И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет66/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   210
 
Возрастная и педагогическая психология. 2-е изд. / Под ред. А.В. 
Петровского. М., 1979.
Выготский Л.С. Детская психология. Ч. 2: Вопросы детской 
(возрастной) психологии// Собр. соч. В 6 т. М., 1984. Т.4. 
Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. М., 1986.
Ильясов И.И. Структура процесса учения. М., 1986. 
Лингарт Й. Процесс и структура человеческого учения. М., 1970. 
Мухина В.С. Возрастная психология. М., 1997. С.9-97. 
Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии // Под ред. 
И.И. Ильясова, В.Я. Ляудис. М., 1981. 
Чуприкова Н.И. Умственное развитие и обучение // Психологические 
основы развивающего обучения. М., 1996. 
 


118 
ІІІ БӚЛІМ 
ПЕДАГОГ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР –
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ СУБЪЕКТТЕРІ 
«Ҧлы ғалым мен жай орта мектеп 
оқушысы, қарама-қарсы жақтарда 
болғанмен де, екеуі де бір баспал-
дақта тҧр – тҧлғалық даму мен 
кемелдену; біреуі оның шыңында, 
екіншісі – ең тӛменде... бірақ екеуі де 
бірдей еңбектенеді – әрқайсысы ӛз 
ақылымен ӛз білгеніше ҥйренеді; 
олар – бір даланың жасаушысы, бірақ 
екеуі екі баста.
П.Ф. Каптерев. Дидактические 
очерки. Теория образования
1 тарау. Білім беру процесінің субъекттері 
 
§ 1. Субъект категориясы 
 
Субъект категориясының жалпы сипаттамасы 
 
Субъект категориясы философияда, әсіресе онтологияда негізгі 
орын алатыны белгілі (Аристотель, Декарт, Кант, Гегель). Ол қазіргі 
кездегі психологияда да ӛзіне ҥлкен назар аудартуда (С.Л. Рубинштейн, 
К.А. Абульханова-Славская, А.В. Брушлинский, В.А. Лекторский). С.Л. 
Рубинштейннің айтуынша «философияның (онтологияның) негізгі 
мәні... түрлі формалардағы субъектілерді, тіршілік ету тәсілдерін, 
қозғалыстың түрлі формаларын ашу» [193, 275 б.]. Мҧның ішіне іс-
әрекет субъектілерін қозғалыстың негізгі формаларының бірі ретінде 
ашып кӛрсету енеді. Білім беру іс-әрекетінің, яғни ӛзіне оның екі ӛзара 
байланысты – педагогикалық және оқу формаларын қамтитын іс-
әрекеттің субъекттерін талдау жалпы философиялық және нақты 
педагогикалық міндеттер арнасында жатыр. 
Жалпы философиялық позиция бойынша субъект сипаттамасы 
қандай? Осы сипаттамаларды С.Л. Рубинштейн бойынша келтірейік. 
Біріншіден, субъект категориясы әрқашан объект категориясымен 
сәйкестендіріледі. Осыған орай С.Л. Рубинштейн, болмысты танып 


119 
білуге, «болмыстың танымға ашылуына», осы «танылып отырған 
болмыстың» танып білушы адамға қатынасына екі ӛзара байланысты 
жақтарды қояды: 1) болмыс объективтік шындық ретінде, адам 
тарапынан саналы түсіну объектісі ретінде; 2) адамды болмысты 
танушы, ашушы, оның ӛзіндік сана-сезімін іске асырушы субъект 
ретінде» [193, 326 б.]. 
Екіншіден, танушы субъект, немесе «ғылыми таным субъектісі – 
бұл ӛзі танып отырған болмысты қоғамдық-тарихи қалыптасқан 
формаларда саналы түсінуші қоғамдық субъект» [193, 326 б.]. Осы 
жерде А.Н. Леонтьевтің жалпы субъективтік пен объективтік арасында 
қарама-қайшылық абсолютті емес деген қағидасын атап ӛту маңызды.
«Олардың қарама-қайшылықтары дамудан келіп туындайды, тіпті 
бүкіл оның даму барысында олардың арасындағы, «біржақтылықты» 
жоюшы, ӛзара ӛтулер сақталады» [111, 157 б.]. 
Ҥшіншіден, қоғамдық субъект іс-әрекетте де, нақты индивид 
болмысында да тіршілік қҧрып, жҥзеге аса алады.
Тӛртіншіден, «Мен» және басқа адам проблемасы мәселесін 
қарастыра отырып С.Л. Рубинштейн келесі жағдайға назар аудартады: 
«Мен» қандай да бір іс-әрекетті ҧйғарады, және керісінше, «ырықты, 
басқарылушы, саналы түрде реттелуші іс-әрекетті әрекеттегі адам 
(лицо), осы іс-әрекеттің субьектісі – берілге индивидтің «мені» тиісті 
ұйғарады» [193, 334 б.]. Бҧл қағида тек субъектінің ғана емес, сонымен 
қатар іс-әрекеттің ӛзінің де негізгі сипаттамаларының бірі ретінде 
болады. 
Бесіншіден, субъект – саналы әрекеттенуші – оның ӛзіндік сана 
сезімі – бҧл «ӛзін дүниені саналы түсінуші және оны ӛзгертуші 
тіршілік иесі ретінде түсіну, оның іс-әрекет процесінде әрекеттенуші 
субьект ретінде – практикалық және теоретикалық, сондай-ақ саналы 
түсіну іс-әрекетінің субъектісі ретінде түсіну» [193, 335 б.]. Бҧл 
анықтама С.Л. Рубинштейн теориясында «Адам ӛмір субъектісі 
ретінде» афоризмі формасын алады. 
Алтыншыдан, әрбір нақты субъект ӛзінің басқаға қатынасы 
арқылы танылады (мҧны тағы А. Смит, К. Маркс айна теориясында атап 
ӛткен, бҧл теория бойынша Петр деген адам Павелге айнаға қарағандай 
қарап, оның бағалауын қабылдай отырып, ӛзін-ӛзі бағалауды 
қалыптастырады). 
Жетіншіден, әрбір «Мен», жекеше де, қоғамдық та болғанымен, 
ҧжымдық субъект болып табылады. «Әрбір «мен», ол «мендердің» 
жалпылығы болғандықтан, ұжымдық субъект, субъекттер ынтымақ-
тастығы, «субъектер республикасы», тұлғалар ынтымақтастығы 


120 
болып табылады; бұлі «мен» іс жүзінде «біз» болып табылады» [193,
337 б.]. 
Субъектің сегізінші сипаттамасы іс-әрекет субъектінің осы іс-
әрекеттің ӛзінде ӛзі қалыптасып, жасалынатынында болып табылады, 
оның пән мазмҧнын ашудағы субъекттің ӛзін айқындап және анықтауы 
мҥмкін. С.Л. Рубинштейн бойынша «субъект ӛзінің істерінде, ӛзінің 
шығармашылық дербестік акттерінде тек ғана табылып және кӛрініп 
қоймайды; ол мұнда жасампаздалады және анықталады. Сондықтан 
оның не істегеніне қарап, оның кім екенін білуге болады; оның іс-
әрекетінің бағыты арқылы ӛзін анықтап және қалыптастыруға 
болады. Тек осыған ғана педагогиканың мүмкіншілігі жоқ дегенде, 
үлкен стильдегі педагогиканың мүмкіншіліктері сүйенеді» [35, 6 б. цит. 
бойынша].
Субъекттің тағы бір, тоғызыншы сипаттамасын атап ӛтейік, ол 
бейнелеу процесін гносеологиялық және ӛзіндік психологиялық 
талдаудан, «субъективтік» бейне категориясынан туындайды (А.Н. 
Леонтьев бойынша). А.Н. Леонтьев пікірінше танымда, шын бейнесінде 
ҥнемі белсенді субьект болады («қҧмарланған»), ол ӛзі орналасқан 
объект пен байланыстарды моделдейді. Іс-әрекеттің мотивтермен, 
эмоциялармен, субъект ҧстанымдарымен шарттастығының жалпы 
психологиялық тезисіне негізделе отырып, А.Н. Леонтьев бейнелеудің 
«қҧмарланғандығы» тҥсінігін оның іс-әрекет субъектіне тиістілігі 
ретінде енгізеді [112. 125-126 б.]. 
Субъект тҥсінігінен басқа – операционалдық – позициялардан келе 
отырып, Ж. Пиаже де белсенділікті оның жетекші сипаттамаларының 
бірі ретінде қарастырғанын айта кету маңызды. «Объект субъектке 
дайын күйде «берілмеген», ол тек соңғысы тарапынан жаңа білім 
құрылымында жаңғыртылады, оны ӛзі үшін «тұрғызатындай», тура 
сол сияқты субъект те ӛзіне ӛзінің барлық ішкі құрылымдарымен 
«берілмеген»; ӛзі үшін обьект ұйымдастыра отырып, субъект ӛзінің 
жеке операцияларын да конструциялайды, яғни ӛзін ӛзі үшін шындық 
қылады»  [104, 50 б.]. 
Ж. Пиаже бойынша, субъект ҥнемі қоршаған ортамен ӛзара 
әрекеттесуде болады; оған бейнелеудің функционалды белсенділігі тән, 
оның кӛмегімен субъект ӛзіне әсер етуші ортаны қҧрылымдайды. 
Белсенділік әрекеттерден байқалады, олардың арасында әр тҥрлі 
ӛзгертулер, объектілерді тҥрлендіру (орын алмастыру, комбинациялау, 
жою және т.б.) және қҧрылымдар жасау жетекші болып табылады. Ж. 
Пиаже, обьект пен субьект арасында қашанда, субъекттің алдыңғы 
ӛзара әрекеттесуі, алдыңғы реакциясы контексінде жҥретін ӛзара 


121 
әрекеттесу бар екеніне қатысты, педагогикалық психология ҥшін 
маңызды ойды атап кӛрсетеді. Ж. Пиаженің және бҥкіл Женева 
мектебінің осы позициясын талдай отырып, Л.Ф. Обухова келесі 
жағдайды атап ӛтеді: «стимул–реакция» формуласы, Ж. Пиаже 
бойынша, «стимул – субъект іс-әрекетін ҧйымдастыратын – реакция» 
ретінде болуы керек [150, 23 б.]. Басқаша айтқанда, әрекеттердің, іс-
әрекеттің және одан да кең мағынада – ӛзара әрекеттесу субъектісі,
объектпен ара қатынаста болып, ӛз тарапынан белсенді, жаңғыртушы 
және тҥрлендіруші бастама болып табылады. Бҧл әрқашан да 
әрекеттенуші болады [181, 5 тарау қараңыз]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет