өзі реттеу стилімен байланысты. Екеуі де адамның тұтас даралық белсенділік стилінің, іс-әрекетінің екі өзара байланысты жақтары ретінде қарастырылады (В.И. Моросанова, Г.А. Берулава). Соңғы он жылдықта бұл құрылымға танымдық іс-әрекеттің ерекшелігін анықтаушы және тәуелсізділігімен, саралап жіктелінуімен, талдамалығымен сипатталынатын когнитивті стиль түсінігі қосылады. Қазіргі кезде «стиль» түсінігі өте кең контексте мінез-құлық стилі, іс-әрекет стилі, басқару стилі (лидерлік), қарым-қатынас стилі, когнитивті стиль және т.б. ретінде айтылады.

Г.М. Андреева атап көрсеткендей [10, 282 б.], К. Левин анықтаған мінез-құлық стильдері ең алдымен, жетекшілердің шешім қабылдау түріне жатқызылды. Жетекшілік етудің өктемшілдік, демократиялық және бетімен жіберуші үш стилі белгіленді. Кейінгі зерттеулерде оның директивті, алқалық және рұқсат етілетін сияқты анықтаулары енгізілді. Алайда іс-әрекетке (мінез-құлыққа), өзара әрекеттесуге, қарым-қатынасқа қатысты көбінесе К. Левин ұсынған көрсетулер қолданылады. Стильдің екі жағы бөлінеді: мазмұндық және техникалық, яғни формалдық (амал, тәсілдер). Төменде, Г.М. Андреева бойынша, үш стильдің формалдық және мазмұндық жақтарының толық сипаттамасы келтірілген [10, 283-284 б.; 11, 222-224 б.]:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет