И. А. Зимняя педагогикалық психология


Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекеттер мен операциялар



Pdf көрінісі
бет109/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекеттер мен операциялар 
 
Оқу әрекеттерін талдауда олардың операциялар деңгейіне ӛтуі 
маңызды болып табылады. А.Н. Леонтьев бойынша, операциялар – бҧл 
ӛз мақсаты кӛрсетілген белгілі бір шарттарға жауап беретін әрекеттер 
тәсілі. Оқытудағы саналы мақсатқа бағытталған әрекет кӛп рет 
қайталана отырып, басқа неғҧрлым кҥрделі әрекеттерге қосыла отырып, 
біртіндеп оқушының саналы бақылау объекті болудан қалады да,
неғҧрлым кҥрделі әрекеттерді орындау тәсіліне айналады. Бҧлар 
операцияға айналған бҧрынғы саналы әрекеттер, аталмыш саналы 
операциялар. Мысалы, шет тілін меңгеруде ана тіліне ҥйреншікті емес 
дыбысты ауызша айту (артикуляциялау) әрекеті (мысалы, орыс тілі 
ҥшін таңдаймен, мҧрынмен шығаратын дыбыстар) жеткілікті тҥрде 
қиын болып табылады. Ол мақсатты, саналы тҥрде тәсілі мен іске асыру
орны бойынша қадағаланады, оқушының ерік-жігер кҥшін талап етеді. 
Осы әрекетті ӛңдеу мӛлшеріне байланысты айтылған дыбыс буынға, 
сӛзге, сӛз орамына 
енеді. Оны айту әрекеті автоматтандырылып, 
санамен қадағаланбайды, сана іс-әрекеттің басқа одан да жоғары 
деңгейлеріне бағытталады және басқа әрекеттерді орындау тәсіліне 
айнала отырып, «фондық автоматизм» деңгейіне ӛтеді (Н.А. 
Бернштейн).
Қарапайымдалған әрекет басқа, неғҧрлым кҥрделі әрекеттерді 
орындау шартына айналады және операциялар деңгейіне, яғни сӛздік іс-
әрекетті орындау техникасына ӛтеді. Бҧл жерде операцияларды басқару 
оның фондық деңгейімен жҥзеге асады. Н.А. Бернштейн бойынша 
қозғалыстың техникалық компоненттерінің тӛменгі, фондық шарттарға 
ауысу процесі әдетте, жаңа қозғалыстық дағдылардың ӛндірілуі 
ҥрдісінде қозғалыстардың автоматтандырылуы болып табылады және
басқа афферентацияға ауысу мен белсенді зейіннің жеңілдетуімен 
тығыз байланысты. Әрекет деңгейінен операцияларға ӛту, оқытуды 
технологизациялаудың негізі екенін айта кету керек.
«Саналы» операциялармен қатар, іс-әрекетте бҧрын мақсатқа 
бағытталған әрекетер ретінде саналанбаған операциялар да бар. Олар 
ӛмірлік іс-әрекеттің белгілі бір шарттарына бейімдену нәтижесінде 
пайда болған. А.Н.Леонтьев бҧл операцияларды баланың тілдік дамуы 
ҥлгісі ретінде кӛрсетеді – оның айтудың грамматикалық ӛңдеу 
тәсілдерін ҥлкендердің сӛздік қарым-қатынас нормаларына интуитивті 


199 
бейімделуі.
Бала бҧл әрекеттерді
саналамайды, соның салдарынан олар 
тиісті тҥрде анықталмайды. Сондықтан, оның ӛзінің ішкі тҥйсікпен 
еліктеуі нәтижесінде қалыптасушы операцияларының мәні - ішкі, 
интеллектуалдық әрекеттері. Олар дамыту немесе оқытуда пайда 
болатын сыртқы заттық саналы әрекеттердің (Ж. Пиаже, П.Я. 
Гальперин) интериоризациясының нәтижесі болуы мҥмкін немесе 
психикалық ҥрдістердің операциялық жақтарын кӛрсетуі мҥмкін: ойлау, 
ес, қабылдау. С.Л. Рубинштейн бойынша, «ойлау іс-әрекетінің 
құрылысын анықтайтын және оның ағымын шарттайтын 
операциялар жүйесі осы іс-әрекет үрдісінде ӛзі қалыптасады, 
түрленеді және бекітіледі» және ары қарай «...алдында тұрған 
міндетті орындауда ойлау түрлі операциялар кӛмегімен жүреді. Бұл 
операциялар ой үрдісінің әртүрлі ӛзара байланысты және бір-біріне 
ӛтетін жақтарын құрастырады». Мҧндай операцияларға С.Л. 
Рубинштейн салыстыруды, талдау, синтез, абстракция, жалпылау-ды 
жатқызады. Айта кетейік, сәйкес ішкі ақыл-ой операциялары 
қабылдаудың (В.П. Зинченко), естің (П.П. Блонский, А.А. Смирнов, 
В.Я. Ляудис) және басқа психикалық процестердің қҧрылысын 
анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет