333
әрекеттеседі, бірақ теоретикалық тҧрғыдан талдау мақсатында
әрқайсысының әрекеті жеке қарастырылуы мҥмкін.
Қиындықтардың этно-әлеуметтік саласы
Осы аймақтағы қиындықтар
этникалық сана ерешеліктерімен,
адам санасының, оның әлеуметтік және мәдени дамуының нақты
жағдайларындағы қарым-қатынасында кӛрінетін қҧндылықтарымен,
таптаурындарымен, ҧстанымдарымен байланысты. Әдетте, қарым-
қатынас субъекттерінің этно-мәдени ерекшеліктерінен туындаған
қиындықтарды адамдар солай болуы тиіс деп қабылдайды. Сонымен
бірге, әр іс-әрекет субъекті, белгілі-бір
менталитеттің тасушысы
ретіндегі қарым-қатынас серігі және адам ретінде оның ойлауы, Л.В.
Щерба дәл айтқандай, ана тілінің формасы бойынша «қҧйылған» (осы
ойды В. Гумбольд та білдірген) адам ретінде ӛзі соның ӛкілі болып
табылатын халыққа тән нормаларға, дәстҥрлерге, дҥние және
дҥниетаным бейнесіне сәйкес басқа адамдармен ӛзара әрекеттесетіні
айқын. Осы тҧрғыдан ресейлік педагогтың қарым-қатынас сипаты, оның
оқушыларға деген ынталы, қамқорлы қатынасы жеткілікті тҥрде
кӛрнекті болып табылады. Мҧндай қатынас оларда әсіресе,
жеткіншектер мен жоғарғы сынып
оқушыларында наразылық
тудырады, олар соңғы он жылдықта қарым-қатынастың неғҧрлым
іскерлік, ҧстамды стиліне бағдарлана бастады. Осы жерде қиындықтар
пайда болады, оның себептерінің бірі ресейлік педагогтың ӛзінің этно-
әлеуметтік мәдениетінде болуы мҥмкін.
Н.А. Бердяев атап кӛрсеткендей,
«...орыстармен араласу
қиындығы француздармен араласу қиындығына қарағанда мүлдем
бӛлек. Орыстар дүние жүзіндегі ең ашық халық... Орыстарда
шарттылықтар жоқ, ара қашықтық ұстау жоқ, аса жақын
қатынастары жоқ болса да адамдарды жиі кӛріп тұруға, жүрегін
ақтару, біреудің ӛміріне араласу және ӛз ӛміріне араластыру, идеялық
сұрақтар бойынша шексіз дау жүргізу қажеттілігі бар... Орыстар
категорияларды, ӛтілмейтін шекараларды, ортақ ӛмірдің айқын және
күрт байқалатын формаларын, түрлі мәдени салалар мен
мамандықтар бойынша саралап жіктеуді мойындамайды. Әрбір
шынайы орыс адамын ӛмір мәні жайлы сұрақ қызықтырады және
оның мәнін іздеу үшін басқалармен қарым-қатынасты іздейді. Бірақ
орыстар ортасында қарым-қатынасты неғұрлым жеңілдететін
сапалармен бірге үлкен кемшіліктер де бар. Орыстар басқа адам
тұлғасына ӛте жеңіл нұқсан келтіреді,
ренжітетін нәрселерді
334
айтады, дӛрекі болады, әрбір тұлға құпияларын шамалы силайды.
Орыстар намысқой, басқалардың намысына тиеді және ӛздерінің
намыстарына да тиіп жатады. Ойларды талқылағанда тұлғалық,
жеке
басқа қатысты жағдайларға оңай ӛтіп кетеді де сіздің
ойларыңыз жайлы емес, сіз туралы және сіздің кемшіліктеріңіз жайлы
айтады. Олар сіздің ойыңызды қарастырудан оларды сізден
адамгершілікті тұрғыдан талап етуге жеңіл ӛтіп кетеді»
[22, 282 б.].
Қиындықтардың осы саласы кӛбінесе қарым-қатынастың
интенциясының ӛзін, оның сарыны, стилін жеткілікті толық тҥсінбеуден
айқындалады. Этно-әлеуметтік мәдени сала ерекшеліктері қарым-
қатынас этикетін сақтауда да бірқатар қиындықтарды тудырады.
Мысалы, орыс мәдениетінде оқушы, әдетте, мҧғалімге қарап тҧрып
жауап берсе, бірқатар тҥркі халықтарында, мысалы якуттерде, ҥлкенге,
Мҧғалімге тура қарауға болмайды – бҧл оны сыйламау. Мҧндай мінез-
қҧлық қарым-қатынасты қиындатып қана қоймай оны доғаруы мҥмкін.
Қарым-қатынастың осындай этно-әлеуметтік
мәдени шарттылығында
вербалды емес қҧралдар ҥлкен рӛл атқарады – мимика, қол қимылы,
тҧрыстар, оларды дҧрыс «оқу» араласушылардың сәйкес ӛзара тҥсінуі
мен ӛзара әрекеттесуінің кепілі.
Этно-әлеуметтік мәдени саламен байланыстырылатын қарым-
қатынас қиындықтарын жеңуге болады, яғни, егер де олардың
ӛзгешелігі педагог тарапынан рефлексияланған болса (тҥсінілген және
қабылданған), егер де ол ӛз қарым-қатынасын, нақты білім беру
жҥйесімен, нақты білім беру мекемесімен ҧйғарылған конвенционалдық
қатынастар шегінде
тәртіпке келтіре отырып, қадағалай алса, онда
жеңуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: