И. А. Зимняя педагогикалық психология


Зерттеудің мақсаты мен ұзақтылығы



Pdf көрінісі
бет20/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   210
Зерттеудің мақсаты мен ұзақтылығы: а) объекттің, процестің
қҧбылыстың ӛзекті жағдайы туралы деректер алу немесе б) олардың 
уақыт ӛкен сайын ӛзгеру динамикасын қадағалау. Психологиялық 
білімнің басқа салаларындағы сияқты педагогикалық психологияда 
әртҥрлі әдістер арқылы объектті зерттеу процесі - констатациялау, 
диагностикалау мақсаттарын кӛздейтін қысқамерзімді бола алады. 
Алайда, ол тҧлғаның психологиялық білімінің, оған тән қасиеттерінің
және т.б. дамуын, генезисін анықтауға бағытталған ӛте ҧзақ (бірнеше 
жылға дейін, мысалы баланың дамуын кҥнделік жазбалары арқылы 
қадағалап байқау) процесс бола алады. Осы негіз бойынша екі әдіс 
бӛлініп шығады – кӛлденең қима әдісі және лонгитюдтік әдіс 
(ҧзындық). Бірінші әдіс арқылы оқытушы кӛп материалдардың 
негізінде, мысалы оқытудың жалпы сипаттамасын, оның орташаға 
тәуелділігін, «нормалар» және одан ауытқушылықтар, әртҥрлі 
негіздемелер бойынша оқытушыларды жасы, оқудағы табыстылығына 
байланысты бӛлу арқылы оқытудың жалпы сипаттамасына қол жеткізе 
алады. Лонгитюдті әдіс қҧбылыстың даму тарихын, оның пайда болуы 
мен қалыптасуын қадағалауға мҥмкіндік береді. Бҧл әдістің кӛлденең 
қима әдісі алдындағы артықшылығы «…екі проблеманы шешуде 
кӛрінеді: 1) психикалық ӛрістеудің ары қарай дамуын кӛре білу, 
психологиялық болжамды ғылыми тұрғыдан негіздемелеу; 2) 
психикалық дамудың кезеңдері арасындағы генетикалық байланысты 
анықтау» [7, 300 б.]. Педагогикалық ҧжым бҧл әдісті жалпы 
зерттеушілік жҧмыстың қҧралы ретінде пайдалана алады, мысалы 
бірнеше оқу жылдары бойы бір адамды, топты, сыныпты, ағымды және 
т.б. оқытуда жаңа оқыту бағдарламасының тиімділігін зерттеу. Кӛбінде 
бірнеше жылға созылатын, педагогикалық психологияда кеңінен 
пайдаланатын қалыптастырушы эксперимент те тҥрі бойынша 
зерттеудің лонгитюдті әдісіне жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет