И. А. Зимняя педагогикалық психология


Оқу әрекеттерінің түрлері



Pdf көрінісі
бет110/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Оқу әрекеттерінің түрлері 
Оқу әрекеттері тҥрлі кӛзқарас, тҥрлі позициялар тҧрғысынан 
қарастырылуы мҥмкін: субъекттік-іс-әрекеттік, пәндік - мақсаттық; іс-
әрекет пәніне қатынас (негізгіг немесе қосымша әрекет); ішкі немесе 
сыртқы әрекет; ішкі ақыл-ой, интеллектуалдық әрекеттердің 
психикалық процестер бойынша ӛзгешеленуі; ӛнімділіктің ҥстемдігі 
және т.б. Басқаша айтқанда, әрекеттің әртҥрлілігінен жалпы және оқу 
іс-әрекетінің бар алуан тҥрлілігі бейнеленеді. Олардың негізгі тҥрлерін 
қарастырайық. 
Оқытудағы іс-әрекет субъекті позициясынан ең алдымен, 
мақсатты ҧйғару, бағдарлама жасау, жоспарлау әрекеттері, орындау 
әрекеті, бақылау әрекеті (ӛзіндік бақылау), бағалау (ӛзіндік бағалау) 
бӛлінеді. Олардың әр қайсысы оқу іс-әрекетінің белгілі бір кезеңімен 
сәйкестендіріледі және оны жҥзеге асырады. Осылайша, кез-келген іс-
әрекет, мысалы тапсырманы орындау, мәтінді жазу, шығару, мақсатты 
«не ҥшін», «қандай мақсатпен мен оны жасаймын» деген сҧрақтарға 
жауап ретінде саналы тҥсінуден басталады. Бірақ сҧрақты осылайша 
қою, жауаптарды табу және осы шешімге ӛз мінез-қҧлқын бағындыру
әрекеттердің кҥрделі жиынтығы болып табылады. Мінез-қҧлық 


200 
жоспары мен қҧрылымын қарастыра отырып, Ю. Галантер, Дж. Миллер, 
К. Прибрам мінез-қҧлықтың жалпы жоспарын ӛндірудің маңыздылығын 
атап кӛрсеткен, яғни мінез-қҧлықтық актілердің
сипаты мен бірізділігін 
саналаудың белгілі бір ақыл-ой әрекеттерінің жиынтығын кӛрсеткен. 
Орындау әрекеттері мақсатты ҧйғару, жоспарлау, бағдарлама жасау 
тәрізді ішкі әрекеттерді жҥзеге асырудың мәні, сыртқы әрекеттер 
болып табылады. Іс-әрекет субъекті бір мезгілде оның процесі мен 
нәтижесін ҥнемі бағалау және салыстыру, тҥзету әрекеттері формасында 
бақылауды жҥзеге асырып отырады. Оқушының бақылау және бағалау 
әрекеттері – мҧғалімнің сыртқы интерпсихологиялық әрекеттеріне 
айналуына байланысты жеке қарастырылады.
Оқу іс-әрекетінің пәні позициясы тҧрғысынан онда қайта 
тҥрленуші, зертеуші әрекеттерге бӛлінеді. Оқу іс-әрекеті терминдерінде 
(Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, А.К. Маркова) оқу әрекеттері «меңгеру 
затының қасиеттерін ашу ҥшін баланың объектіні белсенді тҥрлендіруі» 
ретінде жасалады. Сонымен бірге, зерттеушілердің кӛрсетуі бойынша 
бҧл әрекеттер екі тҥрде болуы мҥмкін: «1) жеке (ерекше) материалдағы 
жалпылама, генетикалық бастапқы
 
қатынасты
 
анықтау үшін оқу 
әрекеті және 2) бұрын анықталған жалпылама қатынастың 
нақтылық дәрежесін анықтау үшін оқу әрекеті».  
Теоретикалық білімдер оқу іс-әрекетінің пәні ретінде В.В. 
Давыдов бойынша мазмҧнды жалпылауға бағытталған зерттеушілік-
қайта жаңғыртушы әрекеттер кӛмегімен меңгеріледі және оқушы ҥшін 
«қандай да бір тұтастың ортақ негізі бар ерекше және жекеленген 
құбылыстардың қажетті ӛзара байланысын, кейбір заңдылықтарын 
ашу, осы тұтастың қалыптасу заңдылығын, ішкі бірлігін ашу» тәсілі 
ретінде қызмет етеді.
Оқушының психикалық іс-әрекетіне ара қатынаста жоғарыда 
кӛрсетілгендей, ойлау, перцептивті, мнемикалық әрекеттерді бӛледі, 
яғни субъекттің ішкі психикалық іс-әрекетін қҧрайтын интеллектуал-
дық әрекеттер, олар ӛз кезегінде іс-әрекеттің (С.Л. Рубинштейн), 
қарастырып отырған жағдайда – оқу іс әрекетінің ішкі «интегралдық 
бӛлігі» болып табылады. Олардың әрқайсысы одан да ҧсақ әрекеттерге 
ыдырап бӛлінеді (белгілі бір жағдайда – операцияларға). Мысалы, ой 
әрекеттері (немесе логикалық) ең алдымен салыстыру, талдау, синтез, 
абстракциялау, жалпылау, жіктеу және т.б. операцияларды қамтиды. 
Сонымен қатар С.Л. Рубинштейн атап кӛрсеткендей, «...бұл 
операциялардың барлығы ойлаудың негізгі операциясының жақтары 
болып табылады – «жанамалау», яғни неғұрлым мәнді объективті 
байланыстар мен қатынастарды ашу. С.Л. Рубиншетйн атап кӛрсетеді: 


201 
«ойлау үрдісі саналы түрде реттелетін интеллектуалдық операциялар 
жүйесі ретінде жүзеге асады. Ойлау осы үрдіс кезінде пайда болған әр 
ойды, соны шешу үшін бағытталған міндетпен, оның шарттарымен 
теңестіреді, салыстырады. Осылайша, жасалатын тексеру, сын, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет