И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет16/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   210
Сауалнама – арнайы дайындалған жауаптар және зерттеудің 
негізгі міндетіне сәйкес сҧрақтар негізінде ақпарат алудың эмпирикалық
әлеуметтік - психологиялық әдісі. Сауалнаманы дайындау – кәсібилік 
пен жауапкершілікті талап ететін іс. Сауалнама қҧрастыруда: 1) 
сҧрақтардың мазмҧны, 2) олардың тҥрі- ашық немесе жасырын
соңғысына «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет, 3) олардың 
тҧжырымдалуы (анықтылығы, жауаптарға кӛмек берілмей және т.б.), 4) 


33 
сҧрақтардың саны мен реті ескеріледі. Педагогикалық тәжірибеде 
сауалнамаға 30-40 минуттан аспайтын уақыт беріледі. Сҧрақтардың 
тізбектелу тәртібі кӛбінесе кездейсоқ сандар тәсілімен анықталады.
Сауалнама ауызша, жазбаша, жеке, топтық бола алады, алайда кез-
келген жағдайда ол екі талапқа жауап беруі тиіс - іріктеудің кӛрнекілігі 
мен біркелкілігі. Сауалнама материалдары сапалық және сандық 
ӛңдеуден ӛтеді.
Эксперимент - ғылыми зерттеудің педагогикалық психологияда 
кеңінен таралған эмпирикалық әдісі. Эксперименттің зертханалық тҥрін 
(арнайы жағдайларда, аппаратура пайдалану және т.б.) және әсерін 
зерттеу ҥшін арнайы ҧйымдастырылған, оқытудың, ӛмірдің, еңбектің 
кәдімгі жағдайларында жҥргізілетін табиғи эксперимент тҥрлерін 
ажыратады. Соңғы онжылдықтарда ең бір тиімді және кеңінен таралған 
(әсіресе отандық педагогикалық психологияда) табиғи эксперимент 
тҥрінің бірі - қалыптастырушы эксперимент балып табылады. Оның 
барысында оқушыға мақсатты тҥрде білім және тәрбие бере отырып, 
оның білімі, білігі, қарым-қатынасы мен қҧндылықтары деңгейіндегі 
ӛзгерістер, оның психикалық және тҧлғалық даму деңгейіндегі 
ӛзгерістер зерттеледі.
А.В. Петровский атап ӛткендей, педагогикалық психология ҥшін 
бҧл табиғи эксперименттің қалыптастырушы (ҥйретуші) ерекше тҥрі ӛте 
маңызды болып саналады. Зерттеу әдісі ретіндегі экспериментте 
сыналушы оның мақсаты жӛнінде білмейді. Эксперимент жҥргізуші 
зерттеудің мақсатын анықтап, болжам ҧсынып қана қоймай, зерттеуді 
жҥргізу жағдайы мен зерттеу тҥрін де ӛзгерте алады. Эксперименттің 
нәтижесі арнайы хаттамаларда қатаң және дәлме-дәл тіркеліп 
отырылады, онда сыналушының аты-жӛні, ол туралы қажетті 
мәліметтер, кҥні, уақыты, мақсаты белгіленеді. Эксперименттің 
деректері сандық ӛңдеуден ӛтеді (факторлық, корреляциялық талдау 
және т.б.), сапалық тҥсінік беруден ӛтеді. Эксперимент жеке, топтық, 
қысқа мерзімді және ҧзақ мерзімді бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет