И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет137/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   210
Ӛзіндік жұмысқа оқыту 
 
Оқушылардың ӛзіндік жҧмыс істеуге қабілеттерін қалыптастыру 
міндетін орындауда бҥкіл педагогикалық ҧжым ҥшін проблема 
туындайды. Ол осы жҧмыс мазмҧнына оқушыларды мақсатты тҥрде, 
әсіресе, орта және жоғары сынып оқушыларын, студенттерді оқытуда 
болып табылады. Мҧндай оқыту оқу іс-әрекетінің ӛзінің модельдеу 
тәсілдерін қалыптастыруды, оқушылардың ең қолайлы кҥн тәртібін 
анықтауларын, оқу материалымен жҧмыс істеудің ҧтымды тәсілдерін 
саналы аңғаруын және оны кейіннен ӛңдеуін, терең, сонымен бірге тез 
оқу амалдарын игеруді, тҥрлі әрекеттердің, конспекттердің, оқу-


243 
практикалық міндеттерді қою мен шешудің жоспарын қҧруды қамтиды. 
Осы тҧрғыда А.К. Маркова ҧсынған оқу жҧмысының тәсілдері ҥлкен 
қызығушылық тудыруы мҥмкін:
- «мәтінді мағыналық қайта ӛңдеу тәсілдері, оқу материалын 
үлкейту, оның ішінен бастапқы идеяларды, принциптерді, заңдарды 
бӛліп кӛрсету, міндетті орындаудың жалпыланған тәсілдерін саналау, 
мектеп оқушыларының белгілі бір санаттағы міндеттер жүйесін ӛз 
бетінше құру; 
- оқу мәдениетінің (мысалы, ірі синтагмалармен «динамикалық 
оқу») және тыңдау мәдениетінің тәсілдері, қысқа және неғұрлым 
ұтымды жазу тәсілдері (жазып алу, жоспарлар, тезистер, конспект, 
аннотация, реферат, рецензия, кітаппен жұмыстың жалпы 
тәсілдері); 
- есте сақтап қалудың жалпы тәсілдері (оқу материалын 
құрылымдау, бейнелі және есту естеріне сүйене отырып 
мнемотехниканың ерекше тәсілдерін қолдану); 
- зейінді шоғырландыру тәсілдері, яғни мектеп оқушысының 
ӛзіндік қадағалаудың әр түрлерін пайдалануына, ӛз жұмысын сатылап 
тексеруге, тексеру тәртібін, «бірліктерін» бӛлуге сүйенетін; 
-  қосымша 
ақпаратты 
іздеудің 
жалпы 
тәсілдері 
(библиографиялық материалдармен, анықтамалар, каталогтар, 
сӛздіктер, энциклопедиялармен жұмыс) және оларды үйдегі 
кітапханада сақтау; 
- емтиханға, сынаққа, семинарларға, зертханалық сабақтарға 
дайындалу тәсілдері; уақытты ұтымды ұйымдастыру, оны есептеу 
мен жұмсаудың, еңбек пен оқуды, қиын ауызша және жазбаша 
тапсырмаларды дұрыс кезектеп отыру, еңбек гигиенасының жалпы 
ережелерінің (режим, серуен, жұмыс орнындағы тәртіп, оның 
жарықтығы және т.б.) тәсілдері» [127, 50 б.]. 
Бҧл жерде ақыл-ой еңбегін ҧйымдастырудың жалпы тәсілдері де, 
оқу жҧмысының нақты тәсілдері де, мысалы мәтінмен жҧмыс істеу 
келтірілгені айқын. Соңғылардың қалыптасқандағы оқушылар мен 
студенттердің барлық оқу пәндері бойынша ӛзіндік жҧмыстарының 
негізгі алғышарттарының бірі және де негізі болады.
Тағы атап ӛтейік, жалпы оқушылардың ӛзіндік жҧмысы оқу іс-
әрекеті тҧрғысынан сыныптық оқу іс-әрекетін дҧрыс ҧйымдастыруға 
негізделеді. Соның ішінде бҧл мҧғалімнің сыртқы қадағалауынан 
оқушының ӛзін-ӛзі қадағалауына және де сыртқы бағалаудан оның ӛзін-
ӛзі бағалауының қалыптасуына ӛтуі мен олардың байланысына қатысты
және бҧл, ӛз кезегінде, мҧғалімнің бақылау мен бағалауды жетілдіруін 


244 
ҧйғарады. Осыған сәйкес, мектеп оқушысында нағыз ӛз бетінше 
жҧмысқа қабілеттілік қалыптасуы мҥмкін бе деген сҧраққа жауап 
педагог пен оқытылушының біріккен іс-әрекетінен, оның субъектіне 
ерекше талап қоятын және интеллектуалдық қанағаттану сезімін беретін 
іс-әрекеттің ерекше формасы ретіндегі осы жҧмыстың ерекшелігін
саналы аңғаруға байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет