§ 2. Білім беру процесінің субъекттеріне тән ерекшеліктер Білім беру іс-әрекетінің біріккен субъекті Педагогикалық және оқу іс-әрекетінің субъекттерін сипаттаған кезде, қоғамдық субъект (педагогикалық қоғамдастық немесе шәкірттік) бола отырып, әрбір мұғалім мен оқушының ең алдымен, бүкіл білім беру процесінің субъекті болатынын айта кету қажет. Біріккен субъект, қоғамдық құндылықтарды көрсете отырып, әр білім беру жүйесінде, мекемелерде әкімшілік пен оқытушылар ұжымымен, оқушылар қауымдастығымен (институтта бұл ректорат, кафедра, деканат, оқу тобы) көрсетілген. Осы біріккен субъекттердің іс-әрекеттері нормативтік-құқықтық және бағдарламалық бағытталады, тәртіптен-діріледі. Біріккен субъекттерге жататын нақты субъекттердің әрқайсысы жеке өзінің, бірақ келісілген, біріктірілген мақсаттарға ие. Олар белгілі бір нәтижелер формасында берілген, бірақ олардың функциялары мен рөлдері шектеулі, осыған орай білім бері процесі күрделі полиморфты іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет ретіндегі білім беру процесінің жалпы мақсаты – өркениет, нақты халық, қауым жинақтаған қоғамдық тәжірибені сақтау мен оны ары қарай дамыту. Оны осы тәжірибені игеруді ұйымдастырудың, беру мен алудың және оны меңгерудің екі қарсы бағытталған мақсаттары жүзеге асырады. Бұл жағдайда біз бүкіл білім беру процесінің идеалды біріккен субъекті жайлы айтамыз, оның әрекетінің тиімділігі екі жақты да ортақ өркениеттік-мәнді мақсатты саналы түсінуімен анықталады.