И. А. Зимняя педагогикалық психология


Субъекттік сипаттамалардың



Pdf көрінісі
бет68/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   210
Субъекттік сипаттамалардың
психологиялық-педагогикалық кӛрінісі 
 
Субъект категориясының білім беру процесіне барлық мҥмкін 
кескіндеріне талдау жасау мақсатында оның (субъекттің) негізгі 
сипаттамаларын тағы да бір рет атайық. Бҧл келесі сипаттамалар 
(кӛрсетудің елеулі ырықты, іс-жҥзінде бағдарланған формалары): 1) 
субъект объектті ҧйғарады; 2) субъект ӛз әрекеттену формасы 
(қҧралдары, тәсілдері) бойынша қоғамдық; 3) қоғамдық субъект жҥзеге 
асудың нақты да, даралық формасына ие; ҧжымдық субъект әрбір 
индивидте кӛрінген және керісінше; 4) саналы реттелінетін іс-әрекет 
әрқашан да субъектілі, онда субъекттің ӛзі де қалыптасады; 5) даралық 
іс-әрекет субъекттісі – саналы әрекеттенуші; 6) субъекттілік басқа 
адамдармен қатынас жҥйесінде анықталады – ол белсенділік, 
қҧмарланғыштық; 7) субъекттілік қарым-қатынастың, іс-әрекеттің, 
ӛзіндік сана-сезімнің және болмыстың ажырамас тҧтастығы; 8) 
субъекттілік бҧл жаралатын және және жойылатын, ӛзара әрекеттесуден 
(тҧлғааралық, әлеуметтік, іс-әрекеттік) тыс болмайтын динамикалық 
бастама; 9) субъекттілік - бҧл интерпсихикалық категория. Адамның 
осы субъекттілік сипаттамаларына, субъект тҥріндегі тҧлға ретіндегі 
сапаларын да қосу керек. Ол Е.А. Климов бойынша бағыттылықты, 
мотивтерді қамтиды; қоршағандарға, іс-әрекетке, ӛзіне қатынасты
жинақылық, ҧйымдасушылық, шыдамдылық, ӛзіндік тәртіп сияқты 
сапалардан кӛрінетін ӛзін-ӛзі реттеуді; креативтілікті, даралықтың 
интеллектуалдық қырларын; эмоционалдылықты қамтиды [90, 89 б.]. 
Осы сипаттамалардың барлығы толықтай немесе жинақталған формада 
білім беру субъекттеріне де тән.


123 
§ 2. Білім беру процесінің субъекттеріне тән ерекшеліктер 
Білім беру іс-әрекетінің біріккен субъекті 
 
Педагогикалық және оқу іс-әрекетінің субъекттерін сипаттаған 
кезде, қоғамдық субъект (педагогикалық қоғамдастық немесе шәкірттік) 
бола отырып, әрбір мҧғалім мен оқушының ең алдымен, бҥкіл білім 
беру процесінің субъекті болатынын айта кету қажет. Біріккен субъект, 
қоғамдық қҧндылықтарды кӛрсете отырып, әр білім беру жҥйесінде, 
мекемелерде әкімшілік пен оқытушылар ҧжымымен, оқушылар 
қауымдастығымен (институтта бҧл ректорат, кафедра, деканат, оқу 
тобы) кӛрсетілген. Осы біріккен субъекттердің іс-әрекеттері 
нормативтік-қҧқықтық және бағдарламалық бағытталады, тәртіптен-
діріледі. Біріккен субъекттерге жататын нақты субъекттердің әрқайсысы 
жеке ӛзінің, бірақ келісілген, біріктірілген мақсаттарға ие. Олар белгілі 
бір нәтижелер формасында берілген, бірақ олардың функциялары мен 
рӛлдері шектеулі, осыған орай білім бері процесі кҥрделі полиморфты 
іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет ретіндегі білім беру процесінің 
жалпы мақсаты – ӛркениет, нақты халық, қауым жинақтаған қоғамдық 
тәжірибені сақтау мен оны ары қарай дамыту. Оны осы тәжірибені 
игеруді ҧйымдастырудың, беру мен алудың және оны меңгерудің екі 
қарсы бағытталған мақсаттары жҥзеге асырады. Бҧл жағдайда біз бҥкіл 
білім беру процесінің идеалды біріккен субъекті жайлы айтамыз, оның 
әрекетінің тиімділігі екі жақты да ортақ ӛркениеттік-мәнді мақсатты 
саналы тҥсінуімен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет