И. А. Зимняя педагогикалық психология


Оқу міндеттерінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет106/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

 
Оқу міндеттерінің ерекшеліктері 
 
Е.И. Машбиц оқу іс-әрекетін басқару позициясы тҧрғысынан оқу 
міндетінің маңызды ерекшеліктерін бӛледі. Д.Б. Элькониннің ізімен ол 


192 
бірінші және неғҧрлым маңызды ерекшелігі субъекттің бағыттылығы 
деп есептейді, ӛйткені оны орындау «міндеттік қҧрылымның» ӛзінде 
емес, оны орындаушы субъектте ӛзгеріс болуын ҧйғарады. Міндеттегі
ӛзгерістің болуы ӛз бетінше мәнді емес, тек субъект ӛзгеруінің қҧралы 
ретінде мәнді. Басқаша айтқанда, оқу міндеті оқу мақсаттарына жету 
қҧралы болып табылады. Осы кӛзқарастан олардың ӛзі емес, ал 
оқушының белгілі бір әрекет тәсілін меңгеруі маңызды.
Оқу міндетінің екінші ерекшелігі оның біржақты еместігі немесе 
анықсыздығы. Оқушылар оқытушыға қарағанда міндетке басқаша мән 
беруі мҥмкін. Е.И. Машбиц айтуы бойынша «оқу міндетін толықтырып 
анықтау» [139, 106 б.] деп атаған бҧл қҧбылыс тҥрлі себептерге 
байланысты болады: міндет шарттарының анық-қанығына жете 
алмаудан, тҥрлі қатынастардың ығысуынан. Кей кезде ол субъекттің 
мотивациясына байланысты.
Оқу міндетінің ҥшінші ерекшелігі мынада, қандайда бір мақсатқа 
жету ҥшін бір емес бірнеше міндеттерді орындау қажет, ал бір міндеттің 
орындалуы оқудың тҥрлі мақсаттарына жетуге ҥлес қосуы мҥмкін. 
Сондықтан, қандай да бір оқу мақсатына жету ҥшін біршама міндеттер 
жинағы қажет, мҧнда әр міндет ӛзіне берілген орынды алады. Оқу 
міндеттеріне қойылатын психологиялық талаптарды толығырақ 
қарастырайық. 
Оқу міндеттеріне қойылатын психологиялық талаптар  
Оқу міндетіне оқытушы әсер ету ретінде қойылатын талаптар 
оның оқу іс-әрекетіндегі ерекше орнымен және оқу міндеттері мен оқу 
мақсаттарының арақатынасымен шартталған (Е.И. Машбиц). Міндет 
пен мақсат арасындағы арақатынас «міндеттер жинағы - кӛптеген 
мақсаттар» жҥйесінде қарастырылады, себебі оқу іс-әрекетінде бір ғана 
мақсат бірқатар міндеттердің орындалуын талап етеді, ал бір ғана 
міндет бірнеше мақсаттарға жету ҥшін қызмет етеді (оқу пәні бойынша 
міндеттердің жалпы саны 100 000 жуық). Осы жерден Е.И. Машбиц 
бойынша бірқатар талаптар туындайды: 
1. «Бір ғана жекеленген міндет емес, міндеттер жинағы 
құрастырылуы
 
керек». Айта кетейік, жҥйе ретінде қарастырылып 
отырған міндет неғҧрлым кҥрделі жҥйеде орналасады және де оның 
пайдалылығы жайлы оның осы жҥйедегі жағдайына байланысты айтқан 
жӛн. Осыған байланысты бір ғана міндет пайдалы да пайдасыз да болуы 
мҥмкін.  


193 
2.  «Міндеттер жүйесін құрастыру кезінде ол тек таяу ғана 
емес сондай-ақ оқшау оқу міндеттерге жетуді де қамтамасыз етуіне 
ұмтылу керек». Ӛкінішке орай, мектеп практикасында жақын 
мақсаттарға жетуге бастапқы назар аударылады. Оқу міндеттерін 
жобалаған кезде оқушы оқу мақсаттарының бағыныстылығын, 
жақынын да, алыстағысын да нақты елестете алу керек. Соңғыларына 
жету біртіндеп, мақсатты тҥрде, оқыту жҥйесінің меңгерілген 
қҧралдарын жалпылау жолымен жҥреді.  
3. «Оқу міндеттері оқу іс-әрекетін табысты жүзеге асыруға 
жеткілікті және қажетті құралдар жүйесін меңгеруді қамтамасыз 
етуі тиіс». Практикада, әдетте қҧралдар жҥйесінің кейбір элементтері 
ғана қолданылады. Ол бір міндеттер класының орындалуын ғана 
қамтамасыз етеді де, басқа міндеттер класын орындауға жеткіліксіз.  
4. «Оқу міндеті іс-әрекеттің сәйкес құралдары оқытудың 
тікелей ӛнімі ретінде кӛрінетіндей етіп құрылымдануы тиіс» [139, 
112-113 б.]. Кӛптеген зерттеушілер белгілегендей, оқушы ӛз әрекетінің 
тікелей ӛніміне енетін нәрсені жақсы меңгереді. Оқу міндеттерінің 
кӛпшілігінде, автордың бағалауынша, тікелей ӛнім ретінде атқарушы 
бӛлік болса, бағдарлау мен бақылау бӛлігі – қосалқы бӛлік ретінде 
болады. Тӛртінші талапты жҥзеге асыру оқушының ӛз әрекеттерін 
тҥсінуіне, яғни рефлексияға міндет қоюды ҧйғарады. Мҧндай міндеттер 
оқушыларға ары қарай оқу міндеттерін орындауда ӛз әрекеттерін 
жалпылауға кӛмектеседі. Бҧл жерде Е.И. Машбицпен келіспеуге 
болмайды, яғни, ғалымдар рефлексияға кӛп кӛңіл бӛлгенмен де, іс 
жҥзінде, мҧғалімде міндеттерді орындау барысында оқушылардың 
рефлексиясын реттеу қҧралдары жоқ. Сонымен бірге, келесілер атап 
ӛтіледі: оқушылар оқу міндеттерін орындай отырып ӛз әрекеттерін 
саналы тҥрде атқарып және бақылап отыруы ҥшін, олар міндетті 
орындау қҧралдары мен қҧрылымы жайлы нақты мәлімттенген болуы 
керек. Ондай мәліметті олар мҧғалімнен бағдардың қатарланған жҥйесі 
тҥрінде алулары тиіс.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет