239
Басқарудың ӛзі оның психологиялық
моделі контекстінде
тҥсінілетін және де қҧру мҥмкіндігін Л.М. Фридман ашқанын атап ӛту
маңызды [223]. Ол оқушының іс-әрекетін басқарудың субъектілік
(объектілік емес) сипаты, қҧрылымы жайлы, осы басқарудың
динамикалылығы, қаталдығы
немесе йілімдігі жайлы, оқушының
тҧлғалық қатысуы (оның мақсатты ҧйғаруының міндеттілігі),
мҧғалімнің тҧлғалық жауапкершілігі және жҧмыстың ҧжымдылық
формасының міндеттілігіне жайлы тҧжырымға негізделген.
Мектеп оқушысының ӛзіндік жҧмысын сырттай басқару сипатын
анықтау ҥшін маңыздысы автордың
осындай басқарудың қаталдық
дәрежесі жайлы тҧжырымы болып табылады. Л.М. Фридман бойынша,
оқушының әрекетінің бірізділігі неғҧрлым кӛп «...
сыртқы басқарушы
жүйемен берілсе, соғұрлым басқару қатал болады. Осы бірізділігі
оқушы тарапынан мазмұны бойынша кӛп таңдалып және анықталса,
соғұрлым оқушыны басқару йілімді болады... басқару қаталдығы
оқушылардың ӛсуіне қарай азаюы керек». Орта білімді аяқтап, жоғары
оқу орнына ӛту мезгілінде басқару толықтай йілімді болуы тиіс [223,
197 б.]. Осылайша, мектеп оқушыларының ӛзіндік жҧмыстарын
басқарудың йілімдігі, аталған басқаруды жҥзеге асыратын каналдарға,
яғни мҧғалімге,
бағдарламаға, міндеттер жҥйесі ретіндегі оқу
материалының мазмҧнына қатысты осы жҧмысты ҧйымдастырудың
жеке әдістемелік
проблемасы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: