И. А. Зимняя педагогикалық психология


§ 2. Педагогикалық іс-әрекет мотивациясы



Pdf көрінісі
бет143/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

§ 2. Педагогикалық іс-әрекет мотивациясы 
Педагогикалық мотивацияның жалпы сипаттамасы
Педагогикалық іс-әрекеттің маңызды компоненттерінің бірі оның 
мотивациясы болып табылады. Педагогикалық іс-әрекетте де оқу іс-
әрекетіндегі сияқты мотивациялық бағдарланулар ажыратылады (IV 
бӛлім, 2 тарау қараңыз). Олар ішкі тҥрткілер, мысалы жетістік тҥрткісі 
және ішкі тҥрткілер, мысалы ӛз іс-әрекетінің процесі мен нәтижесіне 
бағдарлану. Белгілі бір оқу орнындағы жҧмыс істеу беделділігінің 
сыртқы тҥрткісі мен еңбекақысының сәйкестілік тҥрткісі кӛбінесе 
тҧлғалық және кәсіби ӛсу, ӛзін-ӛзі жігерлендіру тҥрткілерімен 
теңестіріледі. Сонымен қатар, бала мен ересек адамның ӛзара 
әрекеттесуінің ерекше формасы ретінде педагогикалық іс-әрекетте 
ҥстемдік немесе билік тҥрткілері сияқты бағдарланудар пайда болады. 
Педагогикалық қабілеттерді зерттеушілердің бірі Н.А. Аминов [5] 
бойынша, билік тҥрткісінің педагогикалық іс-әрекетке қандай қатынасы 
бар екенін кӛрсету ҥшін алдымен Г.А. Мюррейдің кӛзқарасына тоқталу 
қажет, ол сонау 1938 жылы билік тҥрткісіне ҥстемділікке қажеттілік 
деген анықтама берген [154, 60-69 б. қараңыз]. Г.А. Мюррей 
ҥстемділікке қажеттіліктің негізгі қағидаларын және оған сәйкес 
әрекеттерді бӛлді. Ҥстемділікке қажеттіліктің белгілері немесе әсерлері
келесі қалаулар болып табылады: 
- ӛзінің әлеуметтік қоршаған ортасын қадағалап отыру; 
- басқа адамдардың мінез-қҧлқына әсер ету және оған ақыл-кеңес 
беру, еріксіз қызықтыру, сендіру немесе бҧйыру арқылы бағыттап 
отыру; 
- басқаларды ӛз қалаулары мен сезімдеріне сәйкес жҥруге 
итермелеу;
- олардың қызметтестігіне қол жеткізу;
- ӛзінің дҧрыстығына басқалардың кӛзін жеткізу.
Н.А. Аминов, сонымен қатар, осы қалауларға белгілі-бір 
әрекеттердің сәйкестілігін атап кӛрсетеді, олар Г.А. Мюррей бойынша 
келесі тҥрде топтастырылған: 


251 
- кӛндіру, басшылық ету, сендіру, реттеу, ҧйымдастыру, басқару, 
билеу, қадағалау; 
- бағындыру, билеу, 
қожалық ету, қҧқын шектеу, 
шарт қою, сӛгу, 
заң орнату, нормаларды енгізу, мінез-қҧлық ережелерін қҧру, шешім 
қабылдау; 
- тыйым салу, шек қою, қарсылық кӛрсету, ҥгіттеу, жазалау, 
еркінен айыру;

сҥйсіндіру, табындыру, 
ӛзін тыңдауға мәжбҥр ету, еліктеушілерді 
табу, мода қою.
Билік феноменін тҥсіндіру теориясын талдау материалдары 
бойынша (А. Адлер, Д. Картрайт, Дж. Френч, В. Равен, Д. Мак-
Клелланд және т.б.) Н.А. Аминов А. Адлердің тҧлғалық дамудың 
жетекші тҥрткілері кешенінде кемеліне жету, артықшылық пен 
әлеуметтік билікке деген ҧмтылудың ерекше рӛлі жайлы тезисінің 
маңыздылығын растайды. Н.А. Аминовтың пікірі бойынша оқу-
педагогикалық процестегі билік ресурстарын талдау ҥшін оның пайда 
болу кӛздерінің Дж.Френч пен В. Равен ҧсынған жіктелуі аса 
қызығушылық тудырады. Бҧл жерде маңыздысы, билік тҥрткілерінің 
кейбір тҥрлері (сый беру, жазалау), бҧрын кӛрсетілгендей, К. Хекхаузен 
бойынша жетістік мотивациясының екі жағының кӛрінуінде. Н.А. 
Аминов (1990) сҥреттеп кӛрсету ҥшін мҧғалімнің педагогикалық 
әрекеттерімен байланысты билік тҥрткілерінің келесі тҥрлерін келтіреді.
1. Сый беру билігі. Оның кҥші ҥмітімен анықталады, яғни А 
(мҧғалім) 
қаншалықты 
Б 
(оқушының) 
тҥрткілерінің 
бірін 
қанағаттандыра алады және А қаншалықты осы қанағаттануды ӛзі ҥшін 
қалаулы Б мінез-қҧлқынан тәуелді қыла алады.
2. Жазалау 
билігі. Оның кҥші Б (оқушының) ҥмітімен
анықталады, біріншіден, А (мҧғалім) қаншалықты мӛлшерде оны А 
ҥшін жағымсыз қандай да бір тҥрткінің фрустрация әрекеттерімен
жазалауға қабілетті және екіншіден, қаншалықты А тҥрткінің 
қанағаттанбауын Б-ның жағымсыз мінез-қҧлқынан тәуелді қыла алады.
3. Нормативтік билік. Бҧл жерде Б (оқушы) интериоризациялаған 
нормалар туралы сӛз болып отыр, оған сәйкес А (мҧғалім) мінез-
қҧлықтың ережелерінің орындалуын бақылауға және қажет болған 
жағдайда олардың орындалуына талап ету қҧқығы бар.
4. Эталон билігі. Ол Б (оқушының) сәйкестілігі мен Б-ның А-ға 
ҧқсас болу тілегіне негізделген.
5. Білгіш билігі. Оның кҥші А (мҧғалімге) оқытылатын пән 
бойынша ерекше білімдердің, ішкі тҥйсіктің немесе сол пән шеңберінде


252 
оқу дағдыларын мҧғалім меңгерген деген Б (оқушы) тарапынан 
туындаған ойдың ауқымына байланысты. 
6. Ақпараттық билік. Ол А (мҧғалім) қолында Б (оқушыны) мінез-
қҧлқының салдарын мектепте немесе ҥйде жаңаша кӛруге мәжбҥр ете 
алатын ақпарат болған жағдайларда ғана орынды.
Мак-Клелланд бойынша билікпен мотивтендірілудің жастық 
сатылылығы да қызықты болып кӛрінеді. Билікке деген осы кӛзқарасты 
талдай отырып, Н.А. Аминов атап кӛрсетуінше, Мак-Клелланд билікпен 
мотивтендірілудің дамуының тӛрт сатысын (ассимиляция, автоном-
дылық, ӛзіндік бектіту және продуктивтілік) бӛліп ғана қойған жоқ, 
сондай-ақ олардың әрқайсысына жастық даму контекстінде тҥсінік 
берді. Мысалы, бірінші сатының негізі («Маған бір нәрсе кҥш береді») 
ана мен бала қатынасы болып табылады. Билікке бағдарлану 
тҧрғысынан одан кейінгі жылдары ол қолдап, қорғап, дем беріп, 
жігерлендіре алатын, яғни индивидтің ӛз кҥшін тҥйсінуін ҧлғайта 
алатын адамдармен қатынасты білдіреді. Екінші саты («мен ӛзіме ӛзім 
кҥш беремін») балалықтың орта кезеңіне жауап береді, ол анадан 
тәуелсіздік алумен және ӛз мінез-қҧлқын қадағалаудың ӛсуімен 
байланысты. Ҥшінші саты («Мен басқаларға әсер етемін») жеткіншекті 
сипаттайды, ол ҥшін беделдер ӛмір сҥруден қалған, оның ҥнемі достары 
ауысып отырады, оның жарысқа қатысуы басқа адамдардан артық болу 
мҥмкіндігімен анықталады. Тӛртінші саты («Мен ӛз парызымды 
орындағым келеді») ересек қалыпқа, яғни ӛз ӛмірін қандай да бір іске 
немесе белгілі бір әлеуметтік топқа қызмет етуге арнайтын кемелді 
адамға ҥйлеседі. 
Әрине, педагогикалық іс-әрекет мотивациясын талдау ҥшін билік 
тҥрткісінің дамуының соңғы сатысы неғҧрлым қызықты болып келеді. 
Н.А. Аминов арнайы атап кӛрсеткендей, педагогикалық іс-әрекетті 
таңдаудың мотивациялық негізінде билік тҥрткісі қашанда басқалардың 
игілігіне бағдарланған (білім арқылы кӛмек). Бҧл педагогикалық іс-
әрекеттің табыстылығын болжау ҥшін де маңызды. Кӛмек кӛрсетудің, 
қамқорлықтық (просоциалды) мінез-қҧлықтың астарында, Н.А. Аминов 
бойынша, басқа адамдардың ырыстылығына мақсатты бағытталған кез-
келген әрекеттер тҥсініле алынады. Бҧл позиция,
басқа негізде
тҧжырымдалған және басқа терминдермен білдірілсе де, оқыту 
мотивациясының гуманистік тҥсініктемесімен ҥндес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет