И. А. Зимняя педагогикалық психология


Ӛзіндік жұмыстың даралық-психологиялық детерминанттары



Pdf көрінісі
бет135/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   210
Ӛзіндік жұмыстың даралық-психологиялық детерминанттары
 
Ӛзіндік жҧмыс оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы бола 
отырып, оның субъекті ретіндегі ҥйренушінің даралық-психологиялық 
және тҧлғалық ерекшеліктерімен шартталады. Осындай психологиялық 
детерминанттарға ең алдымен ӛзін-ӛзі реттеу жатады. Ӛзін-ӛзі реттеу 
тҥсінігін психологиялық тҧрғыдан И.П. Павлов, Н.А. Бернштейн, П.К. 
Анохин негіздеген, яғни олардың тҥсінігі бойынша адам - кемеліне 
жеткен, ӛзін-ӛзі оқытушы, ӛзін-ӛзі жетілдіруші, ӛзін-ӛзі реттеуші жҥйе. 
Ӛзін-ӛзі ретттеудің психологиялық теориясының (О.А. Конопкин, О.К. 
Осницкий) жалпы контекстінде ӛзіндік жҧмысты ҧйымдастырумен 
сәйкестендірілетін пәндік ӛзін-ӛзі реттеудің кезеңдері анықталған 
болатын [155]. 
Оқушыларда, ӛзін-ӛзі реттеуді дамыту мақсатында ең алдымен 
ӛздерінің мҥмкіндіктері және оларды жҥзеге асыра алу іскерліктері 
жайлы, соның ішінде мақсат қҧру және мақсатты тежеу мҥмкіндіктері 
жайлы елестетулердің тҧтас жҥйесі қалыптастырылуы керек. Оқушылар 


240 
тек мҧғалім ҧсынған мақсаттарды тҥсіне алу ғана емес, сондай-ақ 
оларды ӛзі қалыптастырып, жҥзеге асқанша тежеу, басқалар жағынан 
ығыстыруға жол бермеу және де қызықты болу керек. Оқушы ӛз іс-
әрекетін модельдей алуы, яғни ӛз тәжірибесінен қажеттілік заты жайлы
елестетуді, ал қоршаған жағдайдан – осы затқа сәйкес объектіні іздей 
отырып, мақсатты жҥзеге асыру ҥшін маңызды шарттарды бӛлуі тиіс. 
Оқушының ӛзін-ӛзі реттеуі ӛз іс-әрекетін бағдарламалай алу іскерлігін 
болжайды, яғни іс-әрекеттің сәйкес мақсатына қатысты берілген 
шарттарды қайта қҧрау тәсілін таңдауды іске асыру, осы қайта қҧрау 
ҥшін қҧралдарды сҧрыптау, жеке әрекеттердің бірізділігін анықтау.
Пәндік ӛзін-ӛзі реттеудің маңызды кӛрінісінің бірі ӛз әрекетінің 
аяққы және аралық нәтижелерін бағалай алу іскерлігі болып табылады.
Бҧл жерде маңыздысы қабылданған, объективті критерийлерден ӛз 
нәтижелерін бағалаудың субъективті критерийлері айырмашылығының 
аса кӛп болмауында. Ӛзін-ӛзі реттеу ҥшін ӛз әрекеттеріне тҥзету жасай 
алу, яғни нәтиже қойылған талаптармен сәйкес келу ҥшін ӛз әрекеттерін 
қалай ӛзгертуге болатынын елестету маңызды болып табылады.
Сондай-ақ ӛзін-ӛзі реттеу адамның басқа адамдармен ӛзара 
қатынас жасау нормалары жайлы, еңбек қҧралдарымен жҧмыс жасау 
жайлы тҥсініктерін қамтиды. Бҧл жерде ӛзіндік жҧмысты ҧйымдастыру 
ҥшін ҥйренушінің жоғарыда аталған тҥсініктеріне оның бойында 
бҧрыннан оқудағы сыныптық жҧмыс барысында қалыптасқан дағдылар 
мен іскерліктер сәйкес келу керектігі жӛніндегі маңызды ой ерекше 
аталынып кӛрсетіледі,. Әрине, адамның пәндік ӛзін-ӛзі реттеуінің ӛзі 
ӛзін-ӛзі танудың, ӛзін-ӛзі бағалауды барабарлығының, ойлаудың 
рефлексиялылығының, тҧлғаның мақсаттылғының, ҧйымдасқандығы-
ның, ӛз бетіншелігінің, оның ерік сапаларының қалыптасқандығының 
жоғарғы деңгейін ҧйғаратын оның тҧлғалық ӛзін-ӛзі реттеумен 
байланысты. А.К. Осницкий, егер ӛзін-ӛзі реттеу іскерліктері педагог 
пен оқушының ӛзінің мақсатты бағытталған әрекеттерінің пәні болып 
табылса, онда олардың жылдам қалыптасуы мҥмкіндігін атап кӛрсетеді.
Бҧл жерде адамның ӛзін-ӛзі реттеуінің дамуы оның дербестілігінің 
қалыптасуына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет