И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет96/257
Дата07.01.2022
өлшемі2,46 Mb.
#19969
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   257
Байланысты:
Зимная кітап Педагогикалық психология

Мұғалім - білім берудің мектепке

дейінгі және кіші мектеп сатысында
Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекет субъекті ретіндегі кәсіби сипаттамалары олардың жиынтығында көрінеді, себебі мұғалім тұлға, педагогикалық өзара әрекеттесудің белсенді әрекеттенуші субьекті ретінде – тұтас күрделі жүйе. Бұл жүйе мұғалімнің кейбір жалпыланған психологиялық портреті («пішін» емес) ретінде, мұғалімнің жалпыланған тұлғалық-кәсіби бейнесінің (image) көрсетілуінің метафоралық формасы ретінде қарастырылуы мүмкін. Осы бейненің сипаттамасы қоғамдық санада біртіндеп бақылаулар, эмпирикалық (тәжірибелік), теоретикалық және эксперименталды жалпылаулар нәтижесінде қалыптасады. Бұл жерде олардың барлығы неғұрлым ашқытан-ашық мектепке дейінгі және кіші мектептік білім беру мұғалімдерінің психологиялық портретінде көрсетілген. Дәл осындай мұғалім, кез-келген білім берудің басқа деңгейіндегі және формасындағы (мектептегі, курстардағы, жоғары оқу орны және т.б.) мұғаліммен салыстырғанда, неғұрлым дамыған кәсіби-пәндік, тұлғалық (даралық-психологиялық) сипаттамалар мен коммуникативтік (интерактивті) сапалардың жиынтығына ие [83, 606-611 б. қараңыз].

Мектепке дейінгілер мен кіші мектеп оқушыларының мұғалімінің мұндай басымдылығы, ең алдымен мұғалімнің олардың жас ерекшеліктерінің алдындағы жауапкершілікпен шартталған, себебі бұл ерекшеліктерді есепке алу, оқудың басқа жағдайларындағыдай емес, міндетті және қажетті; ол мектепке дейінгі балалық шақ кезеңдегі баланың жетекші іс-әрекет түріне сәйкес, ойын формасындағы оқыту қиындықтарымен шартталған. Мұндай мұғалім үшін оның ең алдымен гуманистік бағдарланған тәрбиелеуші болуы ерекшелігі маңызды. Оның күш жігерлері тұтастай бала тұлғасын оқу пәнінің құралдарымен дамытуға бағытталуы керек (мысалы, ана тілінің). Осыған орай оқу пәнін, мысалы тілді меңгеруді ұйымдастыру мұғалім үшін өзіндік мақсат емес. Бұл мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы баланың дамыта оқыту теориясының контекстіндегі тұлғалық, интеллектуалдық, әлеуметтік дамуының құралы (Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов). Мұғалім тұлғасы, оның күйі, мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушысын ойымен оқытуға кірісуі, балалардың оқыту кезеңіндегі ғана емес, сондай-ақ келесі жылдардағы да күйлерінен, мінез-құлықтарынан, тұлғалық көріністерінен бейнеленетіні өте маңызды.

Кез-келген оқу пәні мұғалімінің психологиялық портреті келесі құрылымдық компоненттерге ие: адамның даралық сапалары, яғни оның индивид ретіндегі ерекшеліктері – темперамент, нышандар т.б.; оның тұлғалық сапалары, яғни, оның тұлға ретіндегі ерекшеліктері – адамның әлеуметтік мәні; коммуникативтік (интерактивтік) сапалар; мәртебелік–позициялық ерекшеліктері, яғни оның ұжымдағы жағдайының, рөлінің, қатынастарының ерекшеліктері; іс-әрекеттік (кәсіби-пәндік), сыртқы мінез-құлықтық көрсеткіштер. Аталған компоненттер жиыны мен тіркесімдердің ерекшеліктері оқытудың әр сатысы үшін, соның ішінде мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбие берудегі мұғалімнің психологиялық портретін анықтайды.

Мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімнің қажетті сапаларына жататындар: күш, салмақтылық, жүйке жүйесінің жоғары ұтқырлығы; бір қалыпты экстраверттілік; эмоциялардың аздығы және эмоционалды (жағымды эмоциялардың артығырақ болуы – қуану, рахаттану және т.б.) ұстамдылық (мұғалімде невротизм деңгейінің жоғары болуы мектепке дейінгі мекемелерде кәсіби қарама-қарсы көрестеліген); интеллектуалдық даму деңгейі сенсорлық-перцептивтік-мнемологиялық көрстекіштер бойынша (яғни, қабылдау, ес, ойлау көрстекіштері бойынша) және зейін сипаттамалары бойынша қалыптыдан төмен болмауы; қиялдау, елестету қабілеттерінің жоғары деңгейі.

Мұғалімнің жыныстық-жастық даралық сапаларының рөлін белгілей отырып, осы іс-әрекеттегі, тіпті жалпы мұғалімдік мамандықтағы ер адамдардың елеусіз орын алып отырғанын айтпауға болмайды (білім берудің жаппай феминизациялану қаупіне В. Собкин мәліметтері назар аудартады [203]). Мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушылары мұғалімінің жас адам болғаны жөн, жасы бойынша болмаса да, міндетті түрде рухы, мінез-құлық мәнері жағынан. Бұл жерде балалардың үлкендердің жасын дұрыс анықтай алмауы (оны жоғарылату) мен олардың жас кумирлерге ұқсауға ұмтылуларын есепке алсақ, өте маңызды.

Мектепке дейінгі мекемелердегі мұғалімнің қажетті тұлғалық (даралық-психологиялық) сапаларын қарастыра отырып, оларға ең бірінші келесілердің жататынын атап көрсетейік: а) өзін-өзі бағалау мен талап қою деңгейінің барабарлығы, б) мұғалімнің интеллектуалдық белсенділігін қамтамасыз ететін үрейліктің белгілі-бір оптимумы, в) мақсаттылық г) эмпатиялық. Жалпы адамзаттық мағынада ол адамдарға (балаларға) жақын, рақымды, адамгершілікті, зейінді және ақкөңіл адам болуы керек (В.А. Сухомлинский), ол үнемі олардың әлеуметтік қорғаусыздығын (Я. Корчак) есепке алады және балалардың позициясына өзін қойып, олардан өзін көргендей болады (Ш.А. Амонашвили).

Мектепке дейінгі мекеме мұғалімінің мәртебелік-позициялық сапаларын сипаттай отырып, мұғалімнің әлеуметтік рөлдерді ауыстыруының иілгіштігі мен жеңілдігінің (мұғалім, ақылшы, дос, ата-ана және т.б. рөлдері), бала позициясын қабылдауға дайындығының маңыздылығын атап өту қажет. В. Леви көрсеткендей, «мұғалім рөлі айқын, анықталған, бір мәнді, бірақ ... онда қанша жасырын, айқын емес рөлдердің жатқаны, қандай басқа рөлдерді атқаруға ұмтылыс пен құралдары жатыр» [103, 77 б.]. Төменде келтірілетін мұғалімнің рөлдік репертуарының схемасы [103, 78 б.] көрсететіндей, мектепке дейінгі және кіші мектептегі оқыту процесінде мұғалім бала бағушы, әңгімелеуші, артис т.б. ретінде бола алады. Сонымен бірге, мұғалімнің балалар үшін мәнді рөлдер мен мамандықтарды және олардың атрибутикасын білу маңызды. Ғарышкер, хирург, жарысушы, менеджер, бизнесмен және т.б. – бұл адамдардың барлығы балаларды қызықтырып, өзіне тартады; жеңіпмаздың, ұтып алушының, командирдің рөлдері қызығушылықты және сол рөлде болуға ұмтылуды тудырады.

Бала позициясының мазмұнын құрайтын құндылықтар қаншалықты қарапайым немесе қызықсыз болып көрінсе де, мұғалім оған сыйлайтын, қызығушылық танытқан қатынас көрсету керек. Осы мағынада Ш.А. Амонашвилидің жаңа ғана мектепке қабылданған алты жасар балаларға жазған хаты көрсетімді. Мұғалім оқушыны оқытуды бірге өтетін жолдасындай, әріптесіндей көреді. «Сәлеметсің бе қымбаттым... мен сенің мұғаліміңмін. Менің атым Шалва Александрович. Сені құттықтаймын – сен мектепке келдің, ересек болдың. Біз екеуіміз жақын доср боламыз және де сен сыныптағы балалардың барлығымен достасады деп үміттенемін. Біздің мектеп үлкен, өтпелері бар төрт этаждан тұрады. Сен енді үлкенсің, сондықтан өз сыныбыңды өзің табуың керек... мен сені сыныпта күтемін, сенімен танысқаныма қуыаныштымын Мұғалім» [6, 12 б.]. Мұғалім – бұл баланы түсінетін, сыйлайтын, оның сенімін тудыратын жолдас. Мұғалімнің, оның даралық-тұлғалық ерекшеліктері мен шартталған коммуникативті (интерактивті) сапалары мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларының педагогикалық қарым-қатынас серіктерінің ерекшеліктерін бейнелейді. Балалардың жалғандыққа, өтірікке ерекше сезімтал екендігін есепке ала отырып, мұғалімнің үйірлік, оқу материалының меңгерілуін тексеру ретінде қарым-қатынас-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет